-Ол үшін бір апта ішінде қандай бағдарламаларды қанша уақыт бойы көргеніңізді дәптерге жазып жүріңіз. Әрбір бағдарламаны не үшін тамашалайтыныңызға мән беріңіз, ол қанша уақытыңызды алды, Сізге не берді, осы уақыт ішінде нақты қандай іс бітіруге болар еді-осының бәрін ой елегінен өткізіп көріңіз.-Өзіңізге сұрақ қойып көріңіз: осы уақытты теледидар көруден басқа пайдалы іске арнауға болар ма еді? Осыған үш түрлі жауап тауып көріңіз, олар Сіздің денсаулығыңызға пайдалы, өзіңізге ұнамды болуы керек және өміріңізді қызықты етуі тиіс.-Теледидар қосу алдында ойланып алыңыз. Көрмек болған бағдарламаңыздың Сізге өмірде берері бар ма? Жалпы, теледидардың адам өміріне тигізер пайдасын да жоққа шығаруға болмайды. Ол адамның білімін арттырады, көзқарасын кеңейтеді, ақпараттардан құлағдар етеді, көп нәрсені көріп, түс
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Бас аман болса, бөрік табылады.Қорқыт атаЖігіттің дені сау болса, сол-дәулет.ҚұтыпЖігітке дәулет те көп, байлық та көп, Қызығы дүниенің-есен-саулық.Төреқожа ХанқожаұлыЖігітке мықты дәулет амандығы,Қанағат барға етпесе надандығы.Нұржан НаушабаевАуру-сырқаудан сау дене дұрыс рухтың жемісі болып табылады.И. П. Павлов
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Ескерту: бұл деректерді компьютерден алыстау жүретін ата-аналарыңызға және де басқа көз көргендерге оқып берсеңіздер, ұтылмасыңыз анық. Сонымен негізгі болжамдарға көшейік. Шексіз қатты қуану-инфартке әкеп соғады. Үнемі қайғырып, үһілеп жүру-өкпені зақымдайды. Ызақорлық, ашуланшақтық-бауырды ауыртады.Қызғаншақтық, біреуді көре алмаушылық-бауыр мен бүйрекке зардабын тигізеді.Жылауықтық-жүрек қабының ауруына шалдықтырады.Шошып, үнемі үрейленіп отыру-өт жолын қабындырады.Біреудің қамын жеп, үнемі шыр-пыр болу... көк бауырдың ауруын туғызуы мүмкін.Аурудың асқын
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Қыс мезгілі келе жатыр. Жаздағыдай шаң-тозаң емес, ылғалдың әсерінен ауа біршама тазарады. Алайда техниканың көптігі қаладағы ауаны ластайтыны бәрімізге аян. Олай болса, демалыс күндері шаңғы тебуге тауға шақырамыз. Біз ауладағы бес-алты зейнеткер қар түсісімен тау баурайына барып, демалыс сайын шаңғы тебеміз. Керемет тебу білмесек те, қимыл-қозғалыстан соң ерекше сезімде боламыз. Әзіл-қалжыңымыз жарасып, уақыттың қалай өткенін білмей, қимастықпен үйге оралып, келесі жорықты асыға күтеміз. Келіңіздер, тауға, мазмұнды демалыс болатыны сөзсіз. Байжомартов. А.
|
Жалғасы...-Екі тізенің арасын қосып, табанын жерге төсеп отыратындар үнемі қорғаныста жүреді. Олар өз тарапынан бастама көтеруге, тізгін ұстауға жоқ адам. Жұрт оны сабырлы санайды. Алайда оларда сабырдан гөрі тұйықтық, жасқаншақтық басым.-Қос табанын қатар қойып, түзу тұратындар қандай жағдайда да өз қалпын жоғалтпайтын, мінез-құлқы салмақты, тұрмыс-тірлікке икемді. Жолдас-жора, жақын-жуықтарының артық-ауыс сөзіне, іс-әрекетіне кешіріммен қарайды.-Салмақты бір аяққа салып, екінші аяғын бос ұстайтындар біреулермен пікір таластыруға бейім келеді. Олар ойындағысын қипалақтамай ашық айтады. Ондай адамдар алдына қойған мақсатына иек артпай тыным таппайды. Көпшіліктің көңіл аударғанын, халықтың назарында жүргенді жаны сүйеді.-Екі қалтасына қол салып, аяқтарының
