Бірнеше жылдан бері жамбас буынының артрозы
кеселінен зардап шегіп келемін. Ауруым жаныма қатты бататындықтан
ұйықтай алмаушы едім. Әйелімнің де буын-буыны қақсап ауыратын. Кейін бір
таныстарымыз бізге іркілдек (холодец) жеу керектігін айтты.
Әйелім
базарға барып, сиырдың сирағын алып келіп, іркілдек істеді. Сол күннен
бастап екеуіміз іркілдекті көп жейтін болдық. Көп ұзамай ауруымыз да
қойды. Түнде тыныш ұйықтайтын болдым. Бұған дейін бірнеше рет ауруханада
жатып, ем қабылдағаныммен ауруым бұлай басылған емес. Бір қызығы,
іркілдек жеуді тоқтатсақ ауруымыз қайта бас көтереді. Содан кейін бұл
біздің дастарханымыздан кетпейтін ас болды.
Е. Төлешов.
Тараз қаласы.