Жас кезінде бір құрдасы Қашағанға: -Өзіңе атың сай келмейді-ау,-дегенде Қашаған: -Тіл-көзден құдай сақтасын деп, атымды тергеп қойған болар,-деген екен.
***
Қызылбөрік Мақсұт Қашағаннан: -Елдің бірлігі неден бұзылады?-деп сұрайды. -Өсек пен көре алмаушылықтан,-деп жауап беріпті би. (Н. Төреқұлұлы "Қазақтың 100 би-шешені" Алматы "Қазақстан" 1995ж)
| |