Білікті кісілердің пікірінше грек жаңғағы (орех грецкий) Халық медицинасында одан жасалған препараттарды ішкі жараларға, мешелге, сары ауруларға, ішек құртына, қанның азаюына, қарын мен ішек қабынуына және іш өтуге қарсы пайдаланады. Сонымен қатар ол зат алмасуының бұзылуы салдарынан пайда болатын созылмалы буын ісігіне, теміреткі сияқты кейбір тері ауруларына, витамин жетімсіздігіне таптырмайтын ем. Ол ішек құртының түсуін де тездетеді.
Грек жаңғағының жапырақтарынан туберулездің түрлі формулаларын емдейтін карион препараты жасалады.
Сондай-ақ, оның қайнатындысымен сары ауруды, етеккірдің мезгілінде келуін, бұзылуын, мешелді емдеуге болады.