-Өнерсіз жан-өнегесіз, оның ешкімге де пайдасы тимейді. Ондайлар бұтасы бар да, көлеңкесі жоқ тікенді шоңайнаға ұқсайды. Өзіне де, өзгеге де пайдасыз болады.-Егер адам текті асылзада әулетінен болса да, өнері болмаса, халықтың ізет-құрметінен мақұрым қалады. Нәсіл гауһарынан да, өнер өрнегінен де құралақан жанның тағдыры одан да жаман болады.-Жаратылысың текті, асылзада, сұлу болғанға мастанба. Өйткені тектілік пен тән сұлулығы, өнерпаздық жан сұлулығымен толықтырылмаған жағдайда, ешнәрсеге де арзымайды. Ұлы дәрежелі болу шыққан тегіңе емес, ақыл-біліміңе байланысты.-Ата-ананың қойған жақсы есіміне де есірме. Ол бір сыртқы сипаттан басқа ештеңе де емес. Қалайда сен өнерлі болып, жақсы атаққа ие болу үшін талаптан.-Егер адам текті асылзада болғанымен, өнері болмаса, оны
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Этикет
|
Просмотров:
1109
|
Добавил:
модератор
|
Дата:
25.08.2012
|
Ақыл-парасат күші-адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш.
Әл-Фараби.
Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста.
Ыбырай Алтынсарин.
Пайда, залалды айыратұғын қуаттың аты ақыл...
Абай Құнанбайұлы.
Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса, Өлген артық дүниені былғағаннан.
Шәкәрім Құдайбердіұлы.
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Этикет
|
Просмотров:
1192
|
Добавил:
модератор
|
Дата:
09.08.2012
|
18 жас пен 20 жастың арасы адамның зердесі мен қисынды ойлау, жұмыс істеу қабілетінің ең күшті кезеңі. Ал, адам 30 жасқа толғанда оның бүкіл қабілеті 4 пайыз кемісе, 40 жасында 13 пайыз, 50 жасында-20%, 60 жасында-25% кемиді екен. Бұдан 10 жылдан кейін, яғни 70 жаста адам өзінің 18-20 жастағы күш-қуатының 60 пайызын ғана сақтап қалатын көрінеді. Қай сағатта қандаймыз?
Жоғарыда жылдар жөнінде айтқан болсақ, ғылым осы жылдарды құрайтын тәуліктің әрбір сағатында адамның әртүрлі күйде болатынын да анықтап отыр. Айталық, сағат таңғы 5 пен 6, сәскедегі 11 мен 12, түстен кейінгі 16 мен 17, кешкі 20 мен 21, түнгі 24 пен 1 аралығында адамның жұмыс істеу қабілеті күшейіп артатын болса, түнгі 2 мен 3, сәскедегі 9 бен 10, түскі 14 пен 15, кешкі 18 бен 19, түнгі 22 мен 23 аралығында бұл қабіл
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Этикет
|
Просмотров:
923
|
Добавил:
модератор
|
Дата:
29.07.2012
|
Жапондар айтатын «Алты қырсық» деген бар екен. Олар: ақылсыздық, ызақорлық, жеңілтектік, нәпсіқұмарлық, солқылдақтық, және дүниеқоңыздық. Осылардың әрқайсысының он сегіз көрінісі бар. Сонда жиыны 108 түрлі болады деп есептейді екен де, солардың бәрін тізбектеп, жазып, әйгілеп қоятын көрінеді. Осыларды күнде құлақпен естіп, көзбен көріп жүрген кісі теріс жолға бара ма?Міне, халықтық тәрбиенің көрнекті түрі қандай әсерлі! Бүгінде жапон елінің өнер-білімнен дүние жүзіндегі өркениетті елдің қатарында алға шығуына, дамуына осы тәрбиенің әсері болмады деп қалай айтарсыз! Дүние жүзі елдерінің көбінде отбасылардың ажырасуы жыл сайын өсіп отырса, жапондарда жұбайлардың ажырасуы мүлде жоқтын қасы екен. Жапон әйелдері ешқашан адам бетіне түсін суытып қарамайды, сөйлескенде әуелі түсін жылытып, күліп қана сөйлейді. Міне, осыдан кейін адамдар арасында ұрыс-жанжал қайдан болсын. Ұрлық істеу, өтірік айту дег
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Этикет
|
Просмотров:
1184
|
Добавил:
модератор
|
Дата:
19.07.2012
|
Ермек Бақтыбай, Атырау қаласының тұрғыны:-Мен денсаулық жайындағы шетел психологтарының кітаптарын көп оқимын. Аттары әлемге әйгілі Луиза Хей, Лиз Бурбо, Курто Теппервайнаның методикаларын оқып отырып, ауырмау үшін былай жасау керек екен-ау деген қорытындыға келдім: 1.Өзіңмен-өзің бол. 2.Өзіңді айналаңдағылардың қалауына қарай күштеп өзгертпе. Жаратылысың қандай болса, сол табиғи қалпыңды сақтағаның жөн. 3. Аурудың себептерін ішкі дүниеңнен ізде. Оған сыртқы факторларды кінәлаушы болма. 4. Барлық аурулар дұрыс ойланбауымыз кесірінен туындайды. Біз өзімізді немесе айналамыздағылардың кешіре білмейміз және дұрыс емес әрекеттерімізді мойындай қоймаймыз.
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Этикет
|
Просмотров:
1427
|
Добавил:
модератор
|
Дата:
05.07.2012
|
Римнің психология институттарының бірінде жасалған тәжірибеде баланың болашақтағы қызмет-мансабы 2-3 жасында-ақ қалыптасатыны айтылады. Дүние есігін ашқан сәттен бастап, сәбиіне еркіндікті, мейірім мен махаббатты мейлінше көп берген отбасының балалары қызметтік өсу жолында кедергіге аз ұшырайды. Өзіне деген сенімділігі мықты қалыптасқан бала кез-келген қиындықты мойымай көтеріп, алға ұмтыла береді. Ал керісінше, қатал тәрбие мен шектеулері көп отбасынан шыққан баланың өмірлік жолы да өте ауыр, тіпті кейде ішкілікке салынып, қаңғыбасқа айналатындары көп кездеседі. Осындай қорытындыға келген психолог мамандар әрбір баланың сенімділігін арттыру арқылы оның болашағына үлкен үлес қосатынымызды айтады. Осы ретте «Баланы бес жасқа дейін патшаңдай сыйла, он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бестен кейін досыңдай сырлас» деген қазақтың бала тәрбиесіндегі ұстанымы еріксіз ойға оралады.
Категория:
Этикет
|
Просмотров:
964
|
Добавил:
модератор
|
Дата:
24.06.2012
|
Өз заманының білгірі болған Қайқауыс патшаның ұлына айтқан өсиет сөздеріне көңіл бөліңіздер. Бүгін біз оқырман «Қабуснама» кітабынан дұшпаннан құтылу жайлы мына өсиетті ұсынбақпыз:-Бірде-бір жанды өзіңе дұшпан етпеуге әрекеттен. Егерде бір кісі саған дұшпан бола қалса, оның әшкере немесе құпия іс-әрекетінен хабарың болсын. Оған қарсы қолданатын шараларыңды ұқыптылықпен ұйымдастыр.-Өзіңді жауыңа мықты көрсет. Әлсіз болсаң да сыртыңды күшті көрсетіп, қайраттана біл, өзіңнің әлсіз екеніңді сездірме. Дұшпанның тәтті, жалған сөзіне көңілің алданбасын. Дұшпаның қанша жақсылық істесе де, одан қауіп-қатерсіз болма, әрдайым сақ бол. Екі нәрседен сақтанған жақсы: бірі-күшті дұшпан, екіншісі-айлалы дос деген.-Дұшпан сені жеңбей тұрып сен оны жеңудің жолдарын ойлан. Егер дұшпаныңды жеңсең, оның әлсіздігін, бақытсызд
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Этикет
|
Просмотров:
1581
|
Добавил:
модератор
|
Дата:
11.06.2012
|
1.Өзіңіз сөйлегенде ойыңызды анық жеткізіңіз.2.Ант ішіп сөйлемеңіз, ол-өтірікшінің әрекеті.3.Өзіңіз толық білмеген сөзге таласпаңыз.4.Тіліңіз шындықтан басқаға қозғалмасын.5.Біреуге тіл тигізіп, сөз тасып, өсек айтпаңыз.6.Білмеген нәрсеге кіріспеңіз.7.Біреудің сөзін бөлмеңіз.8.Біреу жаңылса, сөкпей, жаймен түзетіңіз.9.Өзіңіз қателессеңіз мойындаудан ұялмаңыз.10.Біреудің сөзін қайталамаңыз.11.Үлкен кісілермен биязы сөйлесіңіз.12.Біреудің сұрағына жауап бере алмасаңыз-кешірім өтінсең
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Этикет
|
Просмотров:
963
|
Добавил:
модератор
|
Дата:
03.06.2012
|
«Әдеп әліппелеріне» көз салсаңыз, нешеме ой саларлық пікірлер кездеседіМысалы адам ауруды өз мінезіне қарай табатыны жайында жазылған. Бұл жөнінде ғалымдар мынадай болжам айтады екен:Адамның шектен тыс қуануы немесе күйзелуі-жүрек талмасына әкеп соғады.Үнемі қайғырып, уайымдап жүру-өкпені зақымдайды екен.Ал, ызақорлық, ашуланшақтық-бауырды ауыртады.Қызғаншақтық, біреуді көре алмаушылық-бауыр мен бүйрекке зардабын тигізеді.Жылауықтық-жүрек қабының ауруына шалдықтырады.Шошып, үнемі үрейленіп отыру-өт жолын қабындырады.Біреудің қамын жеп, үнемі шыр-пыр болу-көк бауырдың ауруын туғызуы мүмкін.
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Этикет
|
Просмотров:
1011
|
Добавил:
модератор
|
Дата:
23.05.2012
|
Біреу Платоннан:-Философсыз, ғалымсыз... Соншама көп оқып, қандай шешімге келдіңіз?-деп сұрапты.Ол былай деп жауап беріпті:-Тек қана бір нәрсені білдім, ештеңе білмейді екенмін.***
Диогеннен:-Дүниеде ең қиын нәрсе не?-деп сұрапты.-Өзіңді өзің білу (тану) және сырыңды сақтау,-деп жауап беріпті ол.***
Адамдар Аристотельден:-Сенің өзге адамдардан қандай
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Этикет
|
Просмотров:
2567
|
Добавил:
модератор
|
Дата:
18.04.2012
|
Жалғасы...Еркекке жүрек керек, әйелге тірек керек. Тірі адамның бар бақыты, бар қызығы жер бетінде. Оған көкке ұмтылудың немесе о дүниеден үміт етудің қажеті жоқ. Сол себепті бар терді төгіп, барша ой мен ақылды жұмсап, жер бетін тұрған үйіңді жұмақ ете біл.Ел сыйларлық бағаң болмаса, елге аға болдым деме. Жақсы адам-магнит. Магниттің бірнеше темір шегені өзіне тартып ала алатыны сияқты, жақсы адамның да жанына жұрт көп үйіріледі. Өзің жақсы болсаң-айналаңда досың көп; жаман болсаң-жалғыз жүресің; орташа болсаң-сен де бір жақсының жанын жағалайсың. Досты сырттан іздеме, жақыннан ізде, өзіңнің ішінен, ішкі дүниеңнен ізде. Жаның жақсы, жүрегің жылы, ақылың парасатты болса-іздеген досың алыстан үйіріліп, өзі келеді.
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Этикет
|
Просмотров:
1018
|
Добавил:
модератор
|
Дата:
29.03.2012
|
Жалғасы...Шошаңдаған қыз шешенің атына кір келтіреді.Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді.Маскүнем, жаман бала жақсы ананы ажалынан бұрын көрге кіргізеді.Жаман туыс-тістеуік, жақсы жолдас-үйірсек.Жақсы дос жаман әкеден артық.Үміт күткен ұлы оңбаған болып кетсе-әке сорлы; қызы күйеуге өтпесе-шеше сорлы; сұлу деп алғаны сүйкімсіз боп шықса-жігіт сорлы; қыран деп тигені жапалақ боп шықса-жар сорлы.Ақ көңіл мен адал
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Этикет
|
Просмотров:
1227
|
Добавил:
модератор
|
Дата:
27.03.2012
|
Жалғасы бар... Қыз, әйел, қатын, абысын-ажын, ағайын туралы мақал-мәтелдерді саралай отырып, халық даналығына қайран қаласың. Атам қазақ ешбір жарғы, нұсқау жазып әуре болмай-ақ әрі қысқа нақылдарымен тәрбие-тағылымның тамаша үлгісін түйіп айтып отырған.Осының бәрінде ананың орны айырықша. Барлық ізгілік, мейірім, шапағат адам баласының бойына ананың ақ сүтімен дарыса керек.«Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді». Әрбір ана бойындағы тағдыр берген бар асылын тоғыз ай толғатқан перзентінен аямаған. Олардың арасынан сөз ұстаған ақын да, ел қорғаған батыр да, шежіре шерткен ғалым да, ел қамын жеген дана да, үлгі-өнеге шашқан ұстаз тағысын тағы талай дүлдүлдер мен шешендер, өмір гөй-гөйін түйіндеген шеберлер де шыққан. Ел жұртына ойран салған опасыздар да, қатыгез қара ниеттілер мен халқын қанқақсатқан жауыздарда болған.
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Этикет
|
Просмотров:
975
|
Добавил:
модератор
|
Дата:
05.03.2012
|
Қазақ қыздың өз жұрты мен бірге қайын жұртының да тәрбиеге жауапты екенін қатты сезінеді. Оның қандай елге, қандай отбасына келін болып түсуіне көп нәрсе байланысты. «Жақсы елге түскен келін, келін, жаман елген түскен келін келсап». Бұл жерде қайын ененің рөлі көріне бастайды. Көбінесе «келіннің қайын ене топырағынан жаралғандай» болып келуін қалайды. Шынында көргенді елден шыққан қыздың көсегелі елге тап болуы зор бақыттың кепілі.Жас келіннің бетін ашу рәсіміне қазақ халқы ерекше мән берген. Мұндағы мақсат ақынның астарлы да ойлы, көркем де шебер тілмен жас келінге келген жерінің үлкен-кішісімен, ел-жұртымен таныстырып ізет-құрмет күтуі өзге елдерде бола бермейтін ұлтымызға тән тамаша дәстүрдің бірі. Бұл мәңгі есте қалар, ұмытылмас сәттер. Сондықтан «келіннің бетін кім ашса, сол ыстық» дейтін нақыл сөз көптің көкейінде қалып қойған. Сөйтіп келген жерінің тәрбиелік мектебінен өте бастайды.
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Этикет
|
Просмотров:
1123
|
Добавил:
модератор
|
Дата:
29.02.2012
|
Жалғасы...Қазақ қауымында қыз баланың орны айырықша болған. Оны мынадай мақал-мәтелдерден анық аңғарамыз. Ата-бабаларымыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде бағының ашылуын үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты ла қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген.«Қыз-өріс, ұл-қоныс» деп білгендіктен қазекем өрісін кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөлген. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, «қызға қырық үйден тиым» жасайды. Қыз тәрбиесіндегі жеңге рөлі де таса болмайды. «Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді келеді».Өйткені әке-шеше айта алмайтын сырды жеңге жеткізеді. Қыздың балғын болмыс-бітімі мен тәрбиесінің басы-қасында аяулы жеңгелер жүреді. Сүйген жіг
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Этикет
|
Просмотров:
1167
|
Добавил:
модератор
|
Дата:
27.02.2012
| |