Воскресенье, 07.12.2025, 07:56
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 11
Гостей: 11
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Әзілдер
« 1 2 ... 5 6 7 8 9 10 »
-Қымбаттым, гүл-гүл жайнап кеттің ғой, қазір қалайсың өзің?
-О..! Мен қазір есімнен тана жаздап шаттанып отырмын, мұндай күйді бұрын-соңды басымнан өткеріп көргенім жоқ!
-Онда "мөлдіріңнен" тағы да құй!

Жедел қоңырау
"Жедел жәрдемге" біреу алқына қоңырау соғып:
-Ойбай-ай, көмектесе көріңіздер! Менің әйелімнің толғағы басталды!-деді.
-Өтініп сұраймын, соншама абыржымаңыз! Бұл оның бірінші баласы ма?
-Жоқ, бұл сөйлеп тұрған оның күйеуі.
Категория: Әзілдер | Просмотров: 830 | Добавил: модератор | Дата: 27.11.2010

Бір үйде төр алдында қонақ жігіт отырады. Есіктен екі-үш ақсақалды кісі кіріп  келіп, төрге шығады. Қонақ жігіт ығысып төмен жылжып отырады. Сәлден кейін тағы да екі үш адам кіріп келеді.
-Төрлет, төрлет,-деді үй иесі.
Соңғы келген қонақтар да төрге шығып, бұрынғы қонақты есік жаққа қарай ығыстыра береді. Тағы да біреулер келеді. Ақырында қонақ жігіт ысырыла-ысырыла босағадан бір-ақ шығады. Осы кезде ала мойын көк күшік есіктен басын қалтитып қарап тұр екен. Қонақ жігіт оны мойнынан ұстап алып:
-Төрлет, төрлет, күшігім,-деп төрге қарай сүйрейді. Сонда үй иесі басты қонақтың есіктің алдына шығып қалғанын байқап, кешірім сұрап, төрге отырғызыпты.
Категория: Әзілдер | Просмотров: 952 | Добавил: модератор | Дата: 21.11.2010

Бір қомағай қонақта отырып тамақты өте көп ішіп-жепті. Үйіне келген соң, мешкей күпті болып ауырып қалыпты. Көршісі келіп:
-Саған не боп қалды?-деп сұрайды.
-Қонаққа барған едім. Асты көбірек жеп жіберсем керек,-дейді. Сонда көршісі:
-Ас біреудікі болғанмен, қарын өзіңдікі екенін ойламадың ба?-депті.
Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелерінен

Категория: Әзілдер | Просмотров: 1004 | Добавил: модератор | Дата: 15.11.2010

Қоңырау
"Жедел жәрдемге" шұғыл қоңырау түсті:
-Құтқарыңыздар менің әйелімнің толғағы жанын қоярға жер тапқызбай жатыр!
-Қатты мазасызданбаңыз. Бұл оның бірінші баласы ма?
-Жоқ, мен оның күйеуімін.

Ақырын ғана
Электрик Сидоров бағана үстінен құлап қалды да мәдениет талабын сақтап ақырын ғана боқтанды.

Шаттық
-Сәулем, қазіргі көңіл күйің қалай?
-О…! Айтпа, мұндай шаттыққа бөленіп көргенім жоқ, тамаша!
-Онда тағы да құйып қой! ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 1030 | Добавил: модератор | Дата: 28.10.2010

Қазақтың намазды жаңа үйреніп жүрген кезі болса керек, біреу намаз оқып отырып, екі жағына қарап сәлемдесетін сөзді ұмытып қалыпты. Намазын бөліп:
-Қатын, осы ауылға келіп жүретін бақалшы татардың аты кім еді?-депті.
-Әлгі Рахматулланы айтасың ба?
-Ие, ие, сол қу,-деп, намазын жалғастырып күбірлеп оқи беріпті.
Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелерінен

Категория: Әзілдер | Просмотров: 896 | Добавил: модератор | Дата: 28.10.2010

Саңырауқұлақ
Саңырауқұлақтың қолыңа алған түрін жеуге бола ма, жоқ па-мұның анығын білу үшін орманға екі кісі болып барғандарың жөн. (Екеуінің біреуі уланса белгілі болып шығады)

Никотин
Егер сіздер никотиннің әйел дауысына ешқандай ықпалы болмайды деп ойласаңыз, онда темекіңіздің отты күлін зайыбыңыздың тәуір кілеміне шертіп жіберіңіз.

