Мынадай кеңес бар екен: дегенмен дәрігеріңізбен ақылдасып жүріңіз. Бұл бірнеше рет ескертілгенін ұмытпағайсыз: -Кәдімгі қызылшаны үккіштен өткізіп, ол батып тұратындай көлемде үстінен қайнаған су құю қажет. Ыдысқа қақпақпен мықтап жауып, үш-төрт сағат тұрған соң тұнбасымен тамақты әр 2 сағат сайын шайып тұруға болады. -Баланың баспасы (ангинасы) ісінгенде қырыққабаттың жас жапырағын жылытып алып, тамақ айналасына жылы орамалмен таңып қойса, ауырғанды басады.. -Ересектер үшін грек жаңғағының сынбаған жарты қабығына сарымсақты салып, бас бармаққа тануға болады. Ол ауырғанды басатын қасиетке ие. -Әр 2 сағат сайын дәрілік шөптердің тұнбасын да ішкен пайдалы. Ол үшін дәріханалық қарағай бүршігін, лаванда және түймедағынан 3 ас қасықтан алып, демдеп 15 минуттан кейін ішуге болады.
|