Құрбылар әңгімесі -Өй! Мен мүлде оқыста естіп қалдым, сенің бұдан бұрын бір жігітің болыпты ғой, оны тастап кетіпсің. Неге? -Себебі, мен де күтпеген жерден естіп қалдым, ол үйленіп қойған екен бұрын. -Ой, оңбаған! Кім ол, кімге үйленіпті. -Атын атамай-ақ қояйын, тіпті есімін атайды деп күтпей-ақ қой, ал үйленген кісісі-сенсің, саған үйленіпті…
Ұсақ бауырсақ Қаратау елінің Досал ауылында Есалы деген болыпты. Ол бала-шағамен де, келін-кепшікпен де қалжыңдаса беретін жайдары, ақ көңіл, аңқау кісі екен. Есалы жаздың бір күнінде Түркістан маңындағы құдасына келіп қонып отырады. Құда келген соң, үй иесі қарап отырсың ба, самауыр қойып, мал сойып шала бүлініп жатады. Көп кешікпей Есалының алдына дастархан жайылып, шай келеді. Күні бойы жүріп, еш жерде түстенбестен Есалы алдындағы қойдың құмалағындай ұсақ бауырсақты үшеуден, төртеуден ауызға салып шай ішіп отырады. Шай құйып отырған құдаша келіп Есалыны
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Ертеде ел қыдырған саудагерлер қазақтан жалға үш түйе алыпты. Сөйтсе әлігінің екеуі жуас та, ал бірі бақырауық боп шығыпты. Әбден мазалары кетіп жүрген саудагерлер Тұрлымбетке кезіккенде:-Ай, қазақ, мына түйе неге бақыра береді, тілін білесің бе?-деді.-Білемін,-дейді Тұрлымбет.-Білсең айтшы, бір шапан берейін,-дейді саудагер. Сонда Тұрлымбет:Аш иттей қыдырған сен бір кезбе,Үстіме таудай қылып арттың бөзді.Тынысымды алдырмай жүргізесің,Тұра қалсам ұрасың басқа, көзге.Құтылсам осы қудан, уа құдайым,Шалқақтап жүрер едім жапан
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Бір қоңылтақ шаруа кісінің әйелі аса салақ, әрі олақ екен. Сондықтан, олар бала-шағаларымен әрдайым жалба-жұлба болып, кір киім киіп, қалай болса солай жүре береді. Бірақ, бұған ауыл тұрғындарының көзі үйреніп кеткендіктен ескермейді екен. Тек, бірде көрші ауылдан келген көлденең кісі көріп: -Апыр-ай, ақсақал, жеңіңіз жалбырап тұр екен. Түймелеріңнің біреуі ғана қалыпты, әйеліңіз жоқ па еді?-дейді. Сонда ана кісі жымиып: -Әй, шырақ-ай! Әйел бар болғыр менде жоқ, тек балаларымның шешесі ғана бар,-деп жауап беріпті.
|
ОрынӨмірден өз орнын тапты-ау, әйтеуір, бірақ оған басқа біреу отырып қойыпты…Ашығын айтайық-Қымбаттым, саған бір жаңалық айтатын уақытым жетті-менің екіқабат болғаныма үш ай өтті.-Мен де саған бір шындығымды айтайын, білгенің әбден жөн: дәрігерлердің дәл менен ешқандай нәресте болмайтыны жөніндегі хабарын осыдан алты ай бұрын естігенмін…Тап-таза…Екі беті сұлу келіншектердің бояп алған бетіндей жалтырап, әп-әдемі тап-таза отыр. Мұндай дәрежеге жету үшін осыдан бұрын, бүгінге дейін қаншама ұрлық жасады десеңізші?!..
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Орыс анекдоттарынан Иванов тышқанды көріп еді, қатты қышқырып жіберді-баяғыдан бойына сіңірген әдеті болатын, жынысы ауыстырғанына ұзақ жылдар өтсе де, ежелгі ғадеті аяқ астынан дес берді. (қыз күніндегі әдеті ғой)
Бостандық сүйгіш халық Біз қандай бостандық сүйгіш халықпыз десеңізші?! Екі жүз адамнан сұрадым-бір де біреуі түрмеге отырғысы келмейді!
