Қолтық астының терлегіштігін азайту үшін шалфей жапырақтарының тұнбасы қолданылады. Қолтық астын 70 пайыздық спиртпен сүртіп, соңынан бор қышқылы опасымен сүртсе де жақсы көмектеседі.
***
Құлық қатып қалып ауыртса емізулі әйелдің сүтін құлағыңызға сауғызып, мақтамен тығындап қойыңыз, жарты сағаттан соң жібігенін тазалап алып тастаңыз.
***
Суырдың бауыры сынған сүйектің тез бітуіне көмектеседі. Ешкінің бауыры көзге пайдалы. Миы сіңірлер мен шандырларды бекітеді.
|
Баланың шет тілін меңгеруі керек деген ұғыммен бүгінде баршамыз келісеміз. Дегенмен бала қай жастан бастап шет тілдерді үйренуі керектігі жайлы пікір әртүрлі. Кейбір ата-аналар баланың тілі шыға салысымен шет тілді үйрету керектігін айтса, психологтар 4-5 жастан бастап шет тіліне байлыған дұрыстығын айтады.-Бала шет тілін меңгеруден бұрын алдымен өзінің ана-тілінде сөйлей білуі тиіс.-Сөйлегенде тілінде кемістік (дефект) болмауы шарт.-Өзге тілді үйренетін бала өз бетінше кітап оқи білгені мақұл.-Егер өз бетінше оқи және жаза білмейтін баланы шет тіліне үйретсеңіз, кейіннен оның оқуы мен жазуы қиын болады.-Ол әріптерді дұрыс дыбыстай алмай қалуы мүмкін.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Даналар ойынан әрдайым қайырымдылық лебі есіп тұратындай. Мақсатқа жету жолында Элберт Хаббардтың мынадай дана сөздерін мұқият оқып шығыңыз, бірақ оны өмірде қолданбасаңыз ешқандай нәтиже бермейтіндігін жадыңыздан шығармаңыз. -Таңертең үйден шыққанда басыңызды тік ұстаңыз, кең тыныстаңыз. -Достарыңызды күлімсіреп қарсы алып, шын ниетпен қол алысып амандасыңыз. -Алдағы атқармақ болған істеріңіз туралы ғана ойлаңыз, сонда уақыт өте келе мақтасыңызды орындауға жағдай жасайтын мүмкіндіктерге қол созғаныңызды байқайсыз. -Рухани қалпыңызды сақтаңыз. Қайраттаныңыз, көтеріңкі көңіл-күйде болыңыз. -Дұрыс ойлай білу-көп нәрсені дұрыс ойлай білу арқылы қол жеткізуге болады.
|
Данияр Жанысов («Жұлдыздар отбасы», №19, 2012 ж) тележурналист, «Қазақстан ҰТА «Жан жылуы» бағдарламасының редактор-жүргізушісі Ақбаян Сапарбаевамен сұхбаттасқан екен. Ол «Байлық емес, бата жинап жүрген қызбын» аталыпты. Осыдан айдарымызға сәйкес келеді-ау, ой салар деген оймен шағын үзінді ұсынып отырмыз: «-Ақбаян, бір белеске шығу үшін жақсы адамдар, бір биікке жету үшін бір баспалдақтың керегі анық. Бүгінгі жеткен биігіңізді кімдермен байланыстырасыз? -Анамның ағасы профессор, кезінде халықтың қалауымен ҚР Парламенті Мәжілісінде депутат болды. Сол кісінің үйіне үнемі қазақтың біртуар азаматтары келіп дәм тататын. Қоғам қайраткерлері мен өнер жұлдыздары, ақын-жазушыларды күтіп алып, шығарып салу Есенкүл апамның мойнында. Сол кісіге көмектесе жүріп, ел сыйлаған азаматтарға деген құрметті көріп өстім. Қазіргі жұмысымда атынан ат үріккен а
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Отбасында қаржылық жағдайды жақсартудағы ең маңызды қадам-шығындардың көлемін анықтау. Алдымен барлық шығындарын анықтап, оларды таптастыру керек. Оларды қажетті шығындар мен уақытша шығындар деп екіге бөлуге болады. Қажетті шығындарға: азық-ауқат, коммуналдық қызметтер, жол ақысы, балаларды оқыту жатады. Ал уақытша шығындарға жоспарлы (аяқ-киім жөндеу, туыстарға сыйлық алу, күтпеген жағдайлар) және уақытша «көңіл-күйді көтеретін» жоспарланбаған шығындар жатады. Шығындардың соңғы аталған түрлерін біртіндеп қысқарту қажет, себебі олар отбасылық бюджетке орны толмайтын нұқсан келтіреді. Өз шығындарыңызды осылай нақты бөлетін болсаңыз, Сіз оларды жоспарлап үйренесіз, соның нәтижесінде әрқашанда бір соманың қалуын қамтамасыз ететін боласыз.Мамандардың пікірінше, шығындар мен кірістерді жүйелі түрде есепке алу шығындардың 20 пайызын үнемдеуге мүмкіндік береді, жылына бұл сома отбасының екі айлық жа
...