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Психологтардың айтуынша, кімнің кім екенін адамның тұрысы мен отырысынан-ақ байқауға болады екен.-Тізесін бірінің үстіне бірін қойып отырғандар өзіне өте сенімді болады. Олар кез келген қиындықты жеңіп шығады. Жұмыста да, тұрмыс-тіршілікте де тығырықтан оңай шығады.-Екі аяғын бір-бірімен орап, матап тастап отыратындардың өзіне сенімі жоқ. Қандай нәрсеге болса да, өз шамасы жетпейтіндей, қорқып жүреді. Ондай адамдар бүгін шешіп, іске асыратын шаруаны ертеңге қалдыруды жан тыныштығының бір жолы сияқты көреді. Мұндай жандар әлденеге қол жеткізуді ойласа бойына батылдық жинап, ширауы керек.-Аяқты айқастырып, алға созып жіберуді әдет қылған адамдардың мінез-құлқы өктем, маңайындағыларды өзінің айтқанымен жүргізіп тұрғызғысы келеді. Қашанда, қай жер, қай ортада да өзін басшы, өзгелердің қосшы болғанын қалайды.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Ағымдағы бұқаралық-ақпарат құралдарында жарияланған мына бір дерек өзіне еріксіз назар аудартатыны анық. Бұған дейін әлемдегі ең үлкен Құран кітап Татарстандағы мұражайда болатын. Енді одан да зор қасиетті кітап жарық көрді. Ауғанстанда тасқа басылған кітапты әзірлеуге каллиграфтар бақандай 5 жылын арнапты. Осынша уақыт ішінде әзірленген кітаптың сыртқы мұқабасын әзірлеуге 21 малдың терісінен иленген былғары кеткен екен. 218 беттен тұраты кітаптың салмағы-500 келі. Биіктігі-2,28 метр, ені-1,55 метр болатын кітапқа баспагерлер тек қағаз ғана емес, матаны да пайдаланыпты. Guardian сайты қасиетті кітаптың бағасы 360 мың евро екенін жазған.
|
Түймені үзгенде кесіп алмас үшін, түйме мен матаның арасына тарақ қойып барып, өткір ұстара дүзімен кеседі.Картоптағы қара таңбаны жою
Қайнап жатқан суға бірнеше тамшы сіркесу құйып жіберсеңіз картопта қара таңба болмайды. Және картопта ешқандай бөтен дәм де болмайды.Үсіген биязды қалай жаңартады
Үсіген биязды да пайдаға асыруға болады. Ол үшін үсіген биязды ерітпестен бірден салқын суға үш сағат салып қою керек.Сусынды мұзсыз салқындату
Сұйық зат құйылған шөлмек
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Қазақ апа, қарындасынан туған балаларды айрықша еркелеткен. Нағашысына жиен әрдайым батым болған. Жиені нағашысына «Қырық серкешімді алуға келдім»,-деп, арнайы нағашылап барады екен. Қазақта «нағашылап келдің бе?», жиендік жасайын деп жүрсің бе?» деген сөздер осындан қалған. «Қырық серкешін» даулап нағашылап барған жиен құр қайтпайды. Өзінің қалағанын (жалпы құны қырық серкештің құнынан аспаса) алып қайтады. Қазақта жиі айтылатын «жиеннің наласы қатты болады, сұрағанын беру керек», «жиенін ұрғанның қолы қалтырайды» деген сөздердің өзі жиеннің нағашысына еркіндігін, оның сұрағанын беру, ренжітпеу, ешқашан қандай жағдай болса да қатты сөз айтып, қол жұмсамау, үнемі бетінен қақпай еркелетіп жүру керектігін білдіреді. Сондықтан да болар жиен жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық сияқты алғысы келіп, көңілі түскен бұйымтайын нағашысы берсе қолынан, бермесе жолынан алуға ерікті. Ол үшін нағашысы жиенінің алғанын даулап қазының,
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Австралия ғалымдары балалардың тәттіге тәуелділігі сәби жасынан қалыптасатынын дәлелдеді. Бұған ата-аналардың өздері үлес қосады екен, сөйтіп, оның тәттіні шектен тыс пайдалану арқылы түрлі ауруға ұшырау қаупі артуына басты себепкер болады екен. Фмендерз университетінің ғалымдары 700-ге жуық жас аналар арасында сауалнама жүргізіп, нәтижесінде қызықты әрі ойлантарлық жауаптар алған. Яғни бұл аналардың әрбір төртіншісі балаларына алты айлығында-ақ қосымша тағам ретінде тәтті жеміс шырынын, түрлі күлшелер бергенін, тіпті кейбіреулері бір айлық сәбиіне қант бергенін де айтқан. Адамда тамаққа байланысты әдеттер өте ерте қалыптасады екен. Қатты тағамға қалыпты кезеңнен ерте үйренген адамдар құрамында қанты мен тұзы көп майлы тағамға әуестенуге аяғына тұрмай жатып-ақ ерте бейімделеді, ал бұл семіздікке апаратын бірден-бір жол.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Мына бір қарапайым қағидаларды есте ұстаңыз:-Сәтті адамдармен өзіңізді теңестіргенді қойыңыз. Дәл осы салыстыруларыңыз нақты ойыңызды толығымен жойып жібереді. Қол жеткізген табысыңызға назар аударып, өзіңізді мақтан тұтыңыз. Алдыңызға жаңа мақсат қойыңыз.-Алға қойған мақсатыңызды спорттық жарыс сияқты көзге елестетіңіз. Бақталасыңыз өте мықты және өзіне сенімді. Ол бақталас-өзіңіз! Енді алдыңызға қойған мақсатты бірнеше топқа бөліп қарастырыңыз. Ең бастысы, Сіздің мақсатыңызға қол жеткізуіңізге ықпал ете ме, жоқ керісінше, мақсатыңыздан аластата ма?-Мысалы, сіз Испанияға демалуға баруға дайындалудасыз. Сіз 3 айдан бері жаңа үлгідегі киім алумен айналысып жүрсіз. Ал енді Испанияға баруға киім алмасаңыз да болады. Бұл салыстырмалы түрде алынған мысал. Енді өзіңізге сұрақ қойыңыз, қалай қарай жылжып барасы
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Қазір ұл-қыздарының сабағының нашарлығын айтып, шағымданатын ата-аналар аз емес. Алайда нашар оқитын балалардың барлығы зейінсіз емес екен. Олар қайдан пайда болады? Оқушы тақтадағы жазуды, көрнекі құралдарды көре алмағандықтан, мұғалімнің айтқанын жақсы ести алмағандықтан, мидағы түйсіну-қорыту процесі нашарлайды. Көзі көрмеген нәрсені мида қорыту өте қиын. Мұндайда баланы кінәлаудан бұрын, оның денсаулығын кінәраттан арылту керек. Басқаша айтқанда, жаман оқитын бала жоқ, керісінше, көзі нашар көретін, құлағы кеміс балалар бар. Әрбір ата-ана баласын балабақшаға, мектепке алып барардан бұрын міндетті түрде денсаулығын толық тексертіп алғаны дұрыс. Дені сау бала ғана жақсы оқиды, болашағын ойлайды. Бұл-қағида.
|
Ұлттық құндылықтарын бәрінен жоғары қоятын түрікмен халқы осыған дейін шетелдік азаматтарға тұрмысқа шығатын қыздарына төленетін қалың малдың бағасын көтерген-ді. Енді ел басшылығы арулардың әдемілігін сақтап қалу мақсатында, оларға жұқа көйлек киюге тыйым салды. Сәуір айынан бастап балалар кітапханалары, республикалық музыка мектебі, консерватория және музыка училищесінің қыз-келіншектері ұлттық ою-өрнекпен безендірілген көйлек қана киеді. Алуан ақпараттарда да көйлек жеңінің ұшы алақанның ортасына дейін түсіп тұруы керек, мата бір түсті және үлбіреп, дене көрініп тұрмауға тиіс екені айтылады. Бұл нұсқауға Мәдениет министрі Гунча Мамедова қол қойған. Қысқасы, шифон секілді мөлдір матадан көйлек киюге мүлде болмайды. Денені ашық-шашық ұстайтындарға ескерту жасалып, қатаң сөгіс беріледі. Ал жұмыс барысында жеңі ұзын көйлек киюге болмайтынына шағымданған музыка мектебінің ұстаздарына жұмыстан шығуға өтініш жаза берулеріне кеңес берілген
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Күн көзіне күюге аса әуестену теріні қартайтады. Егер сіз теріңізді күннен қорғайтын болсаңыз, кем дегенде жастығыңызды 10 жылға ұзартасыз.
Жұмыстың көптігіне, уақыттың аздығына қарамастан адам күніне 8 сағат ұйықтау керек. Ұйқыны қандырып тұруды әдетке айналдырыңыз. Тамақты шақтап жеңіз. Аш жүрмеңіз, бірақ тамақты да көп жемеңіз. Салмағыңызды қадағалап жүріңіз. Салмақ жинау сыртқы келбетіңізге әсер ететіні жадыңызда болсын.Әрбір күнді бір стақан таза су ішуден бастаңыз. Аздап ұрттап ішуге тырысыңыз. Жан-дүниеңіздің тепе-теңдігін сақтаңыз. Стресс ерте қартаюға себепші. Сондықтан барлық нәрсеге жеңіл қарап, жүрегіңізге жақын алмаңыз.Махаббат-жастықтың нағыз емі. Сондықтан өз жұбыңызды табыңыз.Жұмысыңызды сүйіңіз. Жұмыс жасайтын адамдар өздерінің
...
Толығымен (Подробнее)»
|
1. Басты жауың-жалқаулықСорлататын жаныңды.2. Осалдығың-аңқаулықСоқтыратын саныңды.3. Жасқаншақ болсаң, ұры аларҚоралап қойған малыңды.4. Жалатқызбас жасықтық,Аузыңдағы балыңды.5. Өтірік айтсаң өңмеңдеп,Жоғалтасың арыңды.6. Өсек терсең телмеңдеп,Суға кетірер салыңды.7. Көпірме босқа мақтан қып,Түкке тұрмас барыңды.8. Көрінгенге жалтақтап,
...
Толығымен (Подробнее)»
| |