Таңдау
-Қандай тамаққа тапсырыс бересіз?
-Мен анау терезе тұсына жайғасқан еркектің жеп отырған тамақтарын жер едім.
-Жарайды, мен барып сұрап көрейін, бірақ ол сізге оларын бере қоймас деп ойлаймын.
Категория: Әзілдер | Просмотров: 936 | Добавил: модератор | Дата: 19.10.2010

-Дәрігер, тісімді қалай дұрыс сақтасам екен?
-Тамақ ішкен соң жақсылап тазалаңыз, сонан соң аузыңыз құлыпталғандай ылғи жабық болсын.

Дәрігер практикантқа:
-Жазыңыз: Бас сүйегі қатты зақымданған…
-Мұндайда бас сүйегі сынып, мыйы шайқалған демеуші ме еді?
-Мынада мый жоқ, мыйы болса, әйелінің туған күні мерекесіне көңілдес болып, махаббат ойнап жүрген қатынын алып келмес еді.

Екі еркек ойларында жоқта кездесіп қалады. Сонда біреуі екіншісінен: "әйеліңнен ажырасқанда өзіңді қалай сезіндің? Қатты күйзелген шығарсың?" дейді.
Сонда ананың жауабы:
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 959 | Добавил: модератор | Дата: 08.10.2010

-Жалаңаяқ жүрген пайдалы деседі.
-Олары рас. Мен таңертең бәтеңкемді киген күйі оянған шақтарымда басым сұмдық ауырады...


Ұят қысып мазасыздансаң, саған көмектесетін бір амал бар. Ол-«арақтан жасалған компресс».

-Аркаша, маған тіліңді көрсете беретініңді тоқтат, өйтпесең ауырып қаласың.
-Неменемен?
-Шықшытың бұзылады, мыйың шайқалады.

-Өмір дегенің біртүрлі болып сұрғылттанып кетті.
-Е, неге?
-Кеше ақша жоқ еді, бүгін тағы жоқ.
Категория: Әзілдер | Просмотров: 900 | Добавил: модератор | Дата: 26.09.2010

Көшеде
Көшеде бір әйел такси тоқтатып:
-Перзентханаға,-десе керек.
Таксист жын құйғандай жүйтки жөнелген екен, әйел:
-Қатты асықпай-ақ қойыңыз, мен ол жерде тек жұмыс істеймін,-депті.

Бал жеу керек
Хайуанаттар бағында аю мен бегемотты қатар орналастырыпты. Бегемот өзіне қарап қалған сайын аю «Паһ, шіркін!», «О-Һо!», «Ғажап!» деп басын шайқай берсе керек. Әрі-беріден соң әбден қысылған бегемот:
-Не болды саған, сонша тамсанып?-деп сұрапты.
Сонда аю:
-Қайран қор болған ауыз-ай, мұнымен тек бал жеу керек қой!-депті.

Шабадан
Әйел деген чемодан сияқты. Алып жүру ауыр. Тастап кетуге қимайсың.

Қамқоршылын...

Күйеуі әйелінің базардан ауыр сөмкемен үйге оралғанын көріп:
-Қымбаттым, сенің жасыңа келген әйелге мұндай ауыр зат көтеруге болмайды,-депті.
-Енді не істе дейсің?
-Екі рет барып келсең де болады ғой.
Категория: Әзілдер | Просмотров: 984 | Добавил: модератор | Дата: 01.09.2010

От алмай жатыр
-Жолдас полковник! Мәшинеміз от алмай жатыр.
-Түк етпейді! Кеттік, сонан кейін от алдырасың!

