Воскресенье, 07.12.2025, 06:36
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 25
Гостей: 25
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Қайырымдылық
« 1 2 3 4 5 »
Автобус ішінде асқазаным қыжылдап мазам кетіп отыр едім, жаныма жайғасқан бір апай:
-Балам неғып мүжіліп отырсың?-деді бетіме үңіліп. Айттым.
Дәрігерге көрінгенге дейін  бір амал айтайын. Орында: «Асқазаның қыжылдаса, сәбіз шырынын ішу керек,-деп қалды. Аялдама жақындаған соң, рахметімді айтып түсіп қалдым. Үйге келіп айтқанын істеп едім, бірден басыла қалды «қыжылым». Мейірбан жүзді апайға шын жүректен риза болып сенгендікі ме, қайдан білейін... О кісі қайдан біліп жүр? Біреуден естіді ме екен? Әлде оқыды ма екен? Сан сұрақ жауапсыз қалды. Бір анығы, жақсы адамдардың қайырымдылығы әр тұста-ақ дес береді ғой...
Мақсұт, Өскемен қаласы

Категория: Қайырымдылық | Просмотров: 851 | Добавил: модератор | Дата: 12.07.2012

Аты-жөні дұрыс жазылмағандықтан дипломдарын уақытында қолдарына тигізе алмай жүрген қыз-жігіттер туралы естіген шығарсыздар. Айтпағымыз-кейде дұрыс қызметіңіз арқылы көпшілікке көп қайырымдылық сыйпатын көрсетесіз, істей алмағандардың келтіретін зияны-шаш етектен.
Осыған сәйкес жазу тәртібіне зер салыңыздар демекпіз.

–Әдетте көптеген мекемелер қызметтік хаттар алын-ала баспада дайындалған арнайы бланкаларда жазылады. Бланк форматы А4, яғни 210*297 миллиметр  болуы тиіс.
-Кейде қызметтік хат үшін А3 және А5 форматты қағаздар да қолданылады. А3 форматтағы қызметтік хаттар үлкен көлемді қосымша немесе иллюстрация, таблица берілген жағдайда қолданылады.
-Ал А5 (жарты парақ көлемі) жолдама хат немесе анықтама жазу үшін пайдаланылады.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Қайырымдылық | Просмотров: 1185 | Добавил: модератор | Дата: 08.07.2012

Қайырымдылық жасарда немесе күткенде жадыңызда болсын:
Үш нәрсе тұрақтамайды:
Бірі-саудаға түспеген мал (дүние),
Екіншісі-таласқа түспеген ғылым,
Үшіншісі-саясаты жоқ патша.  (С.Сарайи.)

Әр адамға сай келетін бір жұмыс бар,
Әр жұмысқа сай келетін бір адам бар-
Осыдан шығатын бір ғибрат бар:
Әр адам өзі білетін ісімен айналыссын.  (С. Сарайи.)

Табысың жоқ болса, шығатын шығыныңды азайт.  (С. Сарайи.)
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Қайырымдылық | Просмотров: 883 | Добавил: модератор | Дата: 28.06.2012

Жалғасы...
Көлгірлік (екіжүзділік) адам бойындағы ең жаман жағымсыз қасиет. В.А. Сухомлинский былай деген екен: «Жамандықтың зоры-екіжүзділік, жағымпаздық ырқына жүру. Осынау сан құбылып тұратын жамандықты тани біл, оған төзбейтін, ымырасыз адам бол». Екіжүзді адамдар өзгелермен қарым-қатынас жасағанда өз бас пайдасын ойлап қулық, айлакерлік, зымияндық сияқты жаман қасиеттерге барады. Мысалы, қызметі жоғары кісіге бас пайдасын ойлап жағымпаздану, оған бағынышты болу. Ондай адамдарға бастық қалағанын тауып беріп, жұмысын оң шешіп берсе, жағымпаздығын жалғастыра береді. Ал көңілін таппаса, бетін ары бұрып, теріс айналып кетеді де, неше түрлі құйтұрқы әрекеттерге барады. Көлгірсіген жандар өз бойындағы жаман қасиеттерді бүркемелеп, өзін өнегелі, көргенді етіп көрсеткісі келеді. Олар өз пайдасын ғана ойлап, біреуге жалған айтып жағынып, өтірік айтып көлгірсіп, өсек тасып жамандап, біреуді ша ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Қайырымдылық | Просмотров: 999 | Добавил: модератор | Дата: 15.06.2012

Әдетте ұнамсыз қасиеттер иелерінен қайырымдылық күту әбестік секілді. Осыған орай К. Өрісбаевтың «Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер» деген кітабындағы жазбалар кім-кімге де ой салары анық. Адамдардың бет-пердесін тану, ондай жандардан аулақ жүру кімге де үлкен олжа екенін ескере жүру қажет дер едік.
-Кейбір адамдардың мінез-құлықтарында жағымсыз қасиеттер болады. Мысалы, біреуді-біреу көре алмаушылық, іштарлық, екіжүзділік, тәкаппарлық, жағымпаздық, пайдакүнемдік, қызғанушылық, өзімшілдік, жемқорлық, жалақорлық, бұзақылық және т.б. Атаққұмарлық пен мансапқорлық жайлы Р. Шеридан: «Ең құдіретті құштарлық-атаққұмарлық. Міне осы құштарлықтан құтқарар болса, қалғандарынан мен өзім-ақ құтылар едім»-депті. Атаққұмарлық пен мансапқорлық атақ пен даңққа және мансапқа қызыққыш, айлакер, өркөкіректеу және өзімшіл болып келеді. Ондай адамдардың алдарына қойған басты мақсаты-шен-шекпенге, сый-құрметк ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Қайырымдылық | Просмотров: 1196 | Добавил: модератор | Дата: 14.06.2012

Қайырымдылық жасаушылар ақыл-кеңеске бай келмей ме? Осыған сәйкес Қытай халқының ұлы ұстазы, философы, саяси ойшылы Конфуций даналық сөздеріне зер салыңыздар (Мырзагелді Кемелдің аудармасы).
-«Адамдар үшін адал қызмет ете алдым ба? Мінез-құлқым жұртқа жайлы ма? Достарыммен қарым-қатынаста адалмын ба? Маған үйреткенді  қайталап айтып, өнеге алып отырамын ба?» деп мен өзімнен күніне үш рет сұраймын.

-Тізгін ұстар болсаң, мыңдаған әскери күшің болсын, істе мұқият бол, әділ бол, адамның қамын ойла, қаржыны үнемді жұмса және адамдарды тиімді еңбекке жұмылдыра біл.

-«Халықты қалай бағындыруға болады?» деген сұраққа ұстаз айтты: Егер адал адамды көтермелеп, арамзаларды басшылықтан аластатсаң, халық бағынады. Егер арамзаны басшы етіп, ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Қайырымдылық | Просмотров: 885 | Добавил: модератор | Дата: 30.05.2012

-Өнеріңізді бағалаймыз. Бірақ жеке өміріңіз туралы айта бермейсіз. Отбасыңыз бар ма?
-Бір қыз, бір ұлдың анасымын. Жолдасым жеке кәсіппен айналысады. Жарым отбасындағы өз билігімді өзіме берген. Берген ақшасын санап, төркініме бергенімді сөз етіп тергемейді. Керісінше, көмекке зәру адамдарға қол ұшын бергенімді қалайды. Айтыста айтылған сөздерді талқылап, бас қатырмаймыз. Моральдық, материалдық жағынан үнемі маған демеу болып келеді. Жалпы, ұсақ әңгімесі жоқ, беделді азамат. Ол кісінің қасында өзімді бақытты санаймын.
–Айтыста талай адуынды ақынды тілмен тістелеген жансыз. Сізге көңіл білдіруге жарыңыз жүрексінбей келіп пе еді? Ол кісімен қалай танысып едіңіздер?
-Өзінің айтуынша, айтысқа жаңа шығып жүрген күндерімде мені көріп, ерекше әсер алыпты. Сосын сырттай бақылап жүрген. Кейін моральдық тұрғы ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Қайырымдылық | Просмотров: 816 | Добавил: модератор | Дата: 16.05.2012

