Воскресенье, 07.12.2025, 06:32
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 13
Гостей: 13
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Жас жеткіншектерге
« 1 2 3 4 5 6 »
Айырдың басын жоғары қаратып қойма.

Аққуды атпа.

Ақтың жуындысын ағып жатқан суға төкпе.

Ақты төкпе.

Бейуақытта жылама.

Бейуақытта кісіге көңіл айтпа.

Бейуақытта ұйықтама.

Бейітке қарап түзге отырма.

Бейітке қолыңды шошайтпа.

Бейіт топырағын сәндеме.

Бейіт тұсынан шауып (жүгіріп) өтпе.
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 3436 | Добавил: модератор | Дата: 05.02.2011

Ел арасында болғанда үлкендердің кішілерге "күні ертең өздеріңе де керек болады, сонда қалай екенін білмей тұрсаң ұят емес пе, жинас мына үйді" деген сөздерін естігендер табылар. Ендеше мамандардың осы жөніндегі пікірлеріне ден қойыңыздар.
Үй жинаудың екі түрі бар: күнделікті жинау және үй ішін түгелдей тазартып, жинау.
Үйді күнделікті жинағанда былай ету қажет: таңертең желдеткішті, ауа райы жақсы болса, терезені ашып қою керек. Терезе алдына немесе желдеткіші ашылған терезенің тұсындағы орындыққа төсек-орынды қояды. Сулы шүберекпен жылтырланбаған, сырланбаған мебельдерді, есікті, терезе әйнегін жақтауларын, батареяларды сүртеді. Жылтырланған немесе сырланған мебельдерді түкті жұмсақ шүберекпен сүртуге болады. Одан соң қол орамалды, дастарханды қағып, төсек-орынды жинайды. Содан кейін щетканың басына оралған сулы шүберекпен еденді сүртеді. Еденді сулы ш ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 1155 | Добавил: модератор | Дата: 26.01.2011

Арғынның бір ақын қызы мен Жаппастың бір ақын жігіті айтысады. Қатты жаңбыр жауып тұрған күн болуы керек. Жігіт қыздың үйіне келеді. Екі қыз шапан қауып отыр екен.

Қыз:

Шекпенің жаңбыр жауған кепкен болар,
Қатынын жаман еркек тепкен болар.
Сақалын, мұртын қосып күзеп алсаң
Балаға он бес жасар шекпен болар.

Жігіт:
Көрінер қос қарқараң мүйіздейін,
Жоқ еді көп сақалым киіздейін.
Басымды әбжыландай қайқайтайын,
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 1547 | Добавил: модератор | Дата: 22.01.2011

Адамның жеке басының күтім-бабына қажет зат-бұйымдардың барлығы дерлік Батыстан талай ғасыр ілгері дамыған Шығыста шыққаны белгілі. Күннен көлеңке, жауын-шашыннан пана болатын қолшатыр ұстау Шығыс елдерінде мыңдаған жылдар бұрын әдетке айналған. Қолшатыр ұстау тектіліктің белгісі деп саналған. Египет перғауындары әдетте қолшатыр астында отырған күйінде бейнеленеді.  Қытайда төрт "қабатты" қолшатырларды патша әулеті ғана пайдаланатын болған. Қолшатырлар алтынмен әдіптеліп, күміспен көмкеріліп, оған асыл тастар таққан, гүл, тіпті қауырсын, үкі тағып та әдеміленген.
Европаға анағұрлым бертінде бірнеше ғасыр ғана бұрын әкелінген қолшатырлар негізінен жауын-шашында пайданылған. Мұнда алғашқы қолшатырлар былғарыдан тігіліп өте ауыр болғандықтан қызметшілер-күтушілер ұстап жүретін болған. Он сегізінші ғасырдан бастап көлеңк ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 1149 | Добавил: модератор | Дата: 09.01.2011

Дүниеге кімдер келіп, кім кетпеген,
Табиғат-түбі терең қол жетпеген.
Өтерін өмірінің біле тұрып,
Маңдайын пенде бар ма терлетпеген?
Баз біреу көп ақылға ие болып,
Жұмысын ешбір жанға жөндетпеген.
Баз біреу мал базарын мақсат етіп,
Ауруын ауамдықтың (надандық) емдетпеген.
Ақылдың ауырлығы қорғасындай,
Көңілді бұзық іске өрлетпеген.
Тынық бол тыпыршымай, есің болса.
Қаңтардың шуағындай желдетпеген.
Лұқпандай мың жыл өмір сүре-дағы,
Ақыры өлім кімді еңіретпеген.
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 1412 | Добавил: модератор | Дата: 03.01.2011

