Воскресенье, 07.12.2025, 07:59
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 16
Гостей: 16
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Этикет
« 1 2 3 4 5 6 »
Жүрек тербер, сезім қоздырар қазақтың халық әндеріне, немесе мақал-мәтелдеріне бір сәт көңіл аударып көрелікші. Нені меңзеп, не айтар екен?!
Ана тілі мен қазақ қызы. Маған осы екі сөз бір-бірінен ажырағысыз табиғи тұтасып кеткен киелі ұғым тәрізді көрінеді. Аңғарғанға ананың ақ сүті мен аялы алақанысыз ана тілінің қанат жаюы мүмкін бе, сірә. Меніңше, мүмкін емес.
Мен бұл тақырып бойынша сөз қозғау үшін көп ойландым, көп толғандым. Қазақтың халық өлеңдері мен мақал-мәтелдерін, ертегі-аңыз әңгімелері мен эпостық жырларды, қазақ жазушылары мен жыраулар дүниелерін, ғұламалар толғауларын шарлап шықтым. Өз аналарымыз бен әпке, қарындастарымыздың тағлымға толы табиғатын барлап, көз алдымызда, алақан аясында өскен және білім, ғылым саласындағы қыздарымыз бен немерелерідің алып отырған тәрбиемен өнегесін ой әлемінен өткізіп, саралап шыққандай болдым. ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 1228 | Добавил: модератор | Дата: 12.02.2012

Ұзақ тұрмайды
Кәрі күйеуге жас келіншектің тұрақтауы қиын;
Қызғаншақ ханымға көрікті сұлу әйел қызметкер ұзақ тұрмайды.

Өте сүйкімді
Іске тындырымды әйел;
Тілалғыш ұл;
Көп сөзге жоқ келін;
Қариялармен сөйлескісі келіп тұратын жас жеткіншек-осылардың бәрі де сүйкімді, жүрегіңді жылытып тұрады.

Сүйкімсіз келеді
Бастықтың қабылдауында отырған жағымсыз шенеунік;
Саудайы саудагер секілді кісінің бұлтаң мінез-құлқы сүйкімсіз келеді.
Жақсылық таппайсың
Жанұяның шырқын бұзып екінші рет тұрмысқа шықсаң, жақсылық ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 1008 | Добавил: модератор | Дата: 21.10.2011

Көндіре алмайсың...

Қарияларды өткен күндерін еске алмауға ешқашан көндіре алмайсың.
Ұмыту қиын
Сүйіктіңнің айтқан сөздерін, тар қыспақ қиыншылықта өзіңе көмектескен жандарды ұмыту қиын.
Ұшпаққа жеткізбейді
Үйіңдегі үлкендерге әйеліңнің дөрекі қарым-қатнасқа баруына жол берсең, бұл сені ешқандай жақсылыққа жеткізбейді;
Сөйлеген сайын ант-су ішіп отырсаң;
Әйелдер таныстарын аралап өсек-аяң таратса;
 Зайыбың ылғи ұрыс-керіс шығарып тұрса;
Егер-әкім жұмыс істегісі келмейтін есерсоқтау еріншектермен уақытыңды ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 1025 | Добавил: модератор | Дата: 21.09.2011

Басқан, тұрғаны-пұл,
«Беремін» десең-құл.
Барды жағалап, айналып,
Біреулер кезіп, жортып жүр.

Ыржыңдап келер жаныңа,
Бейне бір адал досындай.
Жолатсаң оны маңыңа,
Жоның бір қалмас осылмай.

Сұлу, сылқым киініп,
Сәлем беріп, иіліп,
Жүргенмен талай адамның
Қалмай ма сыры білініп.


1947 жыл, Отбасы мұрағатынан.

Категория: Этикет | Просмотров: 967 | Добавил: модератор | Дата: 26.08.2011

Шайтан-әртүрлі бейнеде көрінетін, адамды азғырып, күнәға батыруға әрекет жасаушы құбыжық.
Пері-аспанда және су ішінде жүретін зұлымдық күш иесі. Негізінде қыз, әйел бейнесінде көрінеді.
Перизат-періден туған, пері тектес бейне.
Жын-пері-жын мен пері жиынтығы, тобы.
Жын-бақсы мен балгерлерге, диуаналарға қызмет ететін, көзге көрінбейтін зиянды мақұлық.
Әзәзіл-адамды бір-біріне айдап салып, өзара жауықтыратын шайтан.
Ібіліс-адамды пәле, күнә жасауға азғырушы пері.
Әбілет-адамды қылғындырып, тұншықтыратын кесапат.
Сұқ-адамға көз, тіл тигізер қарау бейне.
Шимұрын-адамды жүріп келе жатқан жолынан адастырып, батпаққа батырып өлтіретін шайтанның бір түрі.
Жезтырнақ-ұзын, өткір жез тырнақтарын адамға қадап, кісі өлтіретін әйел бейнесіндегі залым.
Дәу-ересен зор қара күш иесі.
Дию-алып тұлғалы сиқырлы кесір бейне.
Мыстан кемпір-аузы опырайған, шашы жалбыраған, мүсәпір кемпір бейнелі озбыр, көбінесе дәуд ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 1489 | Добавил: модератор | Дата: 06.08.2011

Исламда тамақтанған кезде де әдептілікті сақтау талап етіледі.

Мәселен, сүннетке қайшы келетіндіктен бірінен соң бірін жеп–ішуге болмайтын тағам түрлері бар. Атап айтқанда, балық етімен бірге сүтті, сүтпен жұмыртқаны, сүтпен етті, құырылған етпен асылған етті, сүрленген етпен жаңа сойылған малдың етін араластыруға болмайды. Сонымен қатар, екі ыстық тағамды, екі салқын тағамды, тіске жұмсақтық екі асты, тіске қатты екі асты, асқазанға жеңіл тағам мен ұзақ қорытылатын тағамды бір мезгілде қабылдауға және иістене бастаған тағамды да жеуге болмайды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тұтынбағаны үшін, мешітке барар алдында шикі жуа,  мен сарымсақты қолдануға болмайды;

Егер намаздың уақыты өтіп кетпейтін болып, қарны қатты ашып тұрған болса және намаз оқып біткенше тағам түгесіліп ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 1261 | Добавил: модератор | Дата: 07.06.2011

Адамның қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады.

Әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуінен асса-жарамайды. Өлшеуін білмек-бір үлкен іс. Әуелі-ойланбақ жақсы, бірақ іске тіпті салынып кеткен кісінің ойын билей алмай, қиял болып кеткені де болады. Екіншісі-ішпек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық-бұл нәрселердің бәрінің де өлшеуі бар. Өлшеуінен асырса боғы шығады.

Әрбір қақиқатқа тырысып, еждиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айырылма. Егер ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, онда ол кімге пұл? Өзің құрметтемеген нәрсеге өзгеден қайтіп құрмет күтесің?

Біреуге ызаландырмақ-шариғатқа, шаруаға залал, ақылға теріс.

Көп ақымақтың бір ақымаққа несі жұбаныш.

Үлкендік-адам ішінен өзін-өзі бағалы қылмақ.

Ұят ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 2895 | Добавил: модератор | Дата: 24.05.2011

Өзі алданып, өзгеден соққы жеген
Және өзі біреуді алдай алмас.

Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп қайғы алма.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспес бәйге алма.

Сөз танымасқа сөз айтқанша, өзіңді танитын шошқа бақ.

Сөзіне қарай кісі ал,
Кісіге қарап сөз алма.

Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл-гүл.

Тұрлаусыздың қолынан не келеді,
Ынтасыз қайтіп өнер үйренеді?

Уайым-ер қорғаны; есі барлық.

Уайымсыз салғырттық-дәулеттің, ақылдың, ардың дұшпаны.

Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайда білгені, көргені көп адам білімді болады.

Адамға ғылым-білімді көбейтуге екі қару керек: бірі-пікірлеспек, екіншісі-берік сақтау.

Адамның қызықты нәрсесін іздеген кезі ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 3181 | Добавил: модератор | Дата: 10.05.2011

Жалғасы...
Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.

Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық артық білуге.
Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп қайғы алма.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйге алма.

Сөз танымасқа сөз айтқанша, өзіңді танитын шошқа бақ.

Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл-гүл.

Үш-төрт жылғы әдетің,
Өзіңе болар жөңдетің.

Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондағы білгені, көргені көп адам білімді болады.
Жалғасы...
Категория: Этикет | Просмотров: 1393 | Добавил: модератор | Дата: 01.05.2011

Жалғасы...
Екі кеме құйрығын,
Ұста, жетсін бұйрығың.

Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі есті болады.

Жастықта бір күлгенің-бір қаралық,
Күлкі баққан бір көрер бишаралық.

Керек іс бозбалаға-талаптылық.

Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды-
Әдеті надан адамның.

Көптің аузын күзетсең, күн көрмейсің,
Өзіңді-өзің күзет, кел шырағым!

Кімде кім үйреніп жетпей жатып үйренгенін қойса, оны құдай ұрды.

Қайғы келсе, қарсы тұр құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде.
Сонан тапқан-асыл, тастай көрме.

Қайғы-дертің мейлі мың,
Саудаға салма, өзіңе ар.

Қашан бала ғалым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады.

Қу өмір жолдас болмас, әлі-ақ өтер,
Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер.

Құйрығы шаян, беті адам-
Байқамай сенбе құрбыға.
Жылмаңы сыртта, іші арам,
Кез болар қайда ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 1441 | Добавил: модератор | Дата: 28.04.2011

Адамның адамшылығы-ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан басталады.

Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.

Ақылсыз-шынға сенбей, жоққа сенбек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.

Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.

Ақыл бітпес дәулетке,
Дәулет бітпес келбетке.

Ақыл мен ғылымды күлкі тоздырады.

Асығыс түбі-өкініш.

Арамдықтан жамандық көрмей қалмас,
Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек.

Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең  болмаса, айында бір өзіннен өзің есеп ал.

Жалғасы бар...

Категория: Этикет | Просмотров: 3373 | Добавил: модератор | Дата: 20.04.2011

Марат Тоқашбаевтың "Ерлі-зайыптылық ережесі" атты кітабындағы кеңестерді назарларыңызға ұсынамыз
Күйеуін құрметтеген әйелдің абыройы артық
Әйел адам табиғатында үйдің тіршілігі мен бала табу үшін жаратылған. Сондықтан ері асырайтын болса, жұмыс істеймін демей-ақ отбасы, ошақ қасында бала тәрбиесімен айналысып отырғаны абзал.

Күйеуін билеуге ұмтылу, оны басқаруға тырысу әйел адамға бедел әкелмейді.

Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өз міндетін атқаруы тиіс. Отбасының бірлігін сақтағысы келген әйел кейде естіп тұрып керең, көріп тұрып соқыр болуы қажет.

Балаларын аш қалд ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 1155 | Добавил: модератор | Дата: 09.04.2011

Тамақты отырып, жейді. Бұл бапта үш үш түрлі отырып жеу, сүннет. Алғашқысы-екі  тізесін бүгіп отырады, бірақ қарнын тізесіне тигізбейді. Екіншісі-оң тізесін көтеріп,  сол аяғын бүгіп басып отыру. Үшіншісі- екі тізесін көтеріп қарнына жабыстырып отыру. Сүннетпен отырудың тағы бір түрі, тамақ жеген кезде аяқ киімді шешіп отыру, әрі етегі мен жеңін қайырып алу.
*Ас сыпыра мен дастархан үстіне қойып желінеді. Хан тақтаның (үлкен стол) үстіне қойып жеулеріне де болады. Ей, дәруіш біліп ал! Хан тақтаның үстіне тағам  қойып жеу–патшалардың пейілі. Дастархан жайып тамақтану-ғажамдардың (арабтан басқа ұлттар) пейілі. Сыпырада тамақтану-арабтар пейілі.
*Ас ішетін ыдыстар ағаш немесе шыныдан болғаны сүннет. Алтын немесе күміс ыдыстармен тамақ ішіп-жеу, харам. Қорғасын, мыс секілді ыдыстардан тамақ жеу, мәкрух.
*Дастархан үстінде үлкен к ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 2746 | Добавил: модератор | Дата: 31.03.2011

Қазақ арасында бұрын кездесетін тамыр (анда) болып достасу әдеті қазан төңкерісінен кейін көмескіленіп, ұмытыла бастады. Екі адамның тамыр болып достасуына әр түрлі жағдайлар себепкер болған. Кейде бір-бірімен өте қимас дос-жар адамдар ұрпақтары да ауызбірлікті өзара жақын, жанашыр болуы үшін балаларын достастырады немесе қысталаң шақтарда жанын аямай өлімге бас тігісіп, бірін-бірі тура келген ажалдан, қиындықтан құтқарған, бірінің ауыртпалығын екіншісі көтерген, мүдде-мақсаттары бір арнада тоғысып, бір-біріне қадірі өткен, әбден сыналған адамдар тамыр болып, ғұмырлыққа серттесіп достасады. Тіпті кейбіреулер бірінен-бірі мал, дүние, қыран бүркіт, жүйрік ат, алғыр тазы сияқтыларды қалап алу үшін де достасып тамыр болған.
Тамыр болғысы келгендер бұрын қылыш не қанжар сүйіп, жұрт алдында бұдан былай бізді тек ажал айырсын деп ант беріседі екен. Кейінірек бір-бірімен төс түйістіріп үш мәрте құшақтасатын болған. «Төс түйістірген доспыз» ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 999 | Добавил: модератор | Дата: 21.03.2011

Бұл туралы 19 ғасырда неміс философы И. Канттың мына бір ұсынысы маңызды да:
"…өз ойыңды бұрмалатпай немесе орынсыз талқыға ұшыратпау үшін жалған өсек сөзге әдейі жүгінбей, сөзді сақтана, салмақпен, оның байыбына жете айту абзал;
қарсыңа сырттай араздығың, тіпті жаугершілігің басылмаса да, көзінше мақтама да, арын аттама да;
әрқашан уәдеңде тұруға тырыс, өз сөзіңнің иесі болғын. Біреумен достығың жараспаса, оның бұрынғы сенімі мен ашық мінезділігін өзіңе залымдықпен қарсы қолданудан сақтан;
ойы мен пиғылы теріс адаммен достасудан аулақ бол, сырын білмеген жанмен тек іскерлік қатынаста болған жөн;
біреудің жалаң немесе ашулы пікірінен туындайтын сандырақты анау айтарлықтай көңілде термегін. Өмірмен салыстырғанда оның әлсіздігі әлбетте білінеді;
жылт етер, құбылмалы көрініске қарсы тұрудан тайынба. Көрсеқызарлықтың ықпалы өтімді болып тұрса да, оны адамгершіліктің өсиетіне айналдырма".
Бұл қасиеттерді өз бойыңнан із ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 1476 | Добавил: модератор | Дата: 03.02.2011

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz