Воскресенье, 07.12.2025, 06:32
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 13
Гостей: 13
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Тәлім өлең
« 1 2 3 4 ... 8 9 »

Жақсы әйел бойын түзеп сылақтайды,
Өз байынан басқаны ұнатпайды.
Үйіне мейман түссе хош келдің деп,
Еш адамнан рұқсат сұратпайды.

Жаман әйел байымен ұрысады,
Мейман келсе қабағы тырысады,
Бұл үйден шай ішкенмен оңбассың деп,
Мейман байғұс басқа үйге жылысады.

Жақсы әйел дәулетіңе жөн келтірер,
Әйелің долы болса күнде өлтірер,
Жақсыдан жаман туған бала болса,
Атаға үйде жатқан сөз келтірер.

Жақсы әйел айтқан сөзді кектей қоймас,
Осал жігіт әйел беттей қоймас,
Жауыз қатын қабаған ит сияқты
Ер жігіттің түбіне жетпей қоймас.

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 788 | Добавил: модератор | Дата: 20.07.2015

«...Айналасын жер тұтқан»
Айналасын жер тұтқан
Айды батпас демеңіз.
Айнала ішсе таусылмас
Көл суалмас демеңіз.
Құрсағы құшақ байлардан
Дәулет таймас демеңіз,
Жарлыны жарлы демеңіз,
Жарлы байға тең келіп,
Жайлауға жарыса көшпес демеңіз,
Жалғызды жалғыз демеңіз,
Жалғыз көпке теңеліп,
Бір жапанда соғысып,
Кегін алмас демеңіз.
Құландар ойнар қу тақыр
Қурай бітпес демеңіз.
Қурай бітпес құба жон,
Құлан жортпас демеңіз,
Құрсағы жуан боз ие
Құлын алмас демеңіз.
Қулық туған құлаша
Құрсақтанбас демеңіз.
Қу таяқты кедейге
Дәулет бітпес демеңіз.

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 787 | Добавил: модератор | Дата: 01.05.2015

Бұл заманда не ғаріп?
Ақ қалалы боз ғаріп,
Жақсыларға айтпаған
Асыл шырын сөз ғаріп.
Замандасы болмаса,
Қариялар болар тез ғаріп,
Қадірін жеңге білмесе,
Бойға жеткен қыз ғаріп.
Ел жағалай қонбаса,
Бетегелі бел ғаріп.
Қаз-үйрегі болмаса,
Айдын-шалқар көл ғаріп.
Мүритін тауып алмаса,
Азғын болса пір ғаріп.
Ата жұрты бұқара
Өз қолында болмаса,
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғаріп.

 

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 745 | Добавил: модератор | Дата: 18.01.2015

Нақыл сөз
Аспан толған жұлдыздан-
Жарқырап туған Ай артық.
Жабы туған тұғырдан-
Қазанат туған тай артық.
Әділетсіз ұлықтан
Қайыры бар бай артық.
Түйе сойған жиыннан
Тоқты сойған той артық.
Тіл алмаған ұлыңнан-
«Сіз, біз!»-деген іні артық.
Кедектеп басқа келіннен
Кескектеген ит артық.
Көріп алған көріктіден
Көрмей алған текті артық.
Аттың несін мақтайын,
Алқалы топты жармаған?!
Түйенің несін мақтайын,
Алыс жолға бармаған?!
Адамның несін мақтайын,
Жауыздардың арын арлаған?!
Қатынның несін мақтайын,
Қағып төсек салмаған?!
Баланың несін мақтайын,
Атаның тілін алмаған?!
Қыздың несін мақтайын,
Айтса бір сөзден қалмаған?!
Молданың несін мақтайын,
Өлі менен тірінің
Бәрін бірдей жалмаған.
Бухараны сөгіп қайтейін:
Жаман-жақсы болса да,
Бір уақыт& ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 872 | Добавил: модератор | Дата: 20.12.2014

«Араз бол, кедей болсаң ұрлықпенен...»

Араз бол, кедей болсаң ұрлықпенен,
Кете бар кессе басың шындықпенен.
Қорек тап бейнеттен де тәңірің жәрдем,
Телмірме бір адамға мұңдықпенен.

Адамға бір өзіңдей көзің сүзбе,
Бір әділ қазнасы кең патшаңды ізде.
Қорексіз еш пендесін қалдырмайды,
Жаратқан бір тәңіріңнен күдер үзбе.

Мақтанба бақыттымын деп бағыңызға,
Қартаймақ қиын сауда тағыңызда.
Іске аспай бақ-дәулеттің қалуы оңай,
Басыңнан бағың тайған шағыңызда.

Мақтанба сұлумын деп ажарыңа,
Ажарсыз адамдарды ал назарыңа.
Зылиха, Жүсіппенен сұлу өткен,
Тұрмаған ажар ара ажалына.

Жүйрікте болмайды көрік сыналмаған... ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 3427 | Добавил: модератор | Дата: 14.08.2014

  Ақын, жазушы, драматург, көсемсөзші -журналист Ақылбек Шаяхмет
Жол шегі емес ұзақ жүріп келгенің,
Жеткен күнің-өткен күнді қайталау.
Бірақ, басты олқылығы пенденің -
Сонда кеткен кемшілікті байқамау.

Қартайған шал тұрса-дағы қаусап тым,
Атқан таңға, батқан күнге қызығар.
Өткен күндер таңбасындай саусақтың,
Әрбір айда, әрбір жылда ізі бар.

Мерзімі бар әр сағат пен тәуліктің,
Өлшемі бар әр мезгілдің жылдағы.
Бір-бірімен бірдей емес барлық күн,
Бірдей емес аққан су мен құм-дағы.

Өткен күндер -жүріп өткен іздерің,
Асау аттай ілінбеген құрыққа.
Сезген кезде салқындаған күз демін,
Қыстың таяу қалғандығын ұмытпа!

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 915 | Добавил: модератор | Дата: 15.06.2014

Ақын, жазушы драматург-журналист Ақылбек Шаяхмет

Біреу қазып, біреу жазып күн көрер,
Біреу айтпай, біреу айтып үлгерер.
Әр кісінің бар үйренген кәсібі,
Бір-бірінен қайсысы артық, кім білер?!

Шымбайына шындық батса жым болып,
Жүргендер бар жағынумен күн көріп.
Нағыз бақыт-төккен тердің өтеуі,
Есіл еңбек еш кетпесе құм болып.

Біреу қолмен, біреу тілмен күн көрер,
Жұмыс таппай жүрген де бар сенделген.
Айналысар құлай сүйген ісімен
Нағыз маман өз кәсібін меңгерген.

Кімге бөгет, кімге көмек, кімге өріс,
Жер бетінде толып жатыр күнкөріс.
Сол күнкөріс адалдықтан аттаса-
Арғы жағы жиіркенішті, бүлген іс...

 

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 870 | Добавил: модератор | Дата: 01.04.2014

  Қазақстанның Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері, С. Ерубаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Ханбибі Есенқарақызы.
Періште  емес, пендемін,
Мәңгі емеспін, демдемін!
Көрдім талай мықтының,
Мықыны көктен келгенін!

Періште  емес, пендемін,
Көкте емеспін, жердемін.
Бағаламас бақырға,
Бақ қонғанын көргенмін!

Арман-өлмей, көктедің,
Сез ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1166 | Добавил: модератор | Дата: 26.01.2014

Болмайды сұлу қылықты жаман қатын,
Білмейді оқытсаң да сөздің салтын.
Ілмелеп, салған жерден кекесіндеп,
Қылады ұрыс жанжал сөздің артын.
Кетеді таң атқан соң өсек бағып,
«Қонаққа тамақ бер» деп ептеп айтса,
Жүреді теріс қарап жылмың қағып.
Кісіге күле сөйлеп, келмес жанап,
Былшылдар ел көзінше байын талап.
«Таусылды қант, мейіз, ет пен шай» деп,
Қонағын қыстай келген бәрін санап.
Сыпырмас үйдің ішін, киіз қағып,
Еш уақыт шаруа қылмас отын жағып. ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 791 | Добавил: модератор | Дата: 24.11.2013

Ақ жүзді әйел алсаң бойы сұңғақ,
Қасыңа шақырғанда келсе зулап.
Дауысы «әу» дегенде әрең шығып,
Кеудесі еңкейгенде етсе бұлғақ.
Қара қас, жазық маңдай, қара көзді,
Дауысы жіп-жіңішке, жұмсақ сөзді.
Мінезі майдай, еріткен қорғасындай,
Келсе де ерте-кешті бір мінезді.
Жүзінің ақ аралас, қызыл беті,
Жаман сөз сөйлемейді, адал жіпті.
Болғанда тісі аппақ, пісте мұрын,
Ауызы қалжың сөзге болса епті.
Жат қылық, шайпау мінез еш болмайды,
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 871 | Добавил: модератор | Дата: 22.11.2013

Тауға біткен қайыңның
Солқылдар басы жел өтсе
Тоғайға біткен жоңышқа
Солғын тартар күн өтсе.
Ерні салпы ер аты
Семірмес қайта ер өтсе.
Еңкейіңкі тартады
Ер қолыңнан мал кетсе.
Арбадан үркіп жаман ат
Ер салдырмас жал бітсе.
Қайыры болмас ғаріпке
Асылсызға мал бітсе.
Тәңірден тілеп алған ұлдарың
Тіл қайтарады ер жетсе.
Хан бұрылып сұраған,
Ажары болмас арудың
Екі он бестен жасы өтсе.
Сылдырап белін шешінген,
Назданып аяқ көсілген,
Алғаныңа, жандарым,
Қадірің кетер күн болар
Ер қартайып жас жетсе
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1078 | Добавил: модератор | Дата: 27.09.2013

  Ханбибі Есенқарақызының шығармасын ұсынып отырмыз. Ол қазақтың белгілі ақын қызы, Қазақстанның жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері, С. Ерубаев атындағы әдеби сыйлықтарының лауреаты.

Періште емеспін, пендемін,

Мәңгі емеспін, демдемін!
Көрдім талай мықтының,
Мықыны көктен келгенін!

Періште емес, пендемін,
Көкте емеспін, жердемін.
Бағаламас бақырға,
Бақ қонғанын көргенмін!

Тасасында иықтың,
Шындыққа бас иіпп ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1183 | Добавил: модератор | Дата: 10.09.2013

Қалады-ау
(Соңғы әні 1976 жыл)
А-ау!
Қайран елім, туған жерім,
Ажал жетсе қалады-ау.
Қара көрге, қатты жерге
Халқым шулап салады-ау.
Жалғыз «көйлек» еншім тимек,
Жалаң аяқ, жалаң бас.
Есіл тәнім, салтанат сәнім,
Жел астында қалады-ау.

Жарым, балам, іні-аға,
Жора-жолдас қалады-ау.
Ақ домбырам, қағаз-қалам,
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1226 | Добавил: модератор | Дата: 27.08.2013

(Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жинаған үлгілерінен)
Жар басына қонбаңыз,
Дауыл соқса үй кетер.
Жатқа тізгін бермеңіз,
Жаламенен бас кетер.
Жаманменен жолдас болсаңыз,
Көрінгенге күлкі етер.
Жақсыменен жолдас болсаңыз,
Айрылмасқа серт етер.
Ит жүгіртіп, құс алсаң,
Киген тоңын түлкі етер.
Сыпайы сырын білдірмес,
Ақырын ғана бүлк етер.
Алыстан қызыл көрінсе,
Манат емей немене. ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1397 | Добавил: модератор | Дата: 14.08.2013

Әй, достарым
Әй, достарым, жігіттерім,
Болмасқа болушы болма!
Қолыңнан келсе қыл қайыр,
Кісіден алушы болма.
Жақсының жүзі жәндетті (ажарлы),
Бір көруің ғанибет-ті.
Жаманның ісі міндет-ті.
Зар берсе (жалынса да) алушы болма!
Жоғары қарап оқ атпа,
Өзіңнің түсер қасыңа.
Ақылсыз жанды досым деп,
Басыңды қосып сыр айтпа.
Күндердің күні болғанда,
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 929 | Добавил: модератор | Дата: 01.08.2013

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz