Воскресенье, 07.12.2025, 07:58
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 16
Гостей: 16
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Февраль » 22 » Кәсіптік аурулар қалай анықталады?
Кәсіптік аурулар қалай анықталады?
09:32
Кәсіптік аурулар дегеніміз-адамның еңбек еткен ортасындағы ағзаға жайсыз  әсер ететін факторлар әсерінен қалыптасқан дерттер. Мамандар бұл ауруларды этиологиялық принцип бойынша бес топқа бөліп қарайды.
1)Химиялық факторлар әсерінен туындаған аурулар. Бұған жедел-өтпелі және созылмалы улану мен оның салдары жатады. Яғни жұмыс барысында ағзаның жекелеген мүшелері мен жүйелері ауруға ұшырауы мүмкін.
2)Шаң-тозаң әсерінен болатын аурулар (дәнекерлеушілерде, тозаңды істейтіндерде болатын силикатоз, пневмокониоз-силикоз, металлоколниоз)
3)Физикалық факторлардан пайда болатын аурулар. Бұған вибрациялық, шудан электоромагнитті сәулелену мен таралған лазерлік сәулеленуден болатын дерттер, сәулелік ауру, атмосфералық қысымнан туындайтын кеселдер жатады.
4)Жүйке ширығуынан болатын аурулар.
5)Биологиялық факторлардан туындайтын дерттер. Бұған инфекциялық және паразитарлық аурулар жатады (туберкулез, бруцеллез, күйдіргі, тағы басқа).
Бұлардан бөлек кәсіптік аллергиялық аурулар (конъюктевит, жоғары тыныс жолдары аурулары, қолқа демікпесі, экзема, дерматит) және онкологиялық кеселдер (тері ісігі, қуық ісігі) де кәсіптік аурулар тізіміне кіреді.
Сондай-ақ жедел-өтпелі және созылмалы кәсіптік аурулар да болады. Жедел-өтпелі кәсіптік ауру бір жұмыс кезегінде қоршаған ортадағы химиялық немесе басқа да денсаулыққа зиянды заттардың әсерінен пайда болады. Ал созылмалы кәсіптік ауру осындай қолайсыз факторлардың жиі әсер етуінен туындайды.
Кәсіптік ауруларды анықтау үшін жұмысшыны ол жұмысқа кіріскен кезден бастап жоспарлы медициналық тексерулерден өткізіп тұру маңызды. Адамдар әртүрлі, олардың ағза мүмкіндіктері де әрқалай. Біреулер кәсіптік ауруға жұмыс барысында ұшыраса, енді біреулерде ол жұмыстан шығып, зейнеткерлікке кеткеннен кейін де пайда болуы мүмкін. Сондықтан мамандар адамның ауруы кәсіптік кеселге жататын-жатпайтынын анықтауда өткен-кеткенге дейін мән беріп, зерттеуге тырысады.
Ал кәсіптік ауруға шалдыққандарға тиісінше әлеуметтік, медициналық көмектер көрсетіледі.
Г. Әбенова.

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 3529 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Февраль 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz