Геронтология ғылымы саласындағы зерттеушілер еңбегіне көз салып жүрген әркімге-ақ пайдалы. Олар күнделікті Отандық бұқаралық-ақпарат құралдарында, алуан әдебиеттерде жарияланып жатады.
Мәселен, адам өзінің биологиялық қасиеттері бойынша, 120-140 жыл өмір сүре алатын көрінеді екен. Ұзақ жасау-екінің біріне бұйырмайтын бақыт. Бірақ өз өмірін ұзартқысы келетіндерге мынадай бірнеше ақыл-кеңес беруге болады:
1.Көп ұйықтамаңыз. Ұзақ жасаған адамдардың дені ұйқыдан ерте тұрған. 2.Тамақты көп жемеңіз. Семіздік өмірді қысқартады.
3.Болашаққа сеніммен қараңыз.
4.Көп қимылдаңыз, әсіресе зейнетке шыққаннан кейін.
5.Дәрі-дәрмектерді мейлінше шектеңіз.
6.Болмашы нәрселерге уайымдай бермеңіз.
7.Темекі тартпаңыз. Темекіден барынша аулақ болған жөн.
8.Міндетті түрде хоббиіңіз болсын.
9.Сусынды көп ішіңіз, әсіресе суды.
10.Көңіл-күйіңізді сергіту үшін қара жұмыспен айналасыңыз.
11.Қою кофе мен қою шайды көп ішпеңіз.
12.Шаршағаныңызды басу үшін жарты сағат ванна қабылдаңыз.
13.Үнемі бір уақытта ұйқыға жата бермеңіз. Кейде түнде теледидар тамашалап, далаға шығып сергек жүріңіз.
14.Үйде жарықты үнемдемеңіз. 150 ваттық шам бөлмеңізді ғана емес, өміріңізді де жарық етеді.
15.Жақсы достарыңыз көп болсын.