(«Ауырмаңыз» № 08 Сәуір, 2011 ж)
Мамандар төмендегі кеңестерді мүлтіксіз орындаған адамның дені сау болып, ұзақ жасайтынын айтады. Ендеше Сіз де пайдаңызға асырып көріңіз.
-Әр күні таңертең бір стақан су ішуден бастап, кешке дейін 2-2,5 литр су ішуге тырысыңыз.
-Мүмкіндігінше жеміс-жидектер мен көкөністері көп жеп тұрыңыз.
-Сүт өнімдерін көбірек пайдаланыңыз. Балалар сүтті, ересектер айранды көп ішуі керек.
-Күз бен көктем айларында міндетті түрде шипалы шөп шайларды ішіп отырған пайдалы.
-Үйден жалбыз, жөке, шалфей, итмұрын, райхан, зімбір, көк шай, пияз және сарымсақ үзілмеуі тиіс.
-Мүмкіндігінше көп түрлі қоспалардан салат жасап, күнделікті жеп тұруың ағзаға тигізер пайдасы зор.