Аш кісі ұрысқақ, Арық қой тырысқақ.
Аман болса бұл басым, Тағы шығар бұл шашым.
Ақсақтың ақырына бақ.
Басы ауырып, балтыры сыздамағанның Тәңірімен ісі жоқ.
Қотыр қолда, қола сақина.
Тазалық-саулық негізі, Саулық-байлық негізі.
Басы аманның малы түгел.
Демі бардың-емі бар.
Екі ауру бір келсе, Ажалыңның жеткені.
Жалқаулық-жаман ауру.
Жұғын бар жерде-шыбын бар, Шыбын бар жерде шығын бар.
Жан ауырса-тән азады, Қайғы басса-жан азады.
Айдалаға атқан оқ, Ажалдыға тиеді.
Өлім бар жерде-қаза бар.
Арық семіреді, Ауру жазылады. "Қазақ мақал-мәтелдері" Алматы "Ана тілі" 1993ж, 158 бет
|