Сұрақ:-Әсіресе, таңертең ащы тамақтарға қол салсам болды, үйдің ішінде өрт шыққандай ойбай салады апам. Көп жеме дейді, үйдегілердің бәрі де менің бұл қылығыма тесірейе қарасып отырады. Біреуі де себебін жақсылап айтып бере алмай жүр. Осы жөнінде не дер едіңіздер?Жәнібек.
Жауап:-Мамандар апаңызды дұрыс деседі. Өйткені тұзды көп жеу-ағзадағы судың алмасуын баяулатып, кейін ісінуге себеп болады екен. Сондықтан тұзды аз жеп үйрену керек, есесіне бұл біздің дәм сезу қызметімізді жоғарылататын көрінеді.
| |