Воскресенье, 07.12.2025, 08:57
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 24
Гостей: 24
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Февраль » 26 » Қатерлі ісіктен сақтаныңыз
Қатерлі ісіктен сақтаныңыз
08:07
Бұқаралық-ақпарат құралдарының жарияланып жатқан медициналық жаңалықтарына көз салсаңыз, адам тәулігіне 8 сағат жұмыс істеу керек. Одан артық жұмыс ағзаға, санаға салмақ түсіреді. Тәуліктік 8 сағаттың өзінде адам кемінде 3 рет үзіліс жасап, қимыл-қозғалысты көбейтуі керек. Дегенмен соңғы зерттеулер өткен ғасырдың 80-жылдарымен салыстырғанда адамдарда қимыл-қозғалыс 40 пайызға азайғанын, ал отырықшы жұмыс істейтіндердің қатары 70 пайызға артқанын анықтапты.
Әрине, мұның бәрі заманауи техниканың арқасы, адамның ары-бері жүгіруі азайды деп мақтанармыз. Алайда мұның зиянды жағы басым болып барады. «Медикал биллинг энд кодинг» ұйымы түрлі медициналық зерттеу жүргізіп, қозғалысы аз өмір салты адамды қатерлі ісік, жүрек-қантамыр, диабет ауруларына алып келеді деген тұжырым жасады. Мамандар зерттеу кезінде 3 жыл бойы тәулігіне 6 сағаттан артық бір орында отыратын адамдар мен үнемі қимыл-қозғалыста болатын екі топты бақылауға алған. Үш жылдан кейін отырықшы жұмыстағы адамдардың ағзасында қартаю белгісі 40 пайызға артқанын, 29 пайызында тоқ ішектің қатерлі ісігі, тағы13 пайызында семіздік пен қант диабеті, бүйрек жетіспеушілігі дерті байқалған. Ал олардан жасы үлкен болса да көбірек қозғалатын адамдарда бұлардың белгісі де жоқ, қайта бастапқыдағы кейбір дертінен айыққаны анықталған. Тіпті семіздердің артық салмақтан арылғаны байқалыпты.
Шығыс Онтарио Зерттеу орталығының салауатты өмір салты мен семіздік проблемаларын зерттеу бөлімінің жетекшісі Марк Трембли бастаған қанадалық дәрігерлердің айтуларынша, денеге ұдайы және ұзақ уақыт салмақ түсіретін жұмыстар көкірек қатерлі ісігіне шалдығу қаупін 30 пайызға, жыныс безі қатерлі ісігі қаупін 10-20 пайызға азайтады екен. Десек те, өкініштісі, бүгінгі заман талабының өзі адамда отырықшы жұмысқа тәрбиелеп отыр. Олай болса не істеу керек? Мамандар әр уақытта креслодан тұрып, жаттығу жасап, билеп алу артықшылық етпейді дейді. Зерттеушілер қазір күніне қанша уақыт және қай уақыттарда, қандай жаттығу жасау керектігін анықтау үстінде.  
Т. Думан.
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 989 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Февраль 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz