 Матаны мұздай суға малып, оны жақсылап сығып, денені орап 1.5 сағаттай жатады. Мұны күніне 2-3 рет қайталайды. Емнің ұзақтығы 3 күн. Айырған тіске аз ғана балара прополисінің кішкене бөлігін басып біраз тұрса, тіс жазылады. Немесе сарымсақ пен пиязды бірдей мөлшерде араластырып, қоймалжың жасайды да мақтамен ауырған тіске қояды. Қоспаға аздап тұз араластырған жөн. Ал енді мына бір қызық әдіс тіс ауруын емдегенімен, жаныңызды жеген азапты тоқтата алады. Ол үшін: тіс ауырған адамға үстіндегі пиджакгін, аяқ киімі мен нәскиін шешуін өтініңіз. Науқастың пиджакті қай қолымен (оң, не сол) шешетіндігін байқап тұрып, осының бәрін бірнеше рет керісінше істеуін талап етіңіз. Тіс ауруы табанда қоятын болады.
|
 ЖаңғақКөзге теріскен шыққан жағдайда оны сығып кетіремін деуге әсте болмайды. Бірдеңе тұрғандай болып, теріскен шығатынын сезген бойда көзге ыстық суға салып сығып алған орамал баса бастау керек, не қазтабанның босаң ертіндісінен немесе бор қышқылының ерітіндісінен шым-шым компресс жасауға болады. Осы арқылы қызарғаны басылып тарауы, не тезірек іріңдеп жарылуы мүмкін. Теріскен екінші көзге «жұқпауы» үшін оны бор қышқылының ерітіндісімен шаю қажет.Бұдан басқадай амал ретінде теріскен «шығайын деп» келе жатқанда 2-3 күн бойында сарымсақтың (бір үлесін) қабығын аршып аз-мұз сөлін жағып қоюға болады. Қырмызыгүлдің 10-15 құрғақ гүлін бір стақан қайнақ суға салып, тұндырып 30-40 минут бұқтырып, сүзіп алып компресс түрінде және әлсін-әлсін шылап алып басуға пайдалануға болады. Мұндайда дәріханадан қыр
...
Толығымен (Подробнее)»
|
 «Инфарктке шалдықпайын десеңіз, аз мөлшерде болса да үнемі балық жеуіңіз керек»-Лейден университетінің ғалымдары жиырма жылдай зерттеу жүргізу арқылы осындай тоқтамға келді. Олар сонау 1960 жылы 852 отбасының күнделікті тамағы мен бұл орайдағы талғамына қатысты сұрастыру жүргізген еді. Зерттеушілердің пікірінше, күніне ең болмағанда отыз грамм балық жейтін адамдардың жүрек ауруларына шалдығуы балықты мүлдем жемейтін кісілерден екі есе кем болған.Балық етін көп жейтін эскимостарда жүрек аурулары аз болатыны көптен белгілі. Сонда балық етінің құпиясы неде? Мұның тиянақты жауабы әлі күнге беймәлім. Бәлкім мұның сыры «омега 3» деп аталатын май қышқылында болар. Балық майында бар бұл қышқыл көкіністе, сояда, жаңғақта болады. Жүрек талмасына себеп болатын қан түйіртпектерінің түзілуіне осы қышқылдың қарсы әрекеті болуы мүмкін. Голландиялықтардың зе
...
Толығымен (Подробнее)»
|
 Итошаған-күрделі гүлділер тұқымдас, қою жасыл түсті бір жылдық өсімдік. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері ұсақ, сары түсті, топталып өседі. Жемісі-ұзынша дән. Шілде-тамыз айларында гүлдейді. Қазақстанның барлық аймақтарында үш түрі кездеседі. Ылғалды жерлерде, өзен аңғарларында өседі. Химиялық құрамы. Итошаған шөбінің құрамында илік заттар, шырыш, эфир майы мен ащы заттар, каротин мен С дәрумені бар. Қолданылуы. Емдік мақсатқа өсімдік шөбін, жапырақтары мен тамырын пайдаланады. Шөбі мен жапырақтарын алғашқы гүлдеу кезеңінде, ал тамырын күзде жинайды. Итошаған халық медицинасында кеңінен қолданылады. Ол тәбет ашып, ас қорытуды жақсартады, тері аурулары кезінде зат алмасуын қалыпқа келтіреді, тер мен несептің бөлінуін арттырады, қан кетуді тоқатып, жүйке жүйесін тыныштандырады. Шөбінен жасалған қайнатындынытәбет ашып, ас қорытуды
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Қадірменді оқырмандар, бірсыпыра дәрігерлік және басқа да кеңестер түрлі баспасөз беттерінен алынғанын жасырудың қажеті жоқ. Күдіктенген жайларыңызды сала мамандарынан сұрап білген артық емес. Ал енді тамақ ішу жайлы оқып көріңіз. Сымбатты мүсінің бұзбай аздап болсын арығысы келетіндерге айтылатын ақыл-кеңесте шек жоқ. Қазіргі уақытта білгірлердің, диетолог-дәрігерлердің ақыл-кеңестерінің қымбатшылық кезде артық та болып көрінуі мүмкін. Дегенмен... Ең әуелі есте ұстайтын қарапайым бір ереже-түрегеп тұрып тамақ жемеу керек екен. Халқымыздың қағидасында түрегеп тұрып, жүріп келе жатып тамақ жеу ерсі саналады. Көшелерде мұндай қағидаларды елемейтіндердің етжеңді адамдар екенін аңғарған шығарсыз
...
Толығымен (Подробнее)»
|
 Алмұрт-раушангүл тұқымдас, жапырақтары сопақша әрі жылтыр келетін ағаш. Гүлдері ақ түсті, биіктігі 25 мертге дейін жетеді. Май айынан бастап гүлдейді де, август-октябрь айларының аралықтарында жеміс береді. Алмұрттың жабайы түрі-еліміздің орталық және оңтүстік айдандарында, сондай-ақ Қазақстан мен Орта Азия да өседі.Химиялық құрамы. Алмұрттың құрамына қант (6-10 пайыз), органикалық қышқылдар (негізінен алма қышқылы), азотты, пектинді және илік заттар, фитонцидтер мен А мен В тобындағы витаминдер, С витамині кіреді.Қолданылуы. Емдік мақсатқа жаңа піскен немесе кептірілген жемісін және жапырақтарын пайдаланады. Пісірілген және қуырылған алмұртты қатты жөтелгенде, деміккен
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Жалбыз-ерінгүлділер тұқымдас, бұта тәрізді сұрғылт-жасыл түсті өсімдік. Сабағы төрт қырлы жапырақтары мен бұтақтары көп. Сопақша жапырақтарының ұзындығы 10 сантиметрге жуық. Гүлдері негізінен көк, күлгін түсті, аздаған ақ және алқызыл гүлдері де болуы мүмкін. Екі ерінді төмен қарай өсетін гүл қуашақтары бар. Жемісі-шар тәріздес төрт жаңғақ. Биіктігі-20-50 сантиметр. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Қазақстанның оңтүстігінде кездеседі. Эфир майын алу және дәрі жасау үшін ол Молдавия мен Украинада, Краснодар өлкесінде өсіріледі. Химиялық құрамы: Жалбыз жапырақтарының құрамында эфир майы, илік заттар, алколоидтар мен кейбір қышқылдар бар. Қолданылуы: Емдік мақсатқа жалбыздың жапырақтарын пайдаланады. Оның тұнбасын залалсыздандыратын, тер басатын, ауруды асқындырмайтын дәрі ретінде ауыз уылғанда, қызыл иек қабынып, одан қан кеткенде, тіс ауыр
...
Толығымен (Подробнее)»
|
 Бірсыпыра кісілер шипалы қасиеті бар өсімдіктер жайлы білгісі келеді. Оның ішінде көздері көрмеген, құлақтары анда-санда ғана естіген адыраспан не дейді. Адыраспан-түйетабандар тұқымдас, тарамдалған бұтағы мол көп жылдық шөптесінді өсімдік, жапырақтары кезектесе бітеді. Бозғылт-сары гүлдері жеке-жеке өседі. Жемісі-қоңыр түсті ірі ұрығы бар, диаметрі 1сантиметрдей шар тәріздес қауашақ. Биікгі 30-60 сантиметрдей, май-июль айларында гүлдейді. Қазақстанда, еліміздің европалық бөлігінің оңтүстік белдеулерінде, Кавказ бен Орта Азияда кездеседі. Негізінен сортаң далаларда, елді мекендерге таяу алқаптарда, сондай-ақ құрғақ, тасты беткейлерде өседі. Химиялық құрамы. Адыраспанның құрамында улы гармин және гармалин алкалоидтары, ал гүлі мен бұтағында пеганин алкалоиды болады. Адыраспан-улы өсімдік, сондықтан оны тек дәрігердің нұсқауымен ғана пайдалануға болады. Қ
...
Толығымен (Подробнее)»
| |