Өрт
Монша өртеніп жатты. Өрт сөндірушілер оның жанына асығыс келсе, моншаның қасында қарқылдап күліп бір еркек тұр:
-Ағайындар, кешігіп қалдыңдар,-дейді әмбе.
-Кешігіп қалғаның не, монша әлі өртеніп жатыр емес пе?
-Моншаның өртеніп жатқаны рас-ау, бірақ жалаңаш әйелдердің бәрі ілезде жан-жаққа қашып кетті қазірдің өзінде!

... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 1116 | Добавил: модератор | Дата: 19.08.2010

Термометрді тексеру…
Ауруханаға термометрлерді тексеру үшін қалыпты температурасы үнемі 36,6 болып тұратын кісілер қажет.


Сот шешімі
Сот шешімін жариялады-25 жыл.
Кінәлі: Мұныңыз не деген сұмдық. Менің жасым 83-те!–деп быжалақ қақты.
Сондағы соттың мейірбандықпен берген жауабы:
-Біз Сізден мүмкіндігіңізден тыс нәрсені талап етпейміз, қанша отыра аласыз, сонша отырасыз түрмеде!


Темекінің зияндылы
Темекі шегудің зияндылығын тағы көрдім! Сигаретімді тартып алайын деп асүйге кірсем, әйелім көже істей бастапты: Картоп аршуға тура келді.

Қонақтарға кеңес:
-"Ал енді сау болыңыздар" деп қана қоймай, сол үйден тезірек шыққандарыңыз жөн.
Категория: Әзілдер | Просмотров: 988 | Добавил: модератор | Дата: 23.07.2010

Мен кішкентай кезімде еркекшора болып өстім. Екі бұтымның ортасына ұзын таяқты қысып алып, ауылдың ана басынан мына басына шыққанымша жолымдағылардың бәрін ойрандатып өтетінмін.
Бір күні бет-аузымның бәрі қап-қара шаңға толы, үйге жетіп кірсем, керуетте өзіммен тетелес өскен жиен інім жатыр. Оның әкемнің төсегіне жатып алғанын қызғанып, "тұр да тұр" деп төпештей бастаймын. Үйдегілер: "Қой, ол бүгін сүндетке отырып, мұсылман болды",-деп жатыр. Келген көрші-қолаңдардың оның жастығы астына ақша, одан қалса, небір тәттілерді қыстырып жатқанын көрген мен қызғаныштан өтім жарылып: "Мені де сүндетке отырғызыңдар!"-деп қырғын салыппын. Сонымен, не керек, ата-анам келген молданы үйге қайтадан шақыртып, ініме жасаған жоралғыға ұқсатып үстіме ақ жауып, кішкентай матаға түйілген кішкентай бір затты бас жағыма байлап қойып, келгендерге: "Күнсұлу да мұсылман атанды"-деуге мәжбүр болыпты.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 1128 | Добавил: модератор | Дата: 10.05.2010

Сіз мынадай ырымды білесіз бе: жиырма үшінші ақпанды қалай өткізсең, сегізінші науырызыңды солай қарсы алатын көрінесің.
Категория: Әзілдер | Просмотров: 1129 | Добавил: модератор | Дата: 07.03.2010

Дағдарыс жағдайында ақшаңызды желге ұшырмаудың сенімді қорғаны-оны өз уақытысынан ұзатпай ішіп қою болып табылады.
Категория: Әзілдер | Просмотров: 1017 | Добавил: модератор | Дата: 07.03.2010

Егер сен өзіңді ақмақпын-ау деп ойласаң, іренжіме. Өйткені ақылдылар ғана топастана біледі.
Категория: Әзілдер | Просмотров: 1074 | Добавил: модератор | Дата: 07.03.2010

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz