Біреу Платоннан:-Философсыз, ғалымсыз... Соншама көп оқып, қандай шешімге келдіңіз?-деп сұрапты.Ол былай деп жауап беріпті:-Тек қана бір нәрсені білдім, ештеңе білмейді екенмін.***
Диогеннен:-Дүниеде ең қиын нәрсе не?-деп сұрапты.-Өзіңді өзің білу (тану) және сырыңды сақтау,-деп жауап беріпті ол.***
Адамдар Аристотельден:-Сенің өзге адамдардан қандай өзгешелігің бар?-деп сұрайды. Сонда Ғұлама.-Олар жеу үшін жасайды, мен өмір сүру үшін жасаймын,-деген екен.***
Сократ бір баймен жолдас болып сапарға шығыпты. Жолда «Қарақшылар торуылдап жүр» деген хабарды естіпті.Бай:-Құдай ұрды! Олар мені танып қойса не болады?-десе, Сократ:-Құдай ұрды! Олар мені танымай қалса қайтемін?-деген екен.
|