«Ұсынсам қолым жетер ме...»
Ұсынсам қолым жетер меҚырдан асқан түлкідей,Қырмызы қызыл заманға.Айтсам сөзім өтер меАқылсыз туған жаманға.Қайыра қамшы сермеме,Сүйекке біткен шабанға.Екі жақсы дос болса,Бірін-бірі қия алмас.Екі жаман дос болса,Бір мекенге сия алмас.Қас жаманға мал бітсе,Ебіменен жидым дер,
...
Толығымен (Подробнее)»
|
«Қанағат амандықтың қадірін біл...»
Өнершек жігітлікте жүрме бекер,Бір кеңес жұрт тыңдарлық айтсаң нетер,Үлгілі жақсы сөзден тағлым берсең,Халыққа төрт-бес дуан атың кетер.Ат аспанда, нұр пейіште деген сөз бар,Құдайым жақсы десе ұжмақ нетер,Қанағат амандықтың қадірін біл,Жастық өтіп, кәрілік бір күн жетер.Жастықтың қызығы бар күнінде жас,Өнер беріп әр жерге айласаң паш,
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Жамбыл ем, кеше кім едім: Дуадақ едім шөлі жоқ, Аққу едім көлі жоқ, Сыбызғы едім үні жоқ. Енді, міне, кім болдым, Елім сүйген жыр болдым! 1935
Көп қарға тең келмейді бір сұңқарға, Көп жылқы тең келмейді бір тұлпарға. Жақсының әрқашан да жөні бөлек, Жаман адам жарымас бір қымтарға.
|
Тақпақ
Хұрметлу зайғы ғұмырдан-Ұйқыда көрген түс артық.Тар жерде, тайғақ кешуде,Ерлердің қылған күші артық.Қу қанжыға жүйріктіңТопыраштан несі артық,Көктемесе жаңбыр боп,Қайырсыз жаздан қыс артық.Тобылғылы шұбарданПанасыз таудың несі артық?Қадір білмес туғаннанҚұныңды білген дос артық.Дүниеге қару қылмайтын,Қартайған шалдан жа
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Өзін ғана ойлаған Жамандықтың белгісі. Өзгені де ойлаған Адамдықтың белгісі. Үлгілі сөз білмеген, Надандықтың белгісі. Бар-жоғына қарамас, Анық жомарт ер кісі. Өз үйінде салғыртсу, Сараңдықтың белгісі. "Беташар", Алматы "Өнер" 205бет,
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Жағалай елің қонбаса,Суы тұщы болмаса,Мал-жанның бәрі сусындап,Мейірі онан қанбаса,Көл дегенің немене?!Ынтымақ-бірлік болмаса,Елдікке мойын бұрмаса,Үлкеннің айтқан сөздерін,Кіші қолдап тұрмаса,Ел дегенің немене?!Еліне құрбан болмаса,Абырой-бедел қонбаса,Ағайын-туыс, ел-жұртыБатырым-ау деп тұрмаса,
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Кім армансыз?
Дүниеде адам бар ма арманы жоқ,Біреудің қатыны жаман, дәрмені жоқ.Баласы тілін алмас біреулердіңСалатын оны жөнге пәрманы жоқ.Біреудің борышы көп төленбеген,Баласы бойдақ отыр үйленбеген.Айрылып ел-жұрты мен ағайыннанБіреулер жат елде жүр үйренбеген.Біреудің жаман болар алған жары,Біреулер менсінбейді, байы кәрі.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Айдан ару нәрсе жоқ, Түнде бар да, күндіз жоқ. Күннен ару нәрсе жоқ, Күндіз бар да, түнде жоқ. Мұсылманшылық кімде жоқ. Тілде бар да, ділде жоқ. Көшпелі бейнет, көп дәулет Біреуде бар да, бірде жоқ. Іздегенмен таппайсың, Осы кезде белгісіз, Талайдың орны мүлде жоқ. Ғалымның сөзін тұтпасаң
...
Толығымен (Подробнее)»
|
 Жалғасы....Сөздері салмақты екен қорғасындай,Құр сөзге құн бола ма үн қосылмай!Серпінді, зор дауысты әнге шебер,Жақсы ақын Қыдыралы-міне, осындай.Дейді екен жеңгелері Молдабала,Кетейін сөзге жылжып жорға қара.Артына хатқа жазып сөз қалдырса,Ұмытпас халқы оны сонда ғана.Сәлем де Керімқұлдай шешеніңе,Шежіре, әрі білгір көсеміңе.Аузына орыс-
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Жүргенде бір шапандық олжа сынды,
Ел-жұртым көрген еді көз жасымды. Қанды көз қарақұстың тырнағынан, Босатып зорға алып ем өз басымды.
Сонда бір қызыл гүлім сарғайып ең, Жаралы жүрегімнен зар жайып ем. Бұтаға қорғалаған бозторғайдай, Халқымнан көмек тілеп қол жайып ем.
Ел-жұртым тілегіме құлақ салып, Шығып ед жаным күйген өрттен алып. Қайықтай дауыл қуған қалтылдасам, Сен едің пана болған, қалың халық.
Мен риза, риза шығар жұрт та маған, Сезе ме тұщы-ащыны ұрттамаған. Ақ жүзім күзгі гүлдей солғын тартты, Күн қаққан шүберектей жұртта қалған.
Ел едік Үйсін-Найман аулы аралас, Қосылған төскейде мал, төсекте бас. Көптен-ақ өздеріңе мәлім еді, Көзімнен жас аққаны қан аралас.
Жалайыр жалпақ жуас берекелі, Жасымнан мәлім еді ел мекені. Арықтап, аңсай іздеп келгенімд
...
Толығымен (Подробнее)»
|
|
«Саясы жоқ бәйтерек...» Саясы жоқ бәйтерек Саздауға біткен талмен тең, Жақсы ағаңыз бар болса, Алдыңда сары белмен тең, Ағайының көп болса, Ұлық бір шеру қолмен тең, Ақылсызға сөз айтсаң, Алды бір тұйық жармен тең, Молдадан сабақ алсаңыз, Алуа, шекер балмен тең, Пайдасы жоққа жалынсаң, Семіз бір жемқор малмен тең, Жақсы қатын алсаңыз, Алланың жауған нұрмен тең, Жаман қатын алсаңыз, Маңдайға біткен сормен тең, Уайымшыл жігіттің Кең дүниесі тармен тең, Уайымсыз жігіттер Қара бұлан нармен тең, Жетесі жаман жігіттер Тоқсандағы шалмен тең, Жаманнан көрген қорлығың Көкірекке біткен шермен тең, Бір қалған соң көңілің Қаңтарда қатқан мұзбен тең.
|
|
Үстімде сұр шинелім, Ақсаңдай басып келемін. Қанды қырғын, қызыл от, Қаптап жүр ажал дегенің.
Үстімде сұр шинелім, Ақсаңдай басып келемін. Қағып-соғып жығар ма Оңайлықпен мені өлім.
Үстімде сұр шинелім, Ақсаңдай басып келемін. Баяғы Қасым, бір Қасым, Баяғы күйім, өлеңім.
Үстімде сұр шинелім, Ақсаңдай басып келемін. Ұмытса да достарым, Ұмытар ма мені елім.
|
|
Жатырмысың, әй, Сапар, (ақынның жұбайы, 37 жасында Ақмола қаласында қайтыс болған) Топырақпен барабар. Қара шымды жамылып, Жатқаның ба, гүл қызар.
Қазір келдім басыңа, Жалғыз Садық қасымда. Топырақ астында қалыпсың, Отыз жеті жасында.
Қалдым көрмей жүзіңді, Естімей қалдым сөзіңді. Жеткізбей хабар бір адам, Жеткізе алмадым өзімді.
Сұрақсыз кешу ол менен, Топырақ көрдім мен сенен. Қауіпті болса, мен кештім, Көрмеген соң мен зиян.
Есілде қалдың топырақ, Мінгізбей тәңірім ол пырақ. Жарым Сапар, қош енді, Кетемін енді мен жырақ.
Өмірім бойы қусам да, Жаспен бетім жусам да, Жарым Сапар, қош енді, Тұрмайсың мың жыл тұрсам да.
|
Еділ, Жайық екі өзен, Талсыз болар деймісің, Көкшетаудың көп көлі Елсіз болар деймісің. Ботакөзді бойжеткен Жарсыз болар деймісің, Абылай қонған кең қоныс Елсіз болар деймісің. Еркін жайлап қонған соң, Малсыз болар деймісің, Тұлпар туған құлыншақ Ерсіз болар деймісің, Тебінген тепкі тиген соң Терсіз болар деймісің. Алқынған арын баспайтын Өрсіз болар деймісің, Орын тапқан ер жігіт Жерсіз болар деймісің, Орда тігіп орнаса Төрсіз болар деймісің!
Балаларыма өсиет: Қылмаңыздар кепиет, Бірлігіңнен айрылма, Бірлікте бар қасиет. Татулық болар береке, Қылмасын жұрт келеке, Араз болсаң алты ауыз Еліңе кірген әреке. Талпынып салдым егінді, Ішсін деп әркім тегінді, Ақылың барың ұғарсың, Ойың болса сезімді. Тоқсанға жас келген соң, Өлім жақын көрінді. Бар арманым, айтайын, Батырларша жорықта Өлмедім оқтан, қайтейін!.. Ел аман болсын ыла
...
Толығымен (Подробнее)»
|
|
Жақсы әйел бойын түзеп сылақтайды, Өз байынан басқаны ұнатпайды. Үйіне мейман түссе хош келдің деп, Еш адамнан рұқсат сұратпайды. Жаман әйел байымен ұрысады, Мейман келсе қабағы тырысады, Бұл үйден шай ішкенмен оңбассың деп, Мейман байғұс басқа үйге жылысады. Жақсы әйел дәулетіңе жөн келтірер, Әйелің долы болса күнде өлтірер, Жақсыдан жаман туған бала болса, Атаға үйде жатқан сөз келтірер. Жақсы әйел айтқан сөзді кектей қоймас, Осал жігіт әйелге беттей қоймас, Жауыз қатын қабаған ит сияқты Ер жігіттің түбіне жетпей қоймас.
| |