Воскресенье, 07.12.2025, 06:31
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 6
Гостей: 6
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Жас жеткіншектерге
« 1 2 3 4 5 6 »
Еліктің лағы орман ішінде келе жатыр еді. Оның алдынан аю кездесті. Ол ашуланып:
-Бұл жолмен сен неге жүресің?-деді лаққа.
-Жүрсе не болады?
-Бұл жолмен мен ғана жүруге тиіспін. Бұл-менің жолым!-деп ақырды аю.
Осы кезде арыстанның гүрілдеген даусы естілді. Ол жолмен осылай қарай келе жатыр еді. Бағанадан бері өктем сөйлеп тұрған аю қаша жөнелді.
-Ей, аю аға, жолыңды тастап қайда барасың?
-Мен байқамаппын. Бұл жол арыстандікі екен!-деді аю қашып бара жатып.
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 2807 | Добавил: модератор | Дата: 14.08.2011

Көрмейтінің жоқ екен тірі болсаң,
Қайтер едім, білмеймін, ірі болсам,
Күндіз-түні ауылым кетпейді естен,-
Қиын екен білдірмей іштей солсаң.

Қалың гүл етектегі қурағандай,
Атырап, түгел маңай, суалғандай,
Бір кездегі мектебім құлазып тұр,-
Жүрегімді аязбен суарғандай.

Күн шығар қабырғасы үңірейіп,
Мен тұрмын қарап оған меңірейіп,
-Отынға қысты күні ұрлап жаққан,-
Сондықтан қалды, міне, сүмірейіп.

Жұрт сөзі жүрегімді сыздатты әбден,
Айырылып қалыпты барлық сәннен,
Бір кезде шаршағанда әкем марқұм,-
Отырушы еді осы тұста алып сәл дем.

Өйткені өзі бастап тұстастары,
Ешқандай рұқсатсыз іс бастады,
Болашақ сәби қамын ойлап олар,-
Арттарына осындайлық із тастады.

Ауылдағы алғашқы мектеп еді,
Анамдар, кілең әйел, әктеп еді,
Бұл жайлы шала-пұла білген біздер,-
Он жыл оқып, көңіліміз көктеп еді.

Есік алды гүл еді, маңайы–тал,
Қалмапты біреуі де, бар ма амал?!
Аулағ ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 1082 | Добавил: модератор | Дата: 08.07.2011

Тіс түбі, яғни тістің қызыл еті ауырған жағдайда ас содасын суға шылап, саусақпен жағады. Артынан тіс щеткасымен ысу керек.

Суға езген қоймалжың ас содасымен тіс дақтарын тазартуға болады.


Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 967 | Добавил: модератор | Дата: 16.06.2011

Жанарыңды жанарыма қадай бер,

Менің күңгірт көңіліме арай бер.

Сөйлесінші қара көзің, қалқам-ау,

Түсінемін, тіл қатпай-ақ қарай бер.
 

Естіп тұрмын жүрегіңнің дабылын

Көріп тұрмын жас жаныңның дауылын,

Жанарыңнан ыршып түскен бір сәуле

Жылытады арманымның ауылын
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 2692 | Добавил: модератор | Дата: 01.06.2011

Барлық істі де ынсаппен істе. (Ю. Баласағұни.)
 
Кіріске қарай шығыс қыл:
Кейде шығын шығар болса бір іске,
Оның өзін шамалап ал кіріске.  (Ю. Баласағұни.)
 
Үш нәрсе тұрақтамайды:
Бірі-саудаға түспеген мал (дүние),
Екіншісі-таласқа түспеген ғылым,
Үшіншісі-саясаты жоқ патша.  (С. Сарайи.)
 
Әр адамға сай келетін бір жұмыс бар,
Әр жұмысқа сай келетін бір адам бар-
Осыдан шығатын бір ғибрат бар:
Әр адам өзі білетін ісімен айналыссын.  (С. Сарайи.)
 
Табысың жоқ болса, шығатын шығыныңды азайт.  (С. Сарайи.)
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 1046 | Добавил: модератор | Дата: 18.05.2011

Атасызға ата бол!
Батасызға бата бол!
Арып-ашқан қаріптің,
Жел жағына жота бол!

Панасызға пана бол,
Кек сақтамас бала бол!
Дос сүйініп, қас сыйлар,
Асу бермес дана бол!

Төле би бата беріп жайды қолын:
Қалидай нұрлы болсын оң мен солың,
Рүстем дастанындай мәшһүр болып,
Қарағым, қайда барсаң, болсын жолың!
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 5834 | Добавил: модератор | Дата: 15.05.2011

Дүниеге келген нәрестенің кіндігін ақ балтамен кесіп, таза жіппен байлайды да, түбіне күл себеді. Ақ балтаны өзге нәрестеге пайдаланбай, сақтап қояды.
Ер баланың кіндігін «үй күшік болмасын» деп қырдан асырып лақтырады. Ал қыз баланың кіндігін «үйдің құты болсын» деген ырыммен ошақ түбіне көмеді.
Жаңа туған сәбиді емізбестен бұрын таза суға малынған қасқырдың жүнімен ауыздандырады. Ерте кезде қасқыр киелі саналған, сондықтан да бұл ырым бала қасқырдай қайратты да қажырлы болсын деген ниеттен туындаған.
Нәрестенің ұйқысы тыныш болуы үшін және жын-шайтанды қуу мақсатымен адыраспанды түтетіп, баланы бөлерден бұрын бесікті айналдырып, аластап шығады.
Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе (шапан, кебенек, тон, жабу, жүген, қамшы және бесік көрпе) жабады. Кебенек пен қамшы-ер қорғайтын ер болсын деген тілекті білдіреді.
Ұл баланы қырық күнге жеткізбей, 37-39 күнде, ал қыз баланы қырық күннен асырып, 42-44 күнде қырқынан шығарады. Бұл ұл баланы ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 2065 | Добавил: модератор | Дата: 20.04.2011

1.Ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады.
2. «Есті қыз етегін қымтап ұстайды».
3.Әйелдің жалаңаш денесі еркектің ойын өзіне белгізеді. Жинақы жүр. Сонда еркек елеңдемейді.
4.Ешкіммен барқылдап ұрыспа, бағаңды жоясың.
5.Қарқылдап күлу, тарқылдалдап сөйлеу-дарақылықтың белгісі.
6.Кісі кемшілігін көру емес, түзеуге әуестен.
7.Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігітке оның жымиғаны да жетеді.
8.Ауыз шешендік әркімде бар. Қыздың көп сөйлемегені абзал. Қыздың күлкісі, жымиюы, бас изеуі, көзқарасы, жүріс-тұрысы-сайрап тұрған сөз.
9.Шошаңдаған қыз шешенің атына кір келтіреді.
10.Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскүнем-жақсы ананы ажалдан бұрын көрге кіргізеді.
11.Жақсы дос-жаман әкеден артық.
12.Үміт күткен ұлы оңбаған болса-әке,
Қызы күйеуге өтпесе-шеше,
Сұлу деп алғаны сүйкімсіз болса-жігіт,
Қыран деп тигені жапалақ болса-жар сорлы.
13.Кей адам кілт етпе келеді. Ол мін ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 1309 | Добавил: модератор | Дата: 12.04.2011

Тоқтайын
Бұл өмірдің иіріміне тастадың деп ойлама,
Тереңіне біз баттық деп, сен ініңді қинама.
Бұл өмірдің сағыздалған батпағына ағасын,
Қанатының астында өскен балапаны қия ма?

Қалай қасым барды бұған себепті, қалайша,
Сендер үшін табан тіреп тұрып алсам болмай ма.
Туған әке-анаңның сен орындарсың бар сөзін,
Нүкте қойсам мен осылай көңіл гүлің сола ма?

Жетік емес жол-тұяғы есек тұлпар бола алмас,
Көкке қарап атылғанмен, жылан сұңқар бола алмас.
Жас өмірім басқа арнамен биік шыңға самғасын,
Сендердің де  қайықтарың бұл өзенде көп қалмас.

Аз да болса еліктеп бір осы жерде тоқтайық,
Биік, асау  белестерге біздер қанат қомдайық.
Біріншісін жұлып қолдан, екіншісін беретін,
Таразы өмір табағынан араздықты таптайық,
Алдау менен арзандықпен мен де құрбым таныспын.

Осы алдаумен, сатқындықпен өмір бойы алыстым,
Мөлдіреген қара көзді алдағанша семсермен.
Достарымның қолын е ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 1535 | Добавил: модератор | Дата: 05.04.2011

Ал енді мен ақыл айтам,
Ақыл айтам, таңданба.
Қорлық үшін келген жоқсың мына өмірге,
Жалғанға.
Мына өмірде, жүрегіңде,
Бойыңда ыстық қан барда,
Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Ал енді мен ақыл айтам,
Ақыл айтам, таңданба!
Мәзіріңе, әзіріңе әулекі боп,
Алданба!
Шығатұғын күндерге де,
Ататұғын таңдарға,
Үмітпенен қарағайсың, жүрегіңде жан барда.

Өтер кетер, өтер кетер…
Дейміз ғой біз мұңайып.
Дейміз-дағы, жамаймыз деп, бір айыпқа
Бір айып.
Отандастар, ойлайықшы, ойымызға лайық.
Құласақ та тек биіктен
Құзға барып құлайық!

