Воскресенье, 07.12.2025, 07:56
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 11
Гостей: 11
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Тәлім өлең
« 1 2 ... 5 6 7 8 9 »
Жақсы жігіт ел-жұртының қаласындай,
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай.
Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады,
Қыранның қырдан байқар баласындай.
Жаман парқы жақсымен бірдей емес,
Жақсы жігіт елінің ағасындай.
Жақсының сөзін әркім пайдаланар,
Миуалы алма, өріктің ағашындай.
Жаманның көкірегі-көр, көзі-соқыр,
Жүрер жолдан тал түсте адасып-ай.
Жақсы адам қай жерден ажырайды,
Жақсымын деп бәрі жүр таласып-ай.
Жамандар-өтірікші, өсегі көп,
Ел-жұрттың іріткі салар арасына-ай.
Жалған сөзбен бықсытар ел арасын,
Жанбай қалған ағаштың шаласындай.
Соқтығып әркімге бір ұрынады,
Сиырдың тентек болған танасындай.
Сондай жанның ешкімге сүйкімі жоқ,
Жылқының қотыр болған аласындай.

Жақсы кісі көрінер жыл құсындай,
Жаман адам балтаның ұңғысындай.
«Олақтан салақ жам ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 12052 | Добавил: модератор | Дата: 15.06.2011

Біраз тәлім айтайын балаларға,
Жолдас болмас тұйғын мен қара қарға.
Таңдап тауып өзіңнің теңіңді сүй
Дос-жарансыз өмірде дара қалма.

Болғанда шәйнек күміс, тәлеңке алтын,
Досыңмен жақын жүрген болма салқын.
Досыңмен жақын жүрген болсаң салқын,
Болмайды бұрынғыдай көңіл жарқын.

Арғымақтан ат жақсы, шабыс болса,
Ағайыннан жат жақсы, таныс болса.
Жолдас болсаң жаманмен жарға жығар,
Жазатайым аяғың шалыс болса.

Бір жүйріктен бір жүйрік қалыспаған,
Жолдасыңа жолдасым таныспаған.
Екеуінің сауабын біз алайық,
Жақсы болмас жақсыдан алыстаған.

Жүйрік бар жүйрікте де шыға салма.
Досың тұрып, дұшпанның тілін алма.
Жолымды қосар болсаң жақсыға қос,
Тап қыла көрме, тағдыр, пейілі тарға.

Шықпайды жерге егін екпесеңіз,
Келмейді арман өзі жетпесеңіз.
Көнбейтін дұрыс іске жан болмайды,
Абайлап ақылменен ептесеңіз.
ЖАЛҒАСЫ БАР... ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1003 | Добавил: модератор | Дата: 12.06.2011

Жігітке қисық мінез мінменен тең,
Жараспас жас бойына сынменен тең.
Надан бар қолы сараң, көңілі қарау,
Ақ жүрегі қараңғы түнменен тең.
Күлдіргіш, қалжыңға ұста тәуір жігіт,
Көңілдің бақшасында гүлменен тең.
Ойланып сасқан жерде тапқан ақыл,
Заты жалған болғанмен шынменен тең.
Ақылыңда жарасқан жақсы жолдас.
Кіндігіңнен тараған ұлменен тең.
Ойыншыл, қалжың, сықақ көтерген ер,
Терісі жуан елі пілменен тең.
Жақсы атадан жарым ес бала туса,
Қайырымсыз, қайғылы суменен тең.
Ойсыз, мисыз болады кейбір жігіт,
Жігеріңді қылады құмменен тең.
Біреуден пайдаланған ақыл, білім,
Жаңбырмен араласқан нұрменен тең.
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 2309 | Добавил: модератор | Дата: 15.05.2011

Әлі есімде көк белестер,
Көк белестер көзге елестер.
Егін орған, серуен құрған,
Қызу күндер, қызық кештер.

Көз алдымда көл айдыны,
Суға төнген тал-қайыңы...
Құрдасым деп, сырласым деп,
Сәлем жазсам, бар ма айыбы?!

Гүлге оранған ел сүйгендер,
Берекелі бел-белестер.
Сен жүрген жер-сен сүйген жер,
Сағат сайын көзге елестер.

«Оқу бітер, қыз сүйген ер
Келер жетіп бір күні» де.
Сен сүйген жер-мен сүйген жер,
Мені тыңның тұрғыны де.

Қара көзім-қарлығашым!
Менен бұрын әнім барсын.
Сүйген болсаң, сенген болсаң,
Сарғаярсың-сағынарсың!
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 967 | Добавил: модератор | Дата: 20.04.2011

Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің.
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.
Балалықтың қадірін
Саналы болғанда білерсің.
Асыл менен жасықты
Бағалы болғанда білерсің.
Бостандықтың қадірін
Жабылғанда білерсің.
Қалтаңдағы ақшаңды
Қағылғанда білерсің.
Денсаулықтың қадірін
Ауырғанда білерсің.
Ақ бетіңнің қадірін
Қан кеткенде білерсің.
Ақ білектің қадірін
Әл кеткенде білерсің.
Жиырма бестің қадірін
Жас өткенде білерсің.
Қара көздің қадірін
Нұр кеткенде білерсің.
Татулықтың қадірін
Дос кеткенде білерсің.
Жақсы әйелдің қадірін
Өлгенінде білерсің.
Жақсы туыс қадірін
Көмгенінде білерсің.
Аяқ-қолдың қадірін
Ақсағанда білерсің.
Отыз тістің қадірін
Қақсағанда білерсің.
Қызыл тілдің қадірін
Тоқтағанда білерсің.
Білгеніңді сөйлеп қал,
Білгендерден ғибрат ал!
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 997 | Добавил: модератор | Дата: 14.04.2011

Бомж
Жығылғандай самалдан қияқ талып,
Бойындағы жайына ұят қалып,-
Тұрады да қояды көз алдымда, 
БОМЖ менің көлеңкем сияқтанып.

Тұрған  көлдей көңілді тұнып көптен,
Шайқап шыққан елдегі бүлік шектен,-
"Қаламгерде" отырмын азан-қазан,
Арақ ішіп шетелдік жылып кеткен.

Құлазыған жанымды қоям қайда,
Бала сезім қайтадан оянбайды, ә.
Суылдатып жүректі бір қорқыныш,
Түсіреді үрікпе қоян жайға.

Көтерместен жүрісті атүсті арман,
Табиғаттай бұзылып оқыс, қарғам,-
Күй кешемін кей кезде БОМЖдардай,
Таңғы асын іздеген қоқыстардан.

Қарақошқыл биіктеу белдеуліктен,
Жыланқабық жарасы шелдеу біткен,-
Қараңғылау қатынға қапа көңіл,
Түбі тесік шелектей жөндеу күткен.

Бар-ау білем ұққанға күнде алалық,
Баяғыда бала едім тұл далалық,-
Қала бұзды, шешем жоқ ұрсатұғын,
Алсам ба екен қара шаш түнді ана ғып.
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1240 | Добавил: модератор | Дата: 05.04.2011

Бала кезден оралып бір ізгі леп,
Көкіректі көмескі мұң тілгілеп.
Бәз қалпыңда қайнарыңдай ырыстың,
Елестейсің санамды үрлеп, үңгілеп.

Көз алдымда көгалдарың желекті,
Сол көгалда бетімді алғаш жел өпті.
Сол көгалда қиыла алғаш қараған,
Кербез құрбым иыққа ілген шелекті.

Көгендерің қыл шылбырдан есілген,
Қозыларың құлақта ен кесілген.
Ақ саулықтар еміренген қотанда,
Әлі күнге шықпай-ақ жүр есімнен.

Ақ шағылың ақ боз аттың жалындай,
Қоғаларың сайдың сәмбі талындай.
Ақша бұлтың шымылдықша жасырған,
Ақ бас шыңың талпынатын бағымдай.

Енесіне ұмтылысып еліре,
Құлындарың жұлқынысқан желіде.
Көк майсада шашыраған ақ сәуле,
Ақ тарыдай жеңгем түйген келіге.

Әупілдегің мазалаған зарлы үнмен,
Қос өркеші қайшыласқан боз інген...
Енді оралмас өкініштей жоқ бүгін,
Келсем іздеп таба алмаймын өзіңнен.

Қысыла аққан бұлағыңның сылдыры,
Тасқа соққан ерке тамшы сыңғыры.
Бала к ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1342 | Добавил: модератор | Дата: 19.03.2011

Ал, дүние, өтеріңді біліп едім,
Білдірмей серілікпен жүріп едім.
Бұл күнде арық қойдан бағам кейін,
Үш жүзді сайран қылған Біржан едім.

Қара су есік алды ылайланды,
Бай қылмақ, кедей қылмақ құдайдан-ды.
Камзолдай қысқа пішкен дөңгеленіп,
Дүние өтерінде шыр айналды.

Ағаш үй ол жаққаным қобылы (қобди сияқты де
ген мағынада) пеш,
Құдай-ау, ғапу етіп күнәмді кеш.
Теміртас, Асыл, Ақық (Біржанның балалары)-қарақтарым,
Байлаулы арқандағы қолымды шеш.

Теміртас, Асыл, Ақық қалдың зарлап,
Ежелден мирас екен зарлап қалмақ.
Көз көрген құрбыларға сәлем деңдер,
Дұғасын оқи берсін әдейі арнап.

Ел кездім Кертөбелмен арықтатып,
Жа ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 4147 | Добавил: модератор | Дата: 25.02.2011

Қартайып та барамыз, өмір өтіп,
Ай, күн, жылдар ауысып, желіп өтіп.
Бәрін берген табиғат бірақтағы,
Жаратпаған өзекті темір етіп.

Желкілдеген кешегі шөбі жетіп,
Жайлауымның қуарды көгі кетіп.
Сақалымды қайнатқан құртқа малды,
Самайымды сар таңдақ тебін етіп.

Қартайып барамыз-ау, өмір өтіп,
Жаратса да өмірге жемір етіп.
Қорғасындай құйғандай ауырлады,
Аяқтағы кешегі жеңіл етік.

Ажарым, базарымның ебі кетіп,
Ұялшақ, қорғаншақтың кебі жетіп.
Бір күнде келіндерге қайнаға едім,
Енді міне барады келін етіп!

Қартайып барамыз-ау, өмір өтіп,
Дәрігердің болса да емі жетік.
Қол, аяқ, белдемені мүжіп жатыр,
Атасының қалғандай кегі кетіп.

Тұрмасын білгеннен соң тегі бекіп,
Бұл жазира жалғанның шегіне өтіп.
Өмірге өз еншісін өтеп болып,
Қалыпты құрдастардың көбі кетіп.

Ел іргесі гүлдесін толып жетіп,
Жастарымды жайнатсын көңілдетіп.
Мен өткен өміріме налымаймын,
Ұрп ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1067 | Добавил: модератор | Дата: 29.01.2011

Аяма қолда барды адамыңа,
Ол сенің жол ашады қадамыңа,
Адамның адамшылдық айырмасы,
Бір іспен ат қалдыру заманына.

Күн шығар, қырау кебер, гүл ашылар,
Бәсеңдеп бірте-бірте жел басылар.
Серпіліп қара бұлт та, қайғы тарап,
Жарқырап шат өмірге нұр шашырар.

Белес-белес белдерден жел еседі,
Егіз туған қозы, лақ тел өседі.
Танымайтын кісідей жуаспасақ
Сыртымыздан көрген жан не деседі.

Тай мен құлын биеге жарасады,
Жалғыз қалған жапанда адасады.
Шарапаты жақсының көпке ортақ,
Көру үшін әркімдер таласады.

Бір кезек, екі кезек, үшке шейін,
Қолыма қайшы алып іс кесейін.
Барында оралыңның ойна да күл
Ұйықтап жата бермей түске шейін.

О. Асқар
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 925 | Добавил: модератор | Дата: 26.01.2011

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жинаған зерттеуі бойынша Бұхар жыраудың айтқаны:
Жар басына қонбаңыз,
Дауыл соқса үй кетер,
Жатқа тізгін бермеңіз,
Жаламенен бас кетер.
Жаманменен дос болсаңыз,
Көрінгенге күлкі етер.
Жақсыменен жолдас болсаңыз,
Айрылмасқа серт етер.
Ит жүгіртіп, құс алсаң,
Киген тонын түлкі етер,
Сыпайы сырын білдірмес,
Ақырын ғана бүлк етер.
Алыстан қызыл көрінсе,
Манат емей немене.
Көтеріліп ұшқан құс,
Қанат емей немене.
Екі жақсы бас қосса,
Санат емей немене.
Қамшылатып жүгірген,
Шабан емей немене.
Айтқан сөзге түспеген,
Жаман емей немене.
Кісі ақысын көп жеген,
Арам емей немене.
Іштегі сыр аллаға мәлім,
Сыртыңдағы қулығың,
Амал емей немене.
Сусағанда берген су,
Шекер емей немене.
Һәметсіз ерге біткен мал,
Бекер емей немене.
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1166 | Добавил: модератор | Дата: 14.01.2011

Жақсы жігіт ел-жұртының қаласындай,
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай.
Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады,
Қыранның қырдан байқар баласындай.
Жаман парқы жақсымен бірдей емес,
Жақсы жігіт елінің ағасындай.
Жақсының сөзін әркім пайдаланар,
Миуалы алма, өріктің ағашындай.

Жаманның көкірегі-көр, көзі-соқыр,
Жүрер жолдан тал түске адасып-ай.
Жақсы адам қай жерден ажырайды,
Жақсымын деп бәрі жүр таласып-ай.
Жамандар-өтірікші, өсегі-көп,
Ел-жұрттың іріткі салар арасына-ай.
Жалған сөзбен бықсытар ел арасын,
Жанбай қалған ағаштың шаласындай.
Соқтығып әркімге бір ұрынады,
Сиырдың тентек болған танасындай.
Сондай жанның ешкімге сүйкімі жоқ,
Жылқының қотыр болған аласындай…
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 2744 | Добавил: модератор | Дата: 09.01.2011

Бақ-дәулет, мал бітерде ырыс қонар,
Ынтымағы ағайынның дұрыс болар,
Бала пайдакүнем болар,
Жалшы жауынгер болар,
Қыз қылықты болар,
Келін епті болар,
Көп көрініп жау қашырар,
Көмектеп қонақ аттандырар.
Адамы қырлы болар,
Малы түрлі болар,
Иті үреген келер,
Тіркеген малы жүреген келер.
Бақ, дәулет, мал көшерде ырыс қашар,
Біреуі біреуіне пәле жасар.
Бала пайдасыз болар,
Жалшы жалқау болар,
Қыз қылықсыз болар,
Келін керенау болар,
Қатыны салақ болар,
Ат мінсе жалақ болар,
Адамы қырсыз болар,
Малы түрсіз болар,
Иті үрмес,
Тіркеген малы жүрмес.
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1149 | Добавил: модератор | Дата: 12.12.2010

Бұл заманда не ғаріп?
Ақ қалалы боз ғаріп,
Жақсыларға айтпаған
Асыл шырын сөз ғаріп.
Замандасы болмаса,
Қариялар болар тез ғаріп,
Қадірін жеңге білмесе,
Бойға жеткен қыз ғаріп.
Ел жағалай қонбаса,
Бетегелі бел ғаріп.
Қаз-үйрегі болмаса,
Айдын-шалқар көл ғаріп.
Мүритін тауып алмаса,
Азғын болса пір ғаріп.
Ата жұрты бұқара
Өз қолында болмаса,
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғаріп.
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 4863 | Добавил: модератор | Дата: 11.11.2010

Жақсы әйел бойын түзеп сылақтайды,
Өз бойынан басқаны ұнатпайды,
Үйіне мейман түссе хош келдің деп,
Еш адамнан рұқсат сұратпайды.

Жаман әйел байымен ұрысады,
Мейман келсе қабағы тырысады,
Бұл үйден шай ішкенмен оңбассың деп,
Мейман байғұс басқа үйге жылысады.

Жақсы әйел дәулетіңе жөн келтірер,
Әйелің долы болса күнде өлтірер,
Жақсыдан жаман туған бала болса,
Атаға үйде жатқан сөз келтірер.

Жақсы әйел айтқан сөзді кектей қоймас,
Осал жігіт әйелге беттей қоймас,
Жауыз қатын қабаған ит сияқты
Ер жігіттің түбіне жетпей қоймас.
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 953 | Добавил: модератор | Дата: 04.11.2010

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz