Ит тойған жеріне, Ер туған жеріне.
Ер елінде, Гүл жерінде.
Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.
Жеткен жерінде көгерер, Ер елінде көгерер. Есің барда ел тап.
Ат айналып қазығын табар. Ер айналып елін табар.
Пәлен жерде пайда бар, Өз жеріңдей қайда бар.
Жақсы жігіт жер шолып, Ақыр түбі айналар.
Пәлен жерде бақыр бар, Іздеп барсаң мыс та жоқ.
Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.
Өз елім-өлең төсегім.
Сағынған елін аңсайды, Сарала қаз көлін аңсайды.
Жалғасы бар...
|