Қадірменді оқырмандар, кезекті айдарымыздағы деректерді және осындай жәйіттерді компьютер жағына көп көз сала бермейтін қарияларға да оқып берулеріңізді өтінеміз.
Мұның мәнісін таныса келе өздеріңіз де байқайсыздар. Айтыста 34 көлік жеңіп алған айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның сұхбатынан үзінді беріп отырмыз. Жазып алған Анар Әлдибекова екен, «Жұлдыздар отбасы» журналы, бас редакторы Жарылқап Қалыбай ... (№8, (122) сәуір 2012ж).
-Кіндік қаныңыз тамған жер Семей екен. Шыныңызды айтыңызшы  сізге Мойынқұм жақын ба, әлде Семей ме?
-«Қос қанатым секілді Жамбыл менен Семейім» деп үнемі айтып жүремін. Екеуін бөліп қарай алмаймын. Отбасылық жағдайға байланысты он үш жасымда Семейден Мойынқұмға көшіп келгенбіз. Ақсуат ауданы-кіндік қаным тамған, балалық шағым өткен, ата-бабам өскен жер. Ал мені сахнаға алғаш ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Қайырымдылық | Просмотров: 1307 | Добавил: модератор | Дата: 14.05.2012

Қайырымдылық жөнінде айтқанда соған апарар жолдарды да ойластыра жүргеніміз жөн тәрізді. Осыған орай Мырзагелді Кемелдің ізгілікке үндейтін еңбегімен үзінді ұсынып отырмыз. (Мырзакелді Кемел «Ақыл қалта», Аударма баспасы, 2007 ж, 30 бет):
Жағдайың қалай деп сұрай салғанға бар шыныңмен жағдайыңды айта жөнелудің қажеті жоқ.
Егер біреуді нашар деп, оңбаған деп, болмағыр деп айта берсең, ол шынымен солай болып кетеді. Өзі құлдырап жүрген адамға барлық дүние құлдырап жатқандай болады. Ларошфуко айтыпты: «Жаманға ылғи жаман көзбен қарау дұрыс емес, жақсылықты жаман көңілге де егуге болады, өйткені ол тас емес, көңіл ғой».
Екі құлаққа бір тіл келетіні екі есе тыңдап, бір рет сөйле дегені емес пе?!
Анахарсис айтыпты: «Тілің мен нәпсіңе ие бол»,-депті.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Қайырымдылық | Просмотров: 928 | Добавил: модератор | Дата: 21.03.2012

Ой-хой, дүние-серуен!
Адам бір көшкен керуен.
Дүниені қызық қалдырып,
Асамыз өмір белінен.
Кірсе, лебіз. Шықса жоқ,
Қауіп етіңдер өлімнен.
Қылышбайдан таралып,
Сөз нұсқасы келінген.
Дос-жаранға, кемтарға,
Қайырлы бол делінген!
Қылған қайыр болмаса,
Не әкетесің өмірден?

«Беташар» Алматы «Өнер»1991 бет, 226 бет


Категория: Қайырымдылық | Просмотров: 2387 | Добавил: модератор | Дата: 13.02.2012

Жасы сексенге жақындап қалған өзіміздің ауылдың тұрғыны–жалғызілікті Мәлике апамыз мені көрген сайын әлжірей қарап, бетімнен сүйсіне сүйіп бір сөзін қайталай беретін: «Айналайын-ай, әкең Оразымбет сені көрген сайын есіме түседі. Ана бір қиыншылық жылдары отынға ағашты қысты күні Алтай таулары жақтан түсіретін. Омбы қар. Қиын кез еді. Біздің үйдің тұсынан өткен сайын бір бөренесін тастап кететін... Марқұм-тәуір-ақ мейірімді еді»,-деп сыртымнан елжірей қараған күйі қала беретін...
Кейін білдім... Кейбіреулер қайырымдылықты өмір бақи ұмытпайды екен.
М. Ақсайұлы.
Қатонқарағай ауданы.
Категория: Қайырымдылық | Просмотров: 1109 | Добавил: модератор | Дата: 30.01.2012

«Мұхамади» мешітінің қызметкерлері жаза баспайтын жан жоқ, түзелуін айт, қамқорлығыңды көрсет оларға деседі.
Айтып қана қоймай, мұнда оларға нақты қайырылымдылық көрсетіліп жатқанын білдік. Сұрастырғанымызда мынадай деректерге көз салғанымыз бар: былтыр нөмір он жетінші колонияға 23 тамыз күні 59 мың 25 теңгенің алуан түрлі кітабы тапсырылыпты, 25 тамызда Жанғызтөбедегі жазасын өтеп жатқандарға 61 мың  675 теңгенің әдебиеті берілген екен. Аталған жылдың 25 қараша күні отызыншы колонияда отырғандар 62 мың 550 теңгенің кітаптарын алыпты. Ал 26 қараша күні жыйырмасыншы колонияға 63 мың 100 теңгенің аса пайдалы кітаптары жіберіліпті.
Үстіміздегі жылдың 27 сәуірінде Павлодар мешітіне 45 мың 400 теңгенің көрсетілген айдың отызы күні Есілбай мешітіне 32 мың 100 теңгенің кітаптары беріліпті. Кітап дегеніміз-алтын қазына ғой. Кішіге де, үлкенге де ой салып, оңды қадамдар жасауға ықпал етер абзал күш тәрізді емес пе?
-Тағы да 32 м ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Қайырымдылық | Просмотров: 981 | Добавил: модератор | Дата: 06.08.2011

Редакция voxpopuli.kz сообщает:

Наш репортаж  "За чертой бедности" вызвал настоящую бурю. В тот же день, совершенно незнакомые люди привезли вещи Лидии Геннадьевне и помогли с углем. На снимке она как раз достает из пакета новые сапоги и плачет, не переставая. Но слава Богу, от радости.

В редакцию пришло множество писем от алматинцев, которые хотели бы передать деньги, но не знают как это сделать. После долгих размышлений мы решили, что деньги будут собираться в офисе voxpopuli.kz. Затем всю сумму мы переведем на карточку нашего комментатора ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Қайырымдылық | Просмотров: 893 | Добавил: модератор | Дата: 20.02.2011

Фото: Андрей Вологодский; Текст: Анастасия Строкова, газета "Мой Город"

Для кого-то предел терпения наступает, когда не выходит подключиться к Интернету. Или машина не завелась в мороз…

А есть люди, кому удаётся сохранить душевную теплоту, когда за окном минус сорок, а дома нечем топить. Нет электричества и часто – даже еды.

Фотограф Андрей Вологодский выложил свой ФОТОРЕПОРТАЖ на сайте photopolygon.com, ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Қайырымдылық | Просмотров: 1301 | Добавил: модератор | Дата: 20.02.2011

Белгілі дәрігер психотерапевт Владимир Леви адам жанының құпиясын көп зерттеген ғалым. Бақытты болудың, әркім өзін бақытты сезінудің аясы аса үлкен көрінеді. Ол ғылыми жұмысында мұның жеті амалын есімізге сақтап, күнделікті өмірімізде басшылыққа алайық.
1.Бақытты жандар өздері туралы «бақыттымын ба, жоқ па» деп ойланып жатпайды екен. Өз жүрегінің қалауымен өмір сүре береді.
2.Бақытты кісі өз мүмкіндігінің шегін біледі. Ол өзіне-өзі талап қойғанда да шамасына қарай, қолынан келетін іске талап қылады.
3.Бақытты адамның күнделікті өмірі де қызғылықты. Бұдан бақытты адам әрқашан думан-тойдың ортасында жүреді екен деген ұғым тумауы керек.
4.Бақытты адам өзін іштей кең ұстайды. Іштей кең болу, ішкі бостандық дегеніміз не, енді соған тоқталық. Бұл айналадағы белгілі бір адамдардың пікірінен қаймықпау, «кім не дейді екен» деп жалтақтамау, не істесе тек жақсылық жасауға міндетті болғандықтан ғана істеу емес, шын пейіліңмен ақтарыла ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Қайырымдылық | Просмотров: 4269 | Добавил: модератор | Дата: 06.02.2010

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz