Жұмыққа
Атың емес, Жұмық-ай, оның жұмық, Бір басыңнан шығады нелер қылық. Сүйінбайдың аты бар, өлеңі жоқ, Жүргендей боп кеттім-ау көзді жұмып. Сүйінбайды апарып көмгеннен соң, Отырарсың жотада жалғыз ұлып.
Өмірді келген, кеткен аңдамайсың, Адамның болашағын болжамайсың. Асыл сөздің білмейсің қасиетін, Жаман ойға келгенде талғамайсың. Қиял мінез, томырық от пен жалын, Қайтейін, осыныңа арланбайсың.
Сүйінбай, Алатаудай атым дардай, Жатқанымда болдым ғой шөккен нардай. Еңбегімнен екі ауыз сөз қалмастан,
Көктемдегі жер тартты кеткен қардай. Ақылымды қараңғы қалған басып, Сау күнімде құдайым еске салмай. Ауру билеп, бойымнан әлім кетті-ау Бауырсаққа илеген кескен нандай.
|