Қазақ тағамтану академиясының директоры Төрегелді Шарманов ағамыз былай дейді: -Балалар ағзасына қандай дәрумендер пайдалы? Жас ағзаға қандай минералдар қажет? -Өкінішке қарай, ел арасында "көкеніс пен жеміс-жидек ағзаға қажетті барлық дәрумендермен, минералдармен толық қамтамасыз етеді" деген қате пікір бар. Олай емес. Мысалы, күн сәулесі арқылы ағзада Д дәрумені түзіле бастайды. Жеміс-жидек пен көкеністерде С дәруменінің мөлшері жоғары болса, ағза аскөктен фоли қышқылы мен К дәруменін алады. Түсі қызыл жемістер бета-каротин береді. Ал басқа дәрумендер қыс айларында көбірек жиналады. Мысалы, В12, В5, Н (биотин) дәрумені көбінесе ет өнімдерінде кездеседі. Е дәрумені мен холин жұмыртқада, өсімдік майларында, яғни қыста пайдаланатын тағамдарда көбірек болады. Жазда күн сәулесінің радиациясы жоғарылап, қайнаған ыстық баланың иммунитетін төмендетеді. Асқазан-ішек жолдары мен паразитарлық аурулар көбейеді. Сондықтан, қыс
...
Толығымен (Подробнее)»
|
|
1.Ерінбеген емер, қажымаған женер. 2.Қас екеніңді қабағыңнан танимын. Сараң екеніңді тамағыңнан танимын. 3.Қорқаққа пана болмас қалың тоғай, Жалқауға бүгінгіден ертең оңай. 4.Қайғы қан аздырады, мылжың ми тоздырады. 5.Ұрыспай айырылған, ұялмай көріседі. 6.Қазан қолыңды күйелейді, Жаман жүзіңді күйелейді. 7.Сыйлап берсең, сараң да мырза болады. 8.Сойыл күшін соққы көрген біледі. 9.Қонымды киім-бойға көрік. 10.Шешеннің нақылы ортақ, Көсемнің ақылы ортақ. 11.Жақсы жүрген жеріне кент салар, Жаман жүрген жеріне өрт салар. 12.Жолдағы құйрықтан қолдағы өкпем артық. Жалғасы бар…
|
Алуан түрлі әдебиеттерде дұрыс тамақтанудың пайдасы жайлы құнды пікірлер бар. Солардың бірінде былай делінеді. Алла Тағала әуел баста жер-дүниені жаратқанда адам өміріне қажеттінің бәрін де қоса жаратқан. Көкте, жерде, жер астында, суда адамға қажеттінің бәрі табылады. Ас-ауқат, сусын-шырын жағы да түгел жеткілікті. Аң, құс, жеміс-жидек өнімдері түгелге жуық адамның қорегіне жарайды. Мал еті, құс еті, балық еті, әр түрлі жеміс, миуа өнімдері-адал ас, ауқат, сусын екені мәлім. Бірақ Алла Тағаламыз өзінің елшісі Мұхаммед ғалейһис салам арқылы қасиетті Құранда ескерткен, мұсылман баласының ішіп-жеуіне тыйым салынған арам нәрселер де бар. Олар: 1) доңыз еті; 2) өлексе; 3) қан; 4) "бисмиллә" деп сойылмаған кез келген малдың, аңның еті. Сол секілді арыстан, жолбарыс, қасқыр, қарсақ секілді жыртқыш аңдардың, бүркіт, қарға, сауысқан секілді жыртқыш құстардың тісі мен тырнағы тиіп, паршалаған хауаннаттардың етін жеуге тыйым салынады.<
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Темекінің зияндылығы туралы көпшілік біледі. Алайда, кейбір деректер еріксіз елеңдетеді. Америка мен Қанаданың бір топ дәрігерлері темекі тарту еркектерден гөрі әйелдер үшін хауіпті деген қорытындыға келді. Тартылатын темекі мөлшері бірдей болған жағдайда өкпе рагына шалдығудың статискалық орташа шамамен алғандағы хаупі еркектерге қарағанда әйелдер үшін екі есе артық болатын көрінеді.
|
Бұхаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында бұл жөнінде нешеме қызықты дүниелер бар. Мәселен қазақта үйге кіріп кеткен жыланды басына ақ құйып шығаратын әдет бар екені белгілі. Осыған орай жылан ақтан қорқады екен деуге бола ма? Сүткоректілердің бәрінің өз жемін ішіп-жеуіне бейім еріндері болады. Ал жылан біткеннің бәрінің ерні болмайды. Олардың ішке қарай иіліп қайқы біткен тістері жемдерін ұстауға ғана арналған. Жыландар өз тамағын ешқашан шайнай алмайтындықтан, бірден бітеудей жұтады. Жыланның жауларына қарсы қаруы әлгі қайқы тісі мен уы екені белгілі. Ал усыз жыландардың қатер төнгендей жағдайда жауына қарсы қайраны асқазанындағы бітеу жұтылған жемін қорытуға арналған ақ сұйықтың біразын шашады. Мүңкіген сасық сұйықтан есі кеткен жауы жыланды тастай салып өз басымен әуре болады. Жыландар мұндай қорғаныс қарекетін бір-біріне де қарсы қолданатын болса керек. Сонда жыландар басына құйылған ақты жауының әлгіндей қарекеті
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Бұл күнде теледидардан қайта-қайта жарнамаланатын заттардың бірі-сағыз. Еліктегіш жастардың бұған тез ден қойғанын көру қиын емес. Ал американ дәрігерлерінің өз отандастарын сағыз шайнауға онша әуес болмауға иландырғаны, өйткені мұның ас қорыту ағзаларына зиянды екенін ешкімнің ойына да келмейді. Асқазан сөлі көп бөлініп шығады да, ас қорыту жолдарының кілегей қабатын бұзады, мұның арты уылмаға ұласуы мүмкін екенін білген американдықтар сағызбен әуестенбейтін болды. Сағыз жасаушылар болса, енді өз өнімдерін бейхабар елдерге қарай тоғыта бастады. Теледидар жұртқа анық-қанығын айту орнына ақысын төлесе болды деп жарнамаларын жалғастырып, ілгерідегі сағыз өндірушілердің де, саудагерлердің де баий түсуіне, жастардың өз денсаулықтарына зиян келтіруіне жағдай жасайды. Бұл былай тұрсын, үкіметтің темекіні жарнамалауға тиым салған қаулысына қарамастан, қалталылардың қамын ойлайтын телеарналардың американ темекісін жарқырата жарнамалайтынын қа
...
Толығымен (Подробнее)»
| |