Бықсып жатқан қоламта емес,
Артымызда шоқ қалсын.
Болашақтың ошағында,
Біз тұтатқан от жансын.
…Ей, Болашақ!
Ей, Болашақ! Ошағыңда от жансын!
Мүмкін, бізді ұмытарсың…
Кім біледі?..
Жоқтарсың…

Мен тілеймін.
Жарқыным, сен де тіле:
Жақсыл ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 3882 | Добавил: модератор | Дата: 31.03.2011

Махаббат
Өмір жолы-ай түлкідей бұлаңдаған!..
Сүйгенім бар, сырым бар сұралмаған.
Махаббатсыз дүниенің қызығы жоқ.
Сүймей-күймей, ынтықпай тұрар ма адам!

Қатыгездік көп жанды жаралапты,
Түсінбей сезімдегі ғаламатты.
Өз басым жоғары ұстап келемін мен
Өміріме сән берген Махабатты.

Қос бұлақтай қосылдық ағып келіп,
Кеудемізге жалынды шаттық толып.
Біздің нұрлы Махаббат гүлдей берсін,
Ел аузында жүрейік аңыз болып.

Нарыным
Ер жеткізді, Нарыным, сенің нәрің,
Суыңменен сіңірдім бойға дарын.
Көзіме ыстық дидарың әрқашанда,
Нарыным, құштар саған менің жаным.

Саған талай сырларым ақтарылды,
Тәтті күндер жүректе сақталынды.
Еске аламын мен қазір сағынышпен
Жағаңда ойнап жүрген шақтарымды.

Сағыныштың лаулаған жалынын-ай!
Көрсетші сол күндерді тағы құдай!
Мендегі толғанысты сезбейсің бе?
Неге тыныш жатырсың, Нарыным-ай!

Жастық-ай
Жел сияқты соғ ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 1064 | Добавил: модератор | Дата: 21.03.2011

Ал енді «Қаражорғаның» мына мәтінімен танысып көріңіздер. Бір өтініш блог оқудан қашықтау жүретін үлкендерге өздеріңіздің танып жүргендеріңіз туралы айтып, ой бөлісіп отырсаңыздар, бұларыңыз олардың да жүрегін қуанышқа бөлейтіні анық...

Қаражорға
Қаражорға болмаса, бидің сәні келе ме,
Қос етек көйлек кимесе, қыздың сәні келер ме.
Ал қанекей жолдастар, біреуің шық той бастар,
Той дегенде дейді екен, домалайды қу бастар.

Ал халайық билеңдер, билеңіздер сүйгенмен,
Басыңыздар шаттанып, қаражорға биіне.
Қозсың барлық бейнеңе, қан тарасын денеңе,
Қаражорға болмаса, тойдың сәні келер ме.

Қаражорға ойнаңдар қой десе де қоймаңдар,
Қос жүректің шаттағын дәл осылай тойлаңдар.
Келе бермес ыңғайда, дәл осындай күн қайда,
Ойнаңыздар жамағат, билеңіздер мұ ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 1227 | Добавил: модератор | Дата: 14.03.2011

Ай не болар күннен соң
Күн не болар айдан соң,
Құлпырып тұрған бәйшешек
Қурай болар солған соң.
Хандар киген қамқа тон
Шүберек болар тозған соң,
Еңсесі биік кең сарай
Мортық болар бүлген соң.
Төрде отырған қарт бабаң
Төресін жаңылар малдан соң,
Доңғалақ арба жүре алмас,
Қос арысы сынған соң,
Жігіт жақсы бола алмас,
Алғаны жаман болған соң.

Фото: Государственная детская библиотека им С. Бегалина

Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 2011 | Добавил: модератор | Дата: 12.03.2011

Шойынбет бидің жалғыз қызы Азылханды Мұқаш бай баласына алып бермекші болады да бұларды Қарабұлақ деген жерде тұратын ауылына меймандыққа шақырыпты. Мезгіл қыс кезі екен. Бай қыстың көзі қырауда қымыз, өрік-мейіз сияқты түрлі таңсық тағамдарды алдына қоя отырып:
-Сіздің ауылда дастарқан осындай ма?-деп сұрайды.
Сонда Шойекең:
-Жердің үстіндегі халық бір-біріне немере-шөбере, құда-жекжат қой, мұндай тағамдар біздің ауылдан да табылады,-деп жауап беріпті.
Мұндай ұтқыр уәж күтпеген Мұқаш бай бас изеп: «Дұрыс айтасыз, дұрыс»,-деп өзі ұялып қалыпты.


Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 947 | Добавил: модератор | Дата: 04.03.2011

Жаратты неше алуан жұрт бір Құдайым
Тең етті бәрімізге күн мен айын.
Адамның адам біткен баласымыз
Қайсың бөлек тудың деп айырайын.

Бәріміз бір адамның баласымыз,
Жігіттер, бір-біріңе қарасыңыз.
Өмір деген бес күндік кетер өтіп
Атаң барған орынға барасыңыз.

Бұзбаңыз әділдікті бұл мал үшін
Жиясыз оны-дағы бір жан үшін.
Әзәзіл періштенің бастығы екен
Не болды тәкаппарлық қылғаны үшін.
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 4766 | Добавил: модератор | Дата: 22.02.2011

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz