Табысқа жету үшін үш нәрседен құтылу керек. Олар-ұйқы, жалқаулық, кежірлік. Нәпсінің қалауы болып саналатын бұл нәрселер адамның табысқа жетуіне кедергі жасайды. Кежірліктің тамыры желкеде болады. Одан құтылу үшін кім жұмсаса да жүгіріп, орындап, елгезек болып үйрену қажет. Ал ұйқының тамыры адамның шынтағында болады. Адамның шынтағы жерге тисе ұйқы басады. Одан құтылғысы келген адам не ахирет қайғысын, не дүние қайғысын ойлау керек. Жалқаулықтың тамыры адамның дүмінде болады. Одан құтылу үшін түк істемесең де, әрлі-бері жүріп үйрену керек.