Бір заманда тышқандар жиналыпты, мысықтан қалай құтылуды кеңесіпті. Ұзақ әңгімеден кейін бір тышқан тұрып:
-Мысықтың мойнына қоңырау тағып қою керек. Сонда оның келе жатқаны алыстан естіледі. Біз інге тығылып үлгереміз,-дейді. Көпшілік:
-Бұл табылған ақыл екен,-деседі.
Сонда манадан үндемей отырған бір ақылды тышқан тұрып:
Жарайды, мысықтың мойнына қоңырау тағу керек дедік. Ал, сонда оның мойнына қоңырауды кім, қайсың барып тағасың?-депті.
(«Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелерінен»)