Айыра білу де "өнер" Носкидің кірлеп кеткенін оп-оңай білуге болады екен: әбден кірге баттасқанда жақсылап қарасаң, қайсысын сол аяғыңа, қайсысын оң аяғыңа киетініңді анық байқайсың.
Азамат Еркектің кемелденген шағы оның екі қабат әйелдер арасында олардан айырмашылығы жоқтай кезінен басталып есептеледі…
...
Толығымен (Подробнее)»
|
-Айхай, дүние-ай! Полковник мырза, қараңызшы, қандай келісті қатындар! -Поручик, бұл сендер үшін ғана қатындар, ал мен үшін-қазірдің өзінде жай ғана әншейін пейзаж (сұлу көрініс, кескіндеме)…
|
Езу тартар -Ақылы медицина неге ойластырмағанын білесің бе? Білмесең айтайын, оның себебі нағыз денім сау деген адамның өзі-өзінің денсаулығы шынында сондайлық жақсы ма деп күдіктенуіне қажет.
Санау -Ұйықтай алмай жатсаң бірден мыңға дейін сана, немесе ойдағы қойыңның аяқтарын сана-бұдан кейде түкте шықпайды, әсіресе жаныңда әлсін-әлі шошқадай қорсылдап, қорылдап ұйықтап біреу жатса…
Ой өрісі -Адамның ой өрісінің, мәдениетінің қалай дамып келе жатқанын оның қойған сұрақтары бойынша өте дәл және оп-оңай білуге болады екен. -Немене деп былшылдап отырсың?…
|
Көп тілде…-Мен орыс, ағылшын, француз тілдерінде және басқа сабақтарда да еркін сөйлеп отырамын… (Әлгі тілдердің бәрін біледі екен деп қалмаңыздар)."Күштінің" жолы-Шырағым, сен мынаны айтшы, осындайлық біліміңмен жоғары оқу орнына қалай ғана түстің?-Ақша болса, ақылдың қажеті жоқ!-Ал ақша саған қалай келіп жүр?-Ал менің күшім ше?… Қуаныш-Андрей, сен білесің бе, мен сенің әйеліңмен кездескен сайын соншама қатты қуанамын. -Мұныңа не себеп?
...
Толығымен (Подробнее)»
|
"Керекті кеңестер" толқыны -Борщтың тұздалғанын білу оп-оңай екен, ол үшін оған екі электрод түсіріп, солар бойынша ток жіберсе болғаны-сол кезде хлордың иісі шықса-борщыңыздың баяғыда тұздалып қойғаны деп білесіз. (Барағыңызды батырып жалап әуре болмайсың дегені ғой.)
Белгісіз нәрсе -Менің күйеуім болған. Кетіп қалды. Сон-соң екіншісі келді. Ол бірінші әйеліне қайтадан кетіп қалды. Қазіргі байым-үшінші. Енді қарап отырып ойға батып отырмын: бұл да қайда кетер екен…
"Қамқор" ана -Мама (шеше), мен терезеден сыртқа қарғып кетейін бе, рұқсат па? -Ал сен барлық сабақтарыңа дайындалып бітіріп қойдың ба, дайындалып үлгердің бе?…
|
Мұң -Сен соншама неғып мұңайып қалғансың? -Мұңайып дейсің бе?.. Бұл сөз емес. Мен қатты қорқыныш үстіндемін! -Не боп қалды сонша ма? -Мен бүгін өзімнің әйелімді күтіп алайын деп вокзалға бардым, ал ол келген жоқ, енді бойымды суық тер қаптап қорқып тұрмын, ол кешеден бері үйде отыруы мүмкін ғой…
Шамасы қалай? -Маған айта салыңызшы, ұшақ қонған соң кеденнен өтуге және басқа шорым-борымнан өтуге қанша уақыт кетеді. -Ол енді сенің әкеле жатқан нәрселеріңе байланысты. Мүмкін жеті жылға жетіп қалар…
Қақпадағы жазу Үйдің қақпасындағы жазу жанды түршіктірмейтін секілді: "Ауладағы ит сан етіңді жұлқылап алатындай қабаған емес, бірақ оның жүйке жүйесі нашар, бет әлпетіңе қарай секіруі ықтимал" депті.
Құрбысының күйеуі -Сенің күйеуің қайтадан іше бастаған ба, немене? Кеше мен онымен әңгімелескем, сонда оның желке тұсымнан шыққан аузының иісі қолқамды жара жаздады, басым ай
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Франциядан келген анекдот -Үкілер мен алжирліктер арасына жалпы ортақ нендей жағдай бар? -Екеулері күндіз ұйықтайды, түнде ұрлық жасайды және екеулерін де мемлекет қамқорлығына алған, күзетеді.
Орташалар күйі Орташа әйел сұлу болғысы келеді, ақылды болуға құштарлығы жоқ, себебі орташа еркектің ой өрісі нашарлау, оның орнына жақсырақ көреді, көру қабілеті артықтау.
Күшік керек пе? -Менің мына наурыз айындағы мысықтар мыйымды шірітетін болды. Күндіз-түні еститінім: "Мяу, мяу!". Мен тіпті оларға итімді де жібердім?… -Сонымен мысықтарың не болды? -Мысықтарға не болушы еді?! Түк те болған жоқ… Итімді күшіктетіп қойды. Сен күшік алатын ешкімді білмейсің бе, айтшы, өтінем?
Менің шешем… -Ал менің шешем мен үйленгенде жалғыз шошқамызды сойып тастады. -Үйлену тойына арнап па? -Жоқ… Есі шығып қатты ашуланды.
|
Тартымды жауапҮйдегі телефон шырылдағанда оның "құлағына"жармасқан әкесі-адвокат (қорғаушы), шешесі-судмедэксперт (соттың медициналық сарапшысы) бала болды. Арғы жақтан шыққан дауыс иесі одан ата-анасының біреуін телефонға шақыруын өтінді.-Олар үйде жоқ,-деді бала.-Қайда кетті олар?-Әкем түрмеде, шешем-мәйітханада.Сағат құтаймапты-Уақыттың қанша болғанын айтпайсыз ба?-Менде сағат жоқ. Болуы болған-біреуіне су өтпейтін, екіншісіне шаң кірмейтін, тағы бірі қатты соққыны да елең етпейтін.-Е, оларыңның бәрі қайда кетті енді?
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Қаратау елінің Қақы деген қариясы жас кезінде тіл алмайтын ерке бопты. Жұмсаған адамға ол әйтеуір бір қиғаш жауап тауып құтылып кетеді екен. Бір күні әкесі Қақыны ат суарып кел деп жұмсайды. -Мен ат суара алмаймын,-дейді баласы. -Неге? -Менің күрек тісім түсіп қалған. Әкесі Қақыға ұрысып: -Ат суаруға күрек тістің не көмегі бар!-дейді. Сонда баласы: -Е, ат су ішу үшін мен ысқыруым керек емес пе!-депті. Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелерінен
|
Хауіп-Дәрігер, жалбырана сұраймын, көмектесе көріңіз, әйелімнің жағдайы күрт төмендеп кетті!-Мен берген сүлік те (пиявка) көмектескен жоқ па?-Жоқ! Үшеуін жеді, одан әрі жей алмады!Шындық-Әй, враш (дәрігер), айтқаның шын ба, менде туберкулез ауруы енді мүлде жоқ қой, ия?-Жоқ! Жоқ дедім ғой қымбаттым!-Ой, айналайын-ай, әкелші осы бір қуанышты сөзің үшін бетіңнен сүйейін!-Э! Жоқ! Керегі жоқ!СұхбатЖурналист дін қызметкеріне
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Ертеде өмірі жаудан беті қайтпаған, ержүрек, намысқой бір батыр болған екен. Бір күндері үлкен қан майдан болып, әлгі батыр жаудан жеңіліп қасында бір жолдасы бар қашып келе жатады. Сонда жеңген жауы қуып, жете бере: -Жеңілдім де, әйтпесе найза саламын,-деп, найзасын қайта-қайта оқталып қойды. Қашып келе жатқан батыр "жеңілдім" деп өз аузынан айтуға намыстанып, қасындағы жолдасына: -Әй, аузыңа құм құйылып келе ме, ананың айт дегенін айтсаңшы,-депті. Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелерінен
| |