Жалғасы... Үйірі жусап жатқанда біреуі қарауылдап тұрады. Қатер төнсе ол белгі беріп, бәрі адам аяғы бармас құз-қия жақпарға жасырынып, көзден әп-сәтте ғайып болады. Тауға ол шапшаң көтеріледі, бірақ қанатын көп қақпай, баяу қалықтап қана ұшады. Ұшқаннан да жүгіргенді, өз аяғымен оттағанды ұнатады.Ұясын ұлар жазда салып, балапанын ұрғашысы басып шығарады. Орташа он алтыдан жұмыртқа басады. Жұмыртқасы қоңыр дағы бар жасыл-сары болады. Ал, балапандары жұмыртқадан шыға сала жүгіріп кетеді. Ұя салар алдында, әсіресе, сәуір, мамыр айларында қораздарының таласы күшті болады. Олардың таласып қырғысқан тұстағы қиқу-шуы құлақ тұндырады. Тегі біздің «ұлардай шулап» деген теңеуіміз осыдан алынса керек.Күнге шағылғанда алтындай жалтырап, қошқылсары, ақшыл-сұр, көкшіл-қара түспен сан құбылып тұратын ұлар қауырсыны аса
...
Толығымен (Подробнее)»
| |