Ертеде бір жігіт үйленеді. Өлмелі ауру анасы бар екен. Оны әйелі жақтырмайды. Өлсе екен деп тілейді. Күйеуіне: -Анаң әбден бәле болды. Онан қалай құтыламыз?-дейді. Жігіт анасын жақсы көреді екен, өлмесе игі еді деп тілейді. Әйеліне: -Онан құтылу оңай: күнде майға өкпе-бауыр қуырып бере бер, сонда ол өзі-ақ өледі,-дейді. -Әйелі аңқау екен. Күйеуінің айтқанын істейді. Кемпір ауруынан айығып кетеді. («Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелерінен»)
|