Толығымен (Подробнее)»
|
-Тұмау адамға көбіне автобуста жұғады екен. Көлік ішінде тұмауратқан адам түшкірсе немесе жөтелсе, содан кем дегенде 15-18 адам вирус жұқтырып алады. Үйде немесе кеңседе ол екі-үш адамға ғана жұғады. Олай болса көлік ішінде өзгелердің Сізге тым жақын жанасуына жол бермеңіз. Жөтелген, түшкірген адамнан алшақ тұрыңыз, ондай жанның жанында мұрныңызды беторамалмен баса тыныс алу да ұят емес.-Беторамалыңызды әр жеріне иіссу тамызып қойыңыз. Оның орнына лаванда, жалбыз, самырсын майын жағуға да болады. Ол микробтарды өлтіру арқылы тұмау вирусының жұғу қаупін 45 пайызға дейін азайтады.-Таңертең жұмысқа шыққанда аузыңызға бір түйір аңдыз тамырын, болмаса лимон немесе апельсин салып жүріңіз. Ол да мұрын мен тамақ қуысына тұмау микробының түсуінен сақтайды.-Көлікте жүргенде, жұмыста, жалпы, қандай жағдайда да қолды жумай
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Сұрақ: Қайтыс болған адамды да арнайы тіркеуден өткізу керек емес пе? Мұнымен қай мекеме айналысады және ол қалай тіркеледі?
Берік Дәуренов. Қазалы ауданы.
Қызылорда облысы
Жауап: Қайтыс болуды тіркеу марқұмның тұрақты мекен-жайы немесе қайтыс болған жері бойынша азаматтық хал актілерін жазу бөлімінде тіркеледі. Ол үшін қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлікті көрсетесіз, ол жоқ болса екі адам куә болуы тиіс. Қайтыс болғандығы туралы мәлімдеме жеті тәуліктен кешіктірмей жасалуы тиіс. Ал егер адам зорлықпен өлтірілген болса, өзін-өзі өлтірсе, жазатайым жағдайда өлсе немесе басқалай жағдайларда бес күннен кешіктірмей тіркелуі керек. Адамның қайтыс болғандығы туралы мәлімдемені өлген адаммен тұратын, ал ондай адамдар болмаған жағд
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Есте сақтау туралы Абайдың отыз бірінші қара сөзінде: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады»,-делінген. Сондай-ақ «Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлауы берік болмақ керек; екінші-сол нәрсені естігенде, я көргенде ғибраттану керек, көңілденіп, тұщынып, ынтамен ұғу керек; үшінші-сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші-ой кеселді нәрселерден қашық болу керек.
|
Таяуда журналда халық қаһарманы, генерал лейтенант Бақытжан Ертаевтың толғаныс ойлары жарияланды. («Жұлдыздар отбасы, №17, 2012 ж») Әйгерім Сейфолла, Рысбек Үркімбай әзірлеген екен. Ол «Сырласу» атты айдармен беріліпті.«Ең үлкен қателігім-анама жақсылық жасай алмадым» деп аталады. Солай десе де атақты азаматтың үлгілі өмір жолы тағылым аларлық. Қайырымды екенін көрсетерлік үзінді оқыңыздар.-«Бір кісі таққа мінсе, қырық кісі атқа мінеді» деген қазақтың сөзі бар ғой. Мен сол өзімнің көптеген жерлестеріме де көмек бере алмадым. Өзім ауылға барған сайын марқұм әке-шешеме Құран оқытып тұрамын. Осыдан бес жылдай бұрын бір барғанымда сондай бір басқосуда ауылдың бір ақсақалы Жолтай деген атамыз қолын жайып: «Бақытжан деген генерал бізге мешіт соғып береді, әумин!»-деп бетін сипады. Енді ол ойлаған шығар, генералдың ақшасы көп деп. Қайдан білсін?! Бір-е
...
Толығымен (Подробнее)»
|
1. Жағаласпай жан қалмақ қайда, төбелесте жаныңнан айырылма. 2. Не-шындық, не-сұмдық, жау тисе де ақылыңнан айырылма.3. Еркесіз ел, серкесіз отар болмас, ел бастаушы көсеміңнен айырылма.4. Тіл-кесілмес атқан оқ, дау туса да шешеніңнен айрылма.5. Арсыз мың арықтап, мың семіреді, жаныңды алса да сырыңнан айырылма.6. Өзіңді зор, басқаны осал деме, көппен көрерсің, еліңнен айырылма.7. Жаман деп қатыныңнан, көшем деп отыныңнан айырылма.8. Ырызғысыз пенде болмас, даяр асың-малыңнан айырылма.9. Ағайын-туыс, дос-жарансыз кім бар, болымсызға өкпелеп, досыңнан айырылма.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Жалғасы...Әрдайым әдемі әйел болу үшін-Өзіңіздің сүйіп айналысатын ісіңіз болсын, сонда өзгелердің жұмысына мойын бұруға уақытыңыз болмайды.-Әйелдер еркектерден бұрын қартаяды деген аңызды еркектердің өзі ойлап тапқанын есте ұстаңыз.-Күйеуіңіздің сәтсіздіктерін айтып шағымданушы болмаңыз және оның ісіне араласпаңыз.-Күйеуіңізге еркелей біліңіз және оны жылап қорқытушы болмаңыз. Әрине көз жасы әйелдердің басты қаруы, бірақ оны үнемі қолдансаңыз, күйеуіңіздің ашуын келтіретін боласыз.-Егер қандай да бір сұраққа жауап бергіңіз келмесе, күлімсіреңіз.-Әйел үнемі бағасын әрдайым біліп жүруі тиіс, бірақ оны өзгелерге айтудың қажеті жоқ.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Атаулы айдармен осы жолы беріліп отырған ерекше ережелер болашағын ойлаған буындарға арналады. Бұл бір жағынан кеңестерге ұқсағанымен шаңрақтың берік болуына ықпал етсе, қамқорлықтың айқын белгісі деп кім айтпас?!(Ерлерге, сонан соң әйелдерге арналған ережелер) Ерлерге арналған ерекше ереже
-Әйелдерге өзіңіздің әлсіз жеріңізді байқатпауға тырысыңыз. Мысалы, қызғанышыңызды, өзіңізге сенімсіздіңізді.-Бұрынғы ғашық болған қызыңыз туралы әйеліңізге айтушы болмаңыз.-Өткен өміріңде мақтануға тұрмайтын жайсыз жайттар болса, оны да жасыра біліңіз. Себебі оған Сіз туралы жағымсыз нәрселер есту оңайға соқпайды. -Сүйіп айналысатын қандай да бір ісіңіз, хоббиіңі
...
Толығымен (Подробнее)»
|
«Кепілдеме халыққа-зиялы атың...»
Ерте деме,Арманға талпын бүгін.Белгілі ғой ғұмыры алқындының.Аяз болып қариды қартайғандаЖас кездері жастыққа салқындығың.Қайта айналып бұл күйді шертем деме,Тас мүсінге айналар ертең денең.Су отындай бықсиды қартайғандаЖас кездері сәттерің өртенбеген.Іске аспайды балгерлік-бақсылығыңСезінесің уақ
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Бесінші сөз
Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпей, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар: «Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр!»-деп тілек тілегенін өзім көрдім. Онысы-жас баладан гөрі өзі есті кісі болып, ескермес нәрсені жоқсып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан таңырсың әуелі-«Түстік өмірің болса, күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал-адамның бауыр еті», «Малдының беті жарық, малсыздың беті-шарық», «Ер азығы мен бөрі азығы жолда», «Ердің малы елде, еріккенде қолда», «Берген перде бұзар», «Алаған қолым-береген», «Мал тапқан ердің жазығы жоқ», «Байдан үмітсіз-құдайдан үмітсіз», «Қарның ашса, қаралы үйге шап», «Қайраңы жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без» деген осындай сөздері көп, есепсіз толып жатыр.Бұл мақалда
...
Толығымен (Подробнее)»
|
...Қайырымды әм мейірімдіАлла атымен бастаймын.Мүміндерге зерделі,Оймен пікір тастаймын... ***Хадистерді жаттаған,Өмірге өзін баптаған.Оқымысты хаттарын,Түнде оқып хаттаған.Пайғамдардың хадисіҚуанышым, мақтанам.Онан өткір ақылдыДанышпандық жоқ маған.
...
Толығымен (Подробнее)»
| |