Салтанат Әбілдаева, педагог:
-Баланың сабақ оқитын, жұмыс істейтін үстелі қолайлы, оқулықтары мен сөздіктері оңай алынатын және жақын жерде болғаны жөн.
-Балаға дем беру үшін үй жұмысының әр бөлігін орындаған сайын қолдап отыру керек.
-Балада қағаз, дәптер және жазба жабдықтары жеткілікті болуына көңіл бөлу керек. Оны алуды баланың өзіне жүктеу жауапкершілігі мен дербестігін арттырады.
-Үй тапсырмасын орындаған кезде теледидарды қосуға болмайды.
-Үлкен күнтізбе сатып алыңыз. Оған сабақ кестесі мен үй тапсырмасын орындайтын уақытты жазып қойыңыз.
Музыка тыңдауды ұнататын бала сабақ оқығанда баяу әуен тыңдаса болады.
(«Керек кеңестер», №09, 2011жыл)