Емдеуі келген ер өлмес. (М. Қашқари.)
Ауру-өлімнің түрткісі. (Ю. Баласағұни.)
Тәуіптен ауруыңды жасырма. (Құтып.)
Емнің сыры бірақ затта болады. (Құтып.)
Аурудың өсиеті-ізгі. (М. Қашқари.)
Ауырған жерін ауру біледі. (Қорқыт.)
Тірі адам ауырмай тұрмайды, Ауырғанның бәрі өле бермейді. (Құтып.)
Тірі дене түбінде бір ауырмай тұрмайды. (Құтып.)
Ауру қанша қатты болса да, өлімнің кепілі емес. (С. Сарайи.)
Ауруын емдетпеген-тез өледі. (Ю. Баласағұни.)
Асқынған ауруға пышақ ем. (Көне ұйғыр жазу ескерткіші.)
Жан тапсырар адамның аузына көкейіндегісі келеді. (С. Сарайи.)
Аурудың жаманы да тамақтан өтеді, амалы да тамақтан өтеді. (Ю. Баласағұни.)
Барлық аурудың дәрісін тауып бере бермейді. (С. Сарайи.)
Көп ауру көр аузынан қайтар. (Құтып.)
Дәлдеп келген аурудың дәрісі жоқ. (Ю. Баласағұни.)
Кісі ауырса-емші емдейді, Емші ауырса- кім емдейді? (Ю. Баласағұни.)
Әл үстінде жатқан адамның аузына мақтамен су тамызады. (Ә. Науаи.)
Ауру-өлімнің алғашқы елшісі. (Ю. Баласағұни.)
Бас аман болса, бөрік табылады. (Қорқыт.)
Жігіттің дені сау болса, сол-дәулет. (Құтып.)
|