-Дәрігер мырза, тез жете көріңізші. Келіншегімнің соқырішегі ұстап қиналып жатқаны.-Абыржымаңыз, бұдан екі жыл бұрын әйеліңізге операция жасап, соқырішегін алып тастағанбыз. Адамда екінші соқырішек болуы мүмкін емес.-Дұрыс айтасыз. Бірақ, адамның екінші рет үйленуі әбден мүмкін ғой.Ұққан екен...
-Кеше неғып келмей қалдың? Кеш бойы тостым. Жете алмадым емес пе. -Айтып түсіндіргенім қайда: жүз қырық екінші автобуспен, соңғы аялдамасына дейін деп?-Ұқтым ғой, екі сағат санап тұрдым, жүз-ақ автобус өткеннің өзінде әбден қараңғы түсіп кетті.Тіпті балық болып кеткен екенсіз
(«Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелерінен»)Ерте заманда, Адай руының екі әйелі сөйлесіп отырады. Бірі:-Шешей, сіз осы жылына неше рет шомыласыз,- дейді. Екіншісі:-Мен жылына екі рет шомыламын: бірінші рет көктемде Ойылдан өткенде, екінші рет Жемнен өткенде шомыламын,-дейді.-Түу, өзіңіз балық болып кеткенсіз ғой! Мен жылына бір рет те шомылмаймын,-деген екен.
|