(«Ауырмаңыз» № 08 Сәуір, 2011 ж) Мамандар төмендегі кеңестерді мүлтіксіз орындаған адамның дені сау болып, ұзақ жасайтынын айтады. Ендеше Сіз де пайдаңызға асырып көріңіз. -Әр күні таңертең бір стақан су ішуден бастап, кешке дейін 2-2,5 литр су ішуге тырысыңыз. -Мүмкіндігінше жеміс-жидектер мен көкөністері көп жеп тұрыңыз. -Сүт өнімдерін көбірек пайдаланыңыз. Балалар сүтті, ересектер айранды көп ішуі керек. -Күз бен көктем айларында міндетті түрде шипалы шөп шайларды ішіп отырған пайдалы. -Үйден жалбыз, жөке, шалфей, итмұрын, райхан, зімбір, көк шай, пияз және сарымсақ үзілмеуі тиіс. -Мүмкіндігінше көп түрлі қоспалардан салат жасап, күнделікті жеп тұруың ағзаға тигізер пайдасы зор.
|