Мен дәрілік шөптерді көп қолданамын. Соның ішінде жиі пайдаланатыным-алтын тамыр.Алтын тамырдың құрамындағы экстракт ағзаның дене жұмысына шыдамдылығын арттырады, жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартады, жоғарғы жүйке жүйесінің ырғағына жағымды әсер етеді, қан қысымын реттейді. Оны орнымен қолданбаса, кейбір адамдардың қан қысымын арттырып та жібереді. Алтын тамырды дәріханалардан алуға болады. Қай сырқатқа қанша мөлшерде пайдалану керектігі сыртқы қорабында жазылады.Салтанат Меңдібаева, Аягөз қаласы
|