-Достармен бірге жүріп өлген-той. (Бабыр.)
-Шын дос жол ортада қалмас болар. («Моңғол құпия шежіресі».)
-Жақсы киім бойға жарасады, Жақсы жолдас ойға жарасады. (Ә. Науаи.)
-Нағыз достан айрылу қиын. &nb
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Иа, Алла! Маған қолымнан келетін істі атқаратын қуат бер, қолымнан келмейтін іске ұмтылмайтын ерлік бер, осы екеуін бір-бірінен айыра алатын ақыл бер.Шығыс ұлағаты.
Ұлы адамның есігі-бақыттың кені. Ұлы адамдардың мейірімділігі-бақыттың кілті. Жігіттің күш-қуаты-байлықтың желі.Иассауи кесенесіндегі жазу.
Жазған адам құдай қинап түртінер,Бұ жалғанды жай етті Алла бір түнер.Бір түнейтін не бар өмір-сымақта,Тіле құт пен күш-қуатты жұмақта.Жүсіп Баласағұни.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
«Elrayi.kz» сайтында педагогика ғылымдарының докторы, ақын, жазушы Әдібай Табылдиев үлкенге де, кішіге де өнеге болар өсиет сөзі жарияланды. Бұл ұлағатты ойлар біздің оқырманға да ой салары анық.1. Қазақта «тірі адам тіршілігін жасайды» деген мақал бар. Сол тіршіліктің қисыны, тірліктің тәртібі, әдебі бар. Әрбір адамның негізгі тірліктері: ұйықтау, ояну, киіну, жуыну, сергу, еңбек ету, тынығу. Бірақ бұл «тірліктің» өз тегі, қалпы тәртібі болады, соны біле жүру маңызды.2. «Әбілет басқанды ұйқы басады» деп халқымыз бекер айтпаған. Ұйқы қалпынан асса- ол-ауру. Әрбір әдепті адам уақтысында жатып, дер кезінде тұрып тіршілік жасамаса, адамдық қасиетінен айырылады. Ал ерте тұру үшін ерте жату ләзім. «Еліктеткіш» теледидар көріп немесе бос сандалып көше кезу әдептілік емес. Тіршілік негізі уақтылы оянудан басталады. Ол үшін бір мезгілде жатып ұйықтап, б
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Отыра қалсақ, аяқтыаяқты айқастыра отыру тіпті әдет болып кетті десек артық болмас. Мамандардың пікірінше бұл әдеттен ерте арылған дұрыс екен. Бұл әдеттердің арылу керек екендігін баса айта кеткеніміз жөн. Аяқты айқастырып отыру көк тамырларға зиянын тигізеді. Осыдан барып варикоз пайда болып, қан ұйып, тамырлар арқылы қанның тарауына үлкен әсері бар екен. Сондықтан осы әдеттен ерте арылған өздеріңізге пайдалы.
|
1.Қанағат егесі бол. Өз халіңе шүкір қыл. Күйеуің не нәрсе алып келсе де, ол жейтін немесе киетін нәрсе болсын, кішіпейілділік көрсет.2.Күйеуіңе әрдайым мойынұсын. Істе деген істерін істе, істеме деген істерін істеме!3. Күйеуің түсетін жерлерге жақсылап көңіл бөл. Және үйіңнің іші сыртын неғұрлым таза ұста. 4.Үсті басыңды таза ұста. Күйеуің әр дайым әдемі ғана иіс сезсін, мұрнына жаман иіс бармасын. Себебі жаман иіс сенің абыройыңды түсіреді.5.Тағамды уақтылы дайында. Яғни тамақтанатын уақытын ешқашан кешіктірме. Күйеуің келісіменен дереу дастархан жай, себебі аш адамның ашуы тез келеді.6.Ұйықтайтын және оянатын уақытын біліп ал! Төсегін де уақтылы дайында. Ұйқсыздық та адамның қапа болуына апарады.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
(«Керек кеңестер», №1, 2011ж)Қыздардың қалтасынан түспейтін заттардың бірі-айна. Естуімше, арулар күніне айнаға кем дегенде 20 шақты рет қарайды екен. Ал айна адамның көңіл-күйіне тікелей әсер ететін сиқырлы зат. Америка ғалымдары күні бойы айнаға жиі қараған жанның кешкісін көңіл-күйі болмай, өзін нашар сезінетінін байқаған. Бұл әдет есте сақтау қабілетін де төмендетеді дейді. Өйткені айна адамның өмірлік күш қуатын өзіне тартып алып, ағзаны әлсіретін қасиетке ие. Кейбір деректерде ескі немесе басқа біреудің айнасына қарауға мүлде болмайды, ол адамды қырсыққа ұшыратады делінген. Өйткені айна адамның жағымсыз жақтарын «бойында ұстап қалады» да, оны басқа адамға «жұқтырады».Бұдан сақтану үшін айнаны күн сәулесі мол түсетін тұсқа қою керек, сонда жаман энергия жойылады. Бетін жиі сүртіп, тазалау да жақсы к
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпауы керек, себебі қыздың жалаңаш жеріне көп көздің құрты түскіш келеді. Ал халықта: «Есті қыз етегін қымтап ұстайды» деген мақал бар. Әйелдің жалаңаш денесі еркектің құмарлығын қоздырады. Ақылмен бөгеп, сабырмен тұсалмаған құмарлық таудан төңкерілген сең сияқты: жолыңдағының бәрін ұйпа-тұйпа етіп, жайпап, жойып кетеді. Сондықтан әйелдің еркек құмарлығын қоздыратын ашық-шашық жерді көбейтпей, жауып, жария етілмейтінін қымтап ұстауы абзал. Әсіресе етікті қара санға дейін көтермеу, кеудені жалаңаштамау жөн. Сонда еркек елеңдемейді, әйел алаңдамайды, адалдық бұзылмайды. Ешкіммен барқылап ұрыспа, бағаңды жоясың. Қарқылдап күлу, тарқылдап сөйлеу-дарақылық белгісі. Кемшіліксіз болмайды, оны көруден оңай жоқ. Кісі кемшілігін тез көруге емес, тез түзетуге көмектес. Қыздың қатты күлудің қажеті жоқ, жігіттерге оның жымиғаны да жетіп жатыр. Ауыз шешендік әркімде болады. Әсіресе қыздың аузы сүйре
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Сәкен Майғазиев, әнші: Ең тамаша қорған-Алладан дұға тілеу
Құран
оқыған кезде өнер адамдары есіме көп түседі. Құдды «мені ұмытып
кетпесеңші» дегендей ойыма орала кетеді. Марқұм Нәби Аймұрат, Руслан
Бөлебай, Мәдина Ералиева және «Тамаша» тарландары көз алдыма келіп,
тілеме оралып, дұғама қосылып жатады.Сәкен, сіз арманы орындалған азаматтардың бірісіз. Адам арманының барлығына қол жеткізу мүмкін бе?-Кез
келген арманың орындала қалуы мүмкін емес қой. Жүз жерден жүгірсең де
бұйырмасқа жетпейтінің және бұйырғанның кетпейтіні бар. Бұл-«пешененің
жазуы» болса керек. Жолыңда кездескен кедергіге қарамай, еңбектену
арқылы өзің діттеген мақсатқа жетуге болады деп ойлаймын. Барлығымыз
білетін екі бақа туралы
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Еш жаңылма, болсаң әділ ойда егер,Бос жіберме жігіт кезді-пайда көр.Біл бағалай: жүрмес жастық қалтаңда,Өтер өмір тістей қатып қалсаң да.Жас жігерге табын, білсең сол барын,Бос өткізбей ізде зейнет жолдарын.Ж. Баласағұн
Уақытты босқа өткізу-ең ауыр шағын. Ж. Бюффон
Адам баласының табиғаты қызық қой,-байлығынан бақ-дәулетінен айырылғанда қатты налиды, ал асыл уақытының мән-мағынас
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Ырым-тыйымдардың барлығын қалт жібермей орындамаса да, есте ұстап жүргеннің өзі жақсы.Әкесі тірі адам төрге шықпайды, бас ұстамайды. Себебі, ер азамат әр отбасының тірегі. Сол себепті, ол ұстап отырған шаңырақтың төрі де, бас та, бәрі-бәрі тек үй иесінің құзырында болуы тиіс. Ал әкесі тірі адам ол отыратын төрге шығып, отағасы кесуі басты ұстаса, оған қиянат жасалды деген ұғымды білдіреді екен. Сондықтан да, әкесі жоқ адамдар ғана бұлай істеуге болады.Үйге кірген жыланды өлтірмейді. Басына ақ тамызып, шығарып жібереді. Себебі, кей кездерде періштелер жылан бейнесіне еніп, жер бетін шарлайды екен. Сондықтан жылан кейпінде келгендердің кейбірі періште болуы да мүмкін деген түсінік бар.Тұзды бейберекет шашпайды. Себебі, барлық тағамның дәмін келт
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Қыста тым тығыз тоқылған немесе аса қалың бас киім кимеген жөн, өйтсеңіз шашыңыз «дем ала» алмайды. Ауа кірмеген шаш әсем қалпын жоғалтып, тез майланады. Бас киіміңіз шашыңызды түгел жауып тұруы тиіс. Аязды күндері қорғансыз, яғни бас киім сыртында қалып қойған шаш тез сынғыш болады, жиі ұшталуының сыры да сонда. Күн суықта жалаңбас жүру бастағы қан айналымын нашарлатып, тамырларды тарылтатынын, шаш содан сиреп, түсетінін де айта кетейік.
|
«Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.Өзің білмесең, білгендерден үйрен,Үйренгеннен ештеңе кетпейді».Жасаулы деп, малды деп, байдан алма,Кедей қызы арзан деп, құмарланба.Ары бар, ұяты бар, ақылы бар,Ата-ананың қызынан ғапыл қалма.Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жанАнық төмен болмай ма хайуанан.Сабырлылық алдында дұшпан сасады,Саб
...
Толығымен (Подробнее)»
|
 Өлеңін жазған Т. Молдағалиев Музыкасын жазған Ш. Қалдаяқов
Құрбым, жан құрбым, бала кезімнен, Бақыт көріп ем қара көзіңнен. Кеттің ұмытып, мүлдем ұмытып, Жібін үздің ғой нәзік үміттің. 2 рет
Тұрып қасында көрдім көктемді, Сонау күндерден бүгін жоқ белгі. Шамын басқаның жақтың, аяулым, Сендей бақытты қайдан табармын. 2 рет
Әнім сен едің кешке салатын, Содан жас жаным бақыт табатын. Тағы келді ғой құстар ән салып, Тұрмын оларды жалғыз қарсы алып. 2 рет
Бақтар гүлдеді біздің қырдағы, Жаңб
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Әйелдерде: А) Қарнының үсті қатты қысылғандықтан бұл жағдай жатыр ауруларына, түсікке себеп болады. Ә) Қарнының төменгі бөлігінің ауруына, бел суықтауына жол ашады. Б) Зәр шығару мен қуық, несеп жолдарына кері әсер етеді. В) Жыныс мүшесінің тыныстауына кедергі келтіріп, бөртпе қышыма ауруларын тудырады. Ер кісілерге: А) Асқазанның қалыпты жұмысына кедергі келтіретіндіктен ас қорытудың бұзылуына әкеліп соғады. Ә) Қан айналымын бұзады. Б) Ұрық (сперма) саны мен қозғалысын азайтатындықтан балалы болу мүмкіндігін шектейді, белсіздікке ұрындыру да мүмкін. В) Жыныс мүшесі қысылуға ұшырайтындықтан тікелей өз қызметін жоғалтуы мүмкін. Ислам дінінде тобыққа дейін екі аяғы, екі алақаны, жүзінен басқа жерін бөтен кісілерге көрсетпеу әйел үшін парыз, ал ер кісілер үшін екі тізесі мен кіндік арасын жабық ұстау міндетті болып табылады. Киім кигенде тырысқан тар шалбардың зиянды екенін ескерген жөн.
...
Толығымен (Подробнее)»
| |