Ертеде бір жігіт үйленеді. Өлмелі ауру анасы бар екен. Оны әйелі жақтырмайды. Өлсе екен деп тілейді. Күйеуіне:
-Анаң әбден бәле болды. Онан қалай құтыламыз?-дейді.
Жігіт анасын жақсы көреді екен, өлмесе игі еді деп тілейді. Әйеліне:
-Онан құтылу оңай: күнде майға өкпе-бауыр қуырып бере бер, сонда ол өзі-ақ өледі,-дейді.
-Әйелі аңқау екен. Күйеуінің айтқанын істейді. Кемпір ауруынан айығып кетеді.
(«Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелерінен»)