Сұрақ: Солақай баланы қалай тәрбиелейді? Ол кемістік болып санала ма?Қарлығаш Өскемен қаласы, Жібек маталар комбинаты. Мөлтек ауданы.
Жауап: -Жоқ. Кемістік болып саналмайды. Бұл жөнінде сіздерге мынадай қысқаша жазылған («Керек кеңестер», №1 2012ж) пікірлерді ұсынуды жөн көрдік.Әйгерім Төлебаева, тәрбиеші, Қарағанды қаласының тұрғыны:-Балаға кішкентайынан солақайлықтың жаман емес екендігін, ондай адамдар өмірде көп екенін, оның қалыпты жағдай екендігін түсіндіріңіз.-Солақайлар көбінесе қызба мінезді болады. Сондықтан да ондай балаға айырықша мейіріммен қараған дұрыс.-Дарындылардың дені солақайлар арасынан шығатынын айтып, Гай Юлий Цезарь, Жанна Д Арк, Наполеон Бонапарт, Билл Клинтон, Леонардо да Винчи, Исаак Ньютон, Микеланджело, Чарли Чаплин, Том Круз, Николь Кидман, Брюс Уиллис, Селин Дион, Эминем, Аристотель, Фридрих Ницше, Лев Толстой, Марк Твен, Барак Обама сынды тұлғалардың ішінде таныстауының өмірдерегінен хабар беруге тырысыңыз. Себебі, психологтардың пайымдауынша, олардың шығармашылық потенциалы мықты болады екен. Мұндай әңгіме солақайдың өмірге деген қызығушылығы мен ынтасын артыра түседі.
|