Воскресенье, 07.12.2025, 08:00
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 23
Гостей: 23
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Февраль » 27 » Қазақ қызы
Қазақ қызы
11:10
Жалғасы...
Қазақ қауымында қыз баланың орны айырықша болған. Оны мынадай мақал-мәтелдерден анық аңғарамыз. Ата-бабаларымыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде бағының ашылуын үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты ла қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген.
«Қыз-өріс, ұл-қоныс» деп білгендіктен қазекем өрісін кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөлген. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, «қызға қырық үйден тиым» жасайды. Қыз тәрбиесіндегі жеңге рөлі де таса болмайды. «Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді келеді».
Өйткені әке-шеше айта алмайтын сырды жеңге жеткізеді. Қыздың балғын болмыс-бітімі мен тәрбиесінің басы-қасында аяулы жеңгелер жүреді. Сүйген жігіті мен екі арадағы әдепті қарым-қатынастың табиғи өрбуіне сеп болатын осы жеңгелер. Бұларды жеңгетайлармен алмастыруға болмайды.
Ата-ана қызынан ешнәрсені аямайды. Оның ешнәрседен мұқтажсыз, бұла өсуін қадағалайды. Өйткені қызға бергенді қызыр өтейді деп біледі. Сонымен бірге қазекең қызды бетімен де жібермейді. «Қызды қымтап ұстаған ұялмайды»  дей отырып, оларды қанаттырға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіруді парыз санайды. Олардың ар-ұятының сақшысы бәріне жауапты екенін ешуақыт ұмытпаған. Содан да болар, бір жағынан «қыз бен жылқы жаудікі» деп қыз тәрбиесіне мейілінше сақ қарайды. «Қыз баққаннан қысырақ баққан оңайлығын» жадынан шығармай баянды отанын тапқанша өзінің, жауапты екенін еш ұмытпаған. Сөйте тұра қызды жағадағы құндыздай күтеді.
«Күйеу жаман болса қызыңнан» деуінде үлкен мән бар. Өзінің отбасында керекті тәрбиенің бәрін көріп өскен қыз бала, соған қоса мінезді де қылықты  болса, парасатты да пайымды болса екен дейді. «Қызды күте алмаған күң етеді, жібекті түте алмаған жүн етеді». Мұның көбі, негізінен қыздың шешесіне байланысты дүниелер. Сондықтан, қыз көретін жігіттер, алдымен жеңгесі арқылы шешесінің қандай адам екенін анықтағысы келеді. «Шешесі жаманның қызын алма», немесе «шешесін көріп қызын ал» деуде осындай мақсат бар.
Жалғасы бар...
Категория: Этикет | Просмотров: 1168 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Февраль 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz