Бір заманда тышқандар жиналыпты, мысықтан қалай құтылуды кеңесіпті. Ұзақ әңгімеден кейін бір тышқан тұрып: -Мысықтың мойнына қоңырау тағып қою керек. Сонда оның келе жатқаны алыстан естіледі. Біз інге тығылып үлгереміз,-дейді. Көпшілік: -Бұл табылған ақыл екен,-деседі. Сонда манадан үндемей отырған бір ақылды тышқан тұрып: Жарайды, мысықтың мойнына қоңырау тағу керек дедік. Ал, сонда оның мойнына қоңырауды кім, қайсың барып тағасың?-депті. («Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелерінен»)
|