Адам кейде ауруды өз мінезінен де табатын көрінеді. Ғалымдар мынандай болжам айтады: -Шексіз қатты қуану инфарктке әкеп соғатын көрінеді. -Үнемі қайғырып, аһлап-үһлеп жүру өкпені зақымдайды екен. -Ызақорлық, ашуланшақтық бауырды ауыртады. -Қызғаншақтық, біреуді көреалмаушылық бауыр мен бүйрекке зардабын тигізеді. -Жылауықтық жүрек қабының қабынып ауруына шалдықтырады. -Шошынып, үнемі үрейленіп отыру өт жолын қабындырады және қант диабетіне ұшыратады. -Біреудің қамын жеп үнемі шыр-пыр болып жүру көк бауырдың ауруына алып келетін көрінеді. Аурудың асқынуына адам бойындағы негізгі үш жаман қасиет ықпал жасайды деген де тұжырым бар. Олар ашкөздік, зәрлілік, надандық.
|