Еврей халқында өзім ұнататын мынадай қасиет бар: олар өзін-өзі зерттей, тани жүреді. Жастары білім алған соң он-он бес жыл түрлі, бір-біріне ұқсамайтын жұмыстарды істеп өзінің  қабілетін, қандай іске қызығатынын өзі тексереді. Сөйтеді де жақсы білетін, жақсы көретін, осы салада өз мүмкіндігімді толық игеремін-ау дегенін ұстайды, біреуі саясатты, біреуі дінді, біреуі кәсіпкерлікті, біреуі етікшілікті таңдайды, бірақ әрбірі өз ісінде жетістікке жетеді, сол істе үздік болуға ұмтылады.
Мырзакелді Кемел "Ақыл қалта" "Аударма"баспасы Астана, 2007ж, 67б.

Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 1429 | Добавил: модератор | Дата: 25.12.2010

Адамның біліміне ақыл серік,
Ақыл кен таусылмайтын жанға көрік.
Мидан шыққан сөзіңе тіл себепкер,
Қалай айтып сөйлесең өзіңе ерік.
Денеге аяқ басшы, ой жетекші,
Рақат таппақ адамзат көзбен көріп.
Жақсы менен жаманды сезбек үшін
Біздерге қойған жоқ па мұрын беріп:
Жаман, жақсы әр сөзді естіген соң
Бәрі дағы тұрады құлаққа еніп.
Тірлікте тырбанып қал сайран етіп,
Ажал келмей тұрғанда шауып жетіп.
Құрметсіз зайыбыңмен өмір сүрсең,
Қотыр бұзау секілді қалдың өліп.
Тұрмысқа тірі күнде бол себепкер,
Отырма құр үйіңде бойға сеніп.
Талап қыл, азды-көпті жұмса ойды,
Әр істің ақырын ойла, көңіл бөліп.
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 1616 | Добавил: модератор | Дата: 25.12.2010

Саясы жоқ байтерек
Саздауға біткен талмен тең.
Жақсы ағаңыз бар болса,
Алдыңда сары белмен тең,
Ағайының көп болса,
Ұлық бір шеру қолмен тең,
Ақылсызға сөз айтсаң,
Алды бір тұйық жармен тең,
Молдадан сабақ алсаңыз,
Алуа, шекер балмен тең,
Пайдасы жоққа жалынсаң,
Семіз бір жемқор малмен тең,
Жақсы қатын алсаңыз,
Алланың жауған нұрмен тең,
Жаман қатын алсаңыз,
Маңдайға біткен сормен тең,
Уайымшыл жігіттің
Кең дүниесі тармен тең,
Уайымсыз жігіттер
Қара бұлан нармен тең,
Жетесі жаман жігіттер
Тоқсандағы шалмен тең.
Жаманнан көрген қорлығың
Көкірекке біткен шермен тең,
Бір қалған соң көңілің
Қаңтарда қатқан мұзбен тең.
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 1031 | Добавил: модератор | Дата: 04.12.2010

Голландиядағы Детихэм қаласының тұрғыны Г. Аренде 13-ке шыққанда, велосипед үйренуге бел буыпты. Оның не таңы бар дейсіз ғой? Қызығы мынада: Г. Аренде туабітті соқыр екен. Сонда да велосипедпен бармайтын жері жоқ құсайды. Тіпті, көшедегі ағылып жататын жаяуларға да, көліктерге де соғылмайды екен.
Оның бір ерекшелігі-көшеде велосипед айдап келе жатқанда, үнемі таңдайын тақылдатумен болады екен. Сөйтсек, бар сыр осында болып шықты.
-Мұны мен жарқанаттардан үйрендім,-дейді Аренде баспасөз қызметкерлерінің сұрағына. - Олар өздерінің бағыт-бағдарын жаңғырыққа қарай анықтайды емес пе? Мен де таңдайымды әдейі тақылдатамын. Егер алдымда кедергі болса, дыбыс соған барын соғылады да, қайтадан жаңғырып естіледі. Алдымда кедергі барын сезе қоям. Демек, менің көзім-құлағым…
Адамнан амал қалмаған-ау, сірә.
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 1039 | Добавил: модератор | Дата: 15.11.2010

Бейуақытта жылама.
Бейуақытта кісіге көңіл айтпа.
Бейуақытта ұйықтама.
Бейітке қарап түзге отырма.
Бейітке қолыңды шошайтпа.
Бейіт топырағын сәндеме.
Бейіт тұсынан шауып (жүгіріп) өтпе.

Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 1525 | Добавил: модератор | Дата: 09.11.2010

13.Әр нәрсе сыңарында өзінен мықтыға жолығады.
14.Адасқанды артындағы біледі,
Жаңылғанды жанындағы біледі.
15.Аттан жығылғанды бөрі аңдиды.
16.Әзілде кек жоқ, өсекте шек жоқ.
17.Тасын ала берсең, тау да таусылады,
Тамшысын ала берсең, көл де таусылады.
18.Көнені керек етпесең, жаңа табылмайды,
Байлауды керек етпесең, жара жазылмайды.
19.Кіжінері бар да, килігері жоқ,
Түнерері бар да, жауары жоқ.
20.Еріншек егіншіден ерінбеген масақшы озады.
21.Ортаның малын олжа көрме,
ол-халықтың дәулеті.
Оны шашқанды мырза көрме,
ол-халықтың нәубеті.
22.Көрмеген көлде естілмеген қаздың дауысы бар.
23.Жылқыда да жылқы бар,
қазанаты бір бөлек.
Жігітте де жігіт бер,
азаматы бір бөлек.
24.Жақсы жатырқамайды,
Жалқау жарытпайды.
Әңгі тыңдамайды,
Аңқау аңдамайды.
25.Сіз деген-әдеп,
Біз деген-күмән.
26.Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ.
Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ.
27.Балаға айтқан сыр-бай ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 1062 | Добавил: модератор | Дата: 04.11.2010

Ең үлкен бұршақ 1958 жылы 6 шілдеде Ачипулақ селосында (Ставрополь өлкесі) жауған. Бұршақтың салмағы 2200 грамға жеткен. Осындай бұршақтың салдарынан үйлер мен ағаштар бүлінген. Бұршақ далада жайылып жүрген 90-ға жақын қозыны шығындаған.

"Балалық шағы" ең ұзаққа созылатын ағаш-майқарағай. 50-70 жыл дегенде көктей бастайды. Сол уақытта ғана алғашқы тұқымын алуға болады.

Ең қатты ағаш-Шмидт қайыңы. Оны оқ та тесе алмайды. Нағыз өткір балта да майырылады. Ағашқа дақ та түсіре алмайды.

Ең ауыр ағаш-"Жылан ағашы" немесе пиратинера деп аталады. Бір текше сантиметр көлемдегісінің салмағы-1,5 грамға жетеді. Бұл ағаштың кішкентай кесегі суға тастай батады.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 890 | Добавил: модератор | Дата: 04.11.2010













Атақты күйші Құрманғазының өз өмір-баянынан хабардар ететін бұл өлеңін жастардың бірсыпырасы білмейтін тәрізді. Көз салыңдар.

Аш бөрі етің қалар сойған жерде,
Ит болып жүре алмаймын тойған жерде,
Ел кезіп ор киіктей жүрсемдағы
Соғармын қайта айналып туған жерге.
Ас жетер, көңіл жетсе бір ауылға
Іс етер жігіт қайда бұл қауымға
Қайтпаған қалың жайдан Құрманғазы
Тағдырдың бөгелмейді дырауына.
Жан шошыр бастан өтті талай майдан,
Шыққан жоқ атқан серкем терең сайдан.
Өзіммен ұлы дуға бір түсетін,
Туатын мендей ұлды ана қайда.


Фото: ЮНЕСКО
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 1349 | Добавил: модератор | Дата: 24.10.2010

Бетінің өлшемі 6 мың шаршы метр болатын кілем Иран қаласы Нишапурде Біріккен Араб Әмірлігінің тапсырмасы бойынша тоқылды.
Құны 8,5 миллион доллар тұратын кілемді қолмен 1200 шебер 50 атақты кілемшенің бақылауымен жасады. Оның өндірісі үшін 35 тонна табиғи иран жүні мен 12 тонна мақта қолданылыпты. Кілем 9 бөліктен тұрады, оны Нишапурдегі 3 кәсіпорында тоқыған екен. Сөйтіп, қолдан тоқылған ең үлкен кілем әлемге әйгілі болуда.
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 891 | Добавил: модератор | Дата: 24.10.2010

Жақсы туған жігітті
Жаным десе жарасар.
Жақсы ұл туған қатынды
Ханым десе жарасар.
Жақсы туған жігітке
Бүкіл елі таласар.
Жаман туған жігіттер
Қара жолдан адасар.
Жақсы жігіт белгісі
Түзде мырза, үйде құл.

Жапалақ құс мақтанса,
Жардан тышқан алдым дер.
Жаман адам мақтанса,
Жақсыны аяғынан шалдым дер.
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 977 | Добавил: модератор | Дата: 19.10.2010

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz