Диетологтардың айтуынша жұмыс жасау мен есте сақтау қабілетін арттыру үшін теңіз тағамдарын, жаңғақ, бидай ұнынан әзірленген нан және бауыр етін жеу керек. Бұл тағамдарда В дәруменінің мол қоры бар. Олар күш-қуаттың түзілуіне әсер етеді. Есте сақтау қабілетін жақсартып, ашушаңдықты басады, бас сақинасы сияқты неврологиялық ауруларды да азайтады. Кез-келген аста дәрумендер сақталуы үшін оны мүмкіндігінше қатты қыздырмаған жөн. Теңіз өнімдері мен балдырлар йодқа бай болып келеді, олар қалқанша безінің қалыпты жұмыс жасауына қажет. Йодтың ағзада жетіспеуі әлсіреуге, ісінуге, семіруге әкеліп, есте сақтау қабілетін төмендетеді. Айтылған тағамдарды аптасына 2-3 рет тұтыну керек.
|