Мөңке бидің қартайған шағында үйіне арық құнан мініп Сырым бала келеді. Баланы көзге ілмеген би: «Балаға айран әкел» депті. Таңертең аулада семіз қызыл тұсақтың үйелеп өліп қалғанына қайғырған Мөңке: -«Құтты қонақ қонса, қой егіз табады, құтсыз қонақ қонса, малың қырсық шалады» деген, қызыл тұсақ үйелеп өліпті, бала, құтсыз қонақ болдың, енді үйімнен кет,-деп ызғар шашады. Сонда Сырым бала: -Олай болса, биеке,-депті. «Құтты қонақ келсе, малы өліп, баласы аман қалады, құтсыз қонақ қонса, өзі өліп малы иесіз қалады». Менің қандай қонақ екенімді қайдан білесіз? Мүмкін құтты қонақ шығармын, Мөңке баланың бұл сөзіне аң-таң болыпты да: -Рас айтасың балам, сен шынында құтты қонақ екенсің,-деп оған сый-сыяпат көрсетіпті.
|