Қарағайлы көдік бойында Қамшым қалды ойымда: Бүлдіргесі бұлан терісі, Өрімі құнан білдің қайысы, Шырмауығы алтын, сабы жез,- Бейазының бойында Күзен, қарсақ жер ме екен!..
Алғаным Әли ағаның қызы еді, Қас арудың өзі еді. Маңдайы күнге тимеген, Желге шашын үрмеген, Серпіліп адам бетін көрмеген, Қалай күні кешті екен! Қосақай, Қосай, Ер Досайдың анасы Хан қызындай сұлтанның Айдындықтай ақ білегін жастанып, Ерең үйін тіктіріп, Омыраудағы он түймесін ағытып, Кейінгі қалған көпекке Қалай да белін шешті екен!..
|