|
Жаман туыс-бір масыл, Арқалаған құммен тең. Жақсылығың істеген Елекке құйған сумен тең. Келіннің зекіп айтқаны- Езіп құйған умен тең. Көңілсіз берген тамағы- Құм аралас күлмен тең. Жаман болса әйелің- Көрген күнің түнмен тең, Атадан жаман ұл туса- Елестеген жынмен тең.
Жақсы болса әйелің- Үйіңдегі ырысың. Жақсы болса ұл балаң- Қайрап қойған қылышың. Жақсы болса келінің- Басып қойған күрішің. Жақсы болса қыз балаң- Жайлы қоныс, тынысың.
|
|
Қасқырда қуат қалмаса, «Апа» дейді ешкіні; Тоңған-торқа көрінеді, Қырық қырау ескіні, Үміт үзбе, бұзылса да, Ісіңнің, ерлер, кескіні. Ұмытарсың, күн шықса, Айсыз түнгі кешкіні, Бірде тұман бірде ашық, Бұл дүниенің бес күні!
|
Арғымақ байлап не керек, Артынан жабы жеткен соң. Сары ала қылыш не керек, Мұқатып дұшпан кеткен соң. Ағайын-туыс не керек, Аңдысып күні өткен соң. Қызыл тілім сөйлеп қал, Қызығыңды жер көрер, Санаулы демің біткен соң. Айтты дейтін жұрт қайда, Айтатұғын біз қайда? Бір төбенің басына Көме тастап кеткен соң... Ат туады биеден, Алып туар анадан.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
|
Тау берігінде қонысың болсын, Іздеген жау таба алмайды. Ел берігінде досың болсын, Аңдыған дұшпан ала алмайды.
Жаман ердің қайғысы Өз отаның қасында, Жақсы ердің қайғысы Ауылының басында.
Жаман еркектің басын Жақсы әйел хан қылады. Жақсы еркектің басын Жаман әйел даң қылады.
Жанашырың жоқ болса, Жатпен жалғыз жүрмеңіз. Қостаушыңыз жоқ болса, Біле тұра білмеңіз.
Б. Адамбаев
|
|
Арыстан пар болмайды тышқанменен, Сүймеген жар болмайды құшқанменен. Көбелек от болмаса гүлге қонбас, Қалбақтап қараңғыда ұшқанменен.
Айта біл өлеңінді өрнекпенен, Жақсыны бір ғанибет көрмек деген, Қонар бақ, ер жігітке бітер дәулет Ақ адал елге еткен еңбекпенен.
Сынама хас батырды жаралыда, Сынама хас сұлуды қаралыда. Өзіңе өзге қамқор болсын десең, Басқаның қарап үйрен қабағына.
О. Асқар
|
|
Сергелдеңге түссе мал жаман, Ығыр болса ел жаман. Үлгісіз пішсе тон жаман, Төресі теріс би жаман.
Бесіктегі жас бала, Жетім қалса сол жаман. Алты қанат ақ орда, Иесіз қалса сол жаман.
Жіліктері жылтылдап, Жаңа түскен келіншек, Жесір қалса сол жаман.
Тоңқайып масақ термесе, Өз күнін өзі көрмесе, Тоқсандағы шал жаман.
Ұзындығы бес қабат, Көлденеңі төрт қабат, Төсеніштің жоғы жаман.
Қайтып келген қыз жаман, Қайта шапқан жау жаман. Бәрін айт та бірін айт, Бәрінен де жоқ жаман. Қазулы жатқан көр жаман.
|
|
Бір тасып, бір азаймас дәрия бар ма, Жан сырын жасырмайтын жария бар ма. Ініге үлгі-өнеге болам десең Алдыңғы қарап үйрен қарияларға.
Ит болмас қасқыр қанша баққанменен, Оқ тимес ажалсызға атқанменен. Жалқауға сөз, шабанға қамшы өтпес, Жібімес тас өзенде жатқанменен.
Жібекке мақтасаң да бөз жетпейді, Шабан ат жемдесең де тездетпейді. Жаманмен жайды білмес болсаң жолдас, Басыңнан ертелі-кеш сөз кетпейді.
Жел соқпай шөптің басы қозғалсын ба. Артқыға айта жүрер сөз қалсын да. Қолыңнан келсе көптің көңлін көтер, Біреудің қалған оңбас көз жасына.
Әр адам жақсы көрер мінездесін, Кісіні хош көрмеген кім іздесін? Сақтасын жамандардың жаласынан, Түсіме өнім түгіл, кіргізбесін.
|
Біржан сал бірде серіктерімен екінші бір ауылға келе жатса, ауыл сыртындағы өзенде бір топ қыз шомылып жатыр екен. Қасындағы жігіттер серіге: "Осы қыздарға бір ауыз өлең айтыңыз"-деп қолқа салған соң, Біржан қыздарға қарап:
Бауыры Көкшетаудың қара қайың, Қар кеткен соң болады малға жайың. Ішінде адал да бар, арам да бар, Ей, қыздар, былғамаңдар судың лайын,- депті. Сонда бір қыз судан басын көтеріп:Ұшады аққу көлден сабаланып, Біз қалдық сіздің сөзге назаланып. Келед деп игі жақсы аулымызға,
...
Толығымен (Подробнее)»
|
|
Қасқырда қуат қалмаса, "Апа" дейді ешкіні: Тоңған-торқа көреді, Қырық құрау ескіні. Үміт үзбе, бұзылса да, Ісіңнің, ерлер, кескіні. Ұмытарсың, күн шықса, Айсыз түнгі кешкіні, Бірде тұман бірде ашық, Бұл дүниенің бес күні! Тұрмағамбет Ізтілеуов
|
|
Бір қатын сыйлаумен қатын, Бір қатын қинаумен қатын. Нағыз қатын, сол қатын- Һәр нәрсені ойлаумен қатын.
Қатының жақсы болса Көңілді жықпас. Ыңғайың біліп, Сөзіңнен шықпас. Ақымағына жолықсаң, Өз бойына мін тақпас. Жұмсақ сөйлесең, жеңемін деп Мылтық жасап атсаң да бұқпас.
Қатын алсаң, таспа белді торыны ал, Ол болмаса аққұбаның зорын ал. Бұл екеуі болмаса, қажымайтын қараны ал. Бұл үшеуі болмаса, Жүзі сары, көзі көк, Былшылдаған сөзі көп Соған жолығарсың…
|
|
Атақты Байдалы би тоқсан жасында қос жанарынан айырылып, мүгедек болып қалады. Бидің көңілін сұрауға келген замандасы: -Байдеке, күн өткен сайын тұрмысыңыз жүдеп барады. Алдында үш, артында екі мың жылқысы бар туыстарыңнан неге көмек сұрамайсың депті. Сонда жасаураған көзін орамалымен сүрткен би: -Ағадағы мал-аспандағы мал, Інідегі мал-іннің түбіндегі мал, Туыстағы мал-қуыстағы мал, Қыздағы мал-құздағы мал, Өз алдындағы жоқ нәрсені санама,-деп жауап қатады. Сәлден кейін сөзін былай деп жалғастырады: -Зағип көңілін кім ашар? Хал сұраған тең ашар. Жабыққан елдің көңілін, Өзен су мен кең қоныс, Бұлтсыз ашық Күн ашар. Ат көңілін кім ашар? Жалқұйрығын тараған, Сұлы менен сүт беріп, Күніне жеті қараған, Ардақтап мінген ер ашар. Ер көңілін кім ашар? Әлдилеп сүйген бала ашар.
|
|
Мал-басы өскен адамның Алды-арты бұрқар бу болар. Көтере алмай дәулетін Көрінгенге бу қылар. Не боларды білмейді, Өзінен-өзі зор болар, Жетім менен жесірге Қазары ылғи ор болар, Онымен жолы болмайды, Біреуден қайтып қор болар.
|
|
Бір қыз жерге қарайды, бір қыз өрге, Қайсысы оның татиды үздігерге? Басыңды көп қатырма, байғұс жігіт, Анасын көр алдымен, қызды көрме.
Сұлу қыз, мұнша неге бұландадың, Бос тастап екі қолды, сылаңдадың. Қолыңа қона қалған қаршыға едім, Қайтейін, қадірімді біле алмадың.
Жайлауы біздің елдің Құланөтпес, Бөріге ит қарғысы сірә жетпес. Жігітке қыз қарғысы майдай жағар, Десең де «ішің толғыр» еш нәрсе етпес.
Тойдың көркі, топ сәні қыз-келіншек, Қыз-келіншек дегенде біз көңілшек. Өмірдің еш қызығы болмас еді, Бізден қыздар, қыздардан біз бөлінсек.
О. Асқар
|
|
Бісмілла, бісмілладан деп айтамыз, Жаман сөз жарамаған неге айтамыз? Жаман сөз жарамаған біз айтпаймыз, Мұхаммед құдай досы деп айтамыз.
Бісмілла, бісмілладан екеу екен, Жүйрікті шабан қуып жете ме екен? Барында тіршіліктің иман ізде, Өлген соң имансыз жан бекер екен.
Бісмілла, бісмілладан бірден сабақ, Алдында үлкендердің жезден табақ. Бермесең тірі күнде «зекет-ұшыр», Өлген соң алдың тозақ, артың қамақ.
Бісмілла, бісмілладан бісмілла ашар, Білмейді бісмілланы кейбір нашар. Аузыңнан бісмілланы тастамасаң, Періште жолыңды ашып, шайтан қашар.
Ей, Алла, беріп ең сен адамшылық, Танылмас тап бермеде наданшылық. Мұхаммед үмбетімін, сиынамын, Денеме дарытпас деп жаманшылық!
Ел ішінен жазып алған О. Асқар
|
Жалаңаш жалпы жарлыға, Жарқыраған жаз артық. Берекесіз тобырдан, Бірлігі күшті аз артық. Сырын білмес аққудан, Сырлас болған қаз артық. Айғайласқан ашудан, Сыпайы айтқан сөз артық. Қайындағы күйеуден, Қарғы таққан тазы артық. Жетім менен жесірге, Көмектескен ел артық. Ел намысын ақтаған, Еңіреген ер артық.
...
Толығымен (Подробнее)»
| |