Жалғасы...Қашаған би қыдырып келген құдасына кетерінде бүкіл елге әйгілі Қаракеш жорғасын мінгізіп жібереді. Бұған баласы Әбіттің ренжімегенін сезген би:-Алғаныңды білгенде, бергенді білмесең, жетесіз боларсың,-депті. Сол құдасы қонақ болып барғанда Әбітке құда бала деп атан түйе сыйға тартқан екен.***
Қашаған би жігіт болып қалған баласы Бәтжаннан:-Балам байлық пен кедейліктің арасы қандай жол?-деп сұрапты. Сонда Бәтжан кідірместен:-Заманына қарай өзгеріп отыратын бұлдыр жол,-депті.-Алдыңнан ақ күн тусын!-деп батасын беріпті. ***
Қашағанның қартайған шағында Солтанбек болыс биден:-Еліңізге болашақта не тілер едіңіз,-дегенде би:-Абылайдай бірлігі болса, Райымбектей қорғаны болса, Төле бидей ғұламасы болса, бейбіт өмір тірлігі болса, құдайдан осыны тілер едім,-деген екен.Н. Төреқұлұлы «Қазақтың 100 би-шешені» Алматы «Қазақстан» 1995ж
|