Өгіз мүйізінен тұтылар, Адам сөзінен ұтылар.
Ақылды ақырында сөйлер.
Еліне ұнамаған ержете алмас.
Малды күтетініміз де бар, Жүнді түтетініміз де бар.
Уақытында есептемеген ұтылады.
Бір таққа екі патша сыймайды.
Кедейдің еті болса, оты жанбас, Оты жанса, еті болмас.
Жан тозбайды, Тән тозады.
Есегіңді қолмен сипама, Жеммен сипа.
Өз теңін таппаған өмір бойы өкінер.
Дос-жаранды жылатпа- Дұшпаныңды қуантпа.
Теңізден жүзіп өтті, Тоғанда су кетті.
Көңіл босамай, көзден жас шықпайды.
|