-Шын көңіліңізбен күлімсіреп жүруді және жүрегіңізді махаббатқа толтыруды ұмытпаңыз. Бұл барлық аурулардың алдын алады.-Егер Сіз үнемі қайғыға салынып, ашуланып немесе жабырқаңқы көңіл-күйде жүретін болсаңыз органдарыңыз у бөле бастайды. Ал егер күлімсіреп жүрсеңіз бал секілді ағзаға пайдалы сұйықтық бөлінеді. -Қай жерде, қандай жағдайда жүрсеңіз де күлімсіреп жүруді әдетке айналдырыңыз. Сонда бойыңыздағы жағымсыз әсерлердің бәрін жоятын боласыз.-Аз сөйлеп үйреніңіз және қай жерде қалай сөйлеу керектігін алдын-ала ойланып алыңыз. Ойланбай айтылған бір ауыз сөз келесі адамның денсаулығына кері әсер етуі мүмкін екенін ұмытпаңыз.-Өткеніңізді ойлап немесе келешегіңізді уайымдап мазасыздыққа салынбаңыз.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Құлақ ауырғанда және шуылдағанда пияздан жасалған ботқадан тампон жасап, құлақ қуысына қойып емдеуге болады. Сондай-ақ пияз ботқасы үсіп қалғанда және күйіктің жеңіл сатысында да жақсы көмектеседі. Оны қан кетуден қалған қара дақтарды кетіру үшін де пайдалануға болады.
|
Ақпарат құралдарында бұл жөнінде деректер көп-ақ. Солардың біріне назар салыңыз. Белгілі әнші Эдита Пьеха 80 жастан асса да әлі күнге қартаймаған. Ол жас кезінен бастап таза, жуылған бетіне өзі жеген жеміс-жидекті жағуды ұмытпаған. Бетті немен жуған десеңізші? Сұлының суымен. Жалпы, көптеген әртістер беттерін газдалмаған минералды сумен жуады. Кейде бұларды мұздатқышқа қоятын ыдысқа құйып, қатырып, мұз күйінде бетке жағуға да болады. Сонда әжіміңіз тартылып, бет теріңіз жұмсарады.
|
Мынадай кеңес бар екен: дегенмен дәрігеріңізбен ақылдасып жүріңіз. Бұл бірнеше рет ескертілгенін ұмытпағайсыз:-Кәдімгі қызылшаны үккіштен өткізіп, ол батып тұратындай көлемде үстінен қайнаған су құю қажет. Ыдысқа қақпақпен мықтап жауып, үш-төрт сағат тұрған соң тұнбасымен тамақты әр 2 сағат сайын шайып тұруға болады. -Баланың баспасы (ангинасы) ісінгенде қырыққабаттың жас жапырағын жылытып алып, тамақ айналасына жылы орамалмен таңып қойса, ауырғанды басады..-Ересектер үшін грек жаңғағының сынбаған жарты қабығына сарымсақты салып, бас бармаққа тануға болады. Ол ауырғанды басатын қасиетке ие.-Әр 2 сағат сайын дәрілік шөптердің тұнбасын да ішкен пайдалы. Ол үшін дәріханалық қарағай бүршігін, лаванда және түймедағынан 3 ас қасықтан алып, демдеп 15 минуттан кейін ішуге болад
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Диетологтардың айтуынша жұмыс жасау мен есте сақтау қабілетін арттыру үшін теңіз тағамдарын, жаңғақ, бидай ұнынан әзірленген нан және бауыр етін жеу керек. Бұл тағамдарда В дәруменінің мол қоры бар. Олар күш-қуаттың түзілуіне әсер етеді. Есте сақтау қабілетін жақсартып, ашушаңдықты басады, бас сақинасы сияқты неврологиялық ауруларды да азайтады. Кез-келген аста дәрумендер сақталуы үшін оны мүмкіндігінше қатты қыздырмаған жөн. Теңіз өнімдері мен балдырлар йодқа бай болып келеді, олар қалқанша безінің қалыпты жұмыс жасауына қажет. Йодтың ағзада жетіспеуі әлсіреуге, ісінуге, семіруге әкеліп, есте сақтау қабілетін төмендетеді. Айтылған тағамдарды аптасына 2-3 рет тұтыну керек.
|
-Шетелдік мамандардың айтуы бойынша, адамға В тобының дәрумендері жетіспейтін болса, зәрінің түсі ақшыл келеді екен. -Көңіл-күйі болмай тұрған адам әдемі болып көрінбейді. Сондықтан күніне 7-8 сағат ұйықтап, ұйқыны қандырып тұру маңызды. Темекі шегетін және алкогольді ішімдік ішетін адамдардың беті сергек болып көрінеді. -Теріні балғын күйінде сақтау үшін міндетті түрде таңертеңгілік жаттығу жасап, салқын душ қабылдау керек. Бетті жуып болғаннан кейін оны сүртпестен үстіне ылғалдандырғыш крем жаққан дұрыс. -Артық салмақ адамды өз жасынан егде етіп көрсетеді. Сондықтан жас кезден тамақты тарта жеп, спортпен шұғылдануды әдетке айналдырыңыз.
|
Білмей тұрып, билік айтпа.(А. Құнанбайұлы).
Өмірде түсе көрме қисық жолға,Қисық жол апарады терең орға.Түскен соң терең ордан шығу қиын,Сондықтан өміріңді терең ойла.(А. Құнанбайұлы).
Ақырын жүріп , анық бас,Еңбегің кетпес далаға.(А. Құнанбайұлы).
Тілді ноқталасаң, басың сақталады.
|
Салауатты өмір сүргісі келген жандар әрдайым тазалық сақтайды.Қыстыгүні терезе әйнегіне адамның қиялын тербеп әрі бөлменің ішін ұядай етіп көрсетіп тұратын қырау қатады.Бірақ ол қыста онсыз да аз күн сәулесін түсірмейді, оның үстіне еріп, жақтауды, еденді біртіндеп шірітуі мүмкін. Терезеге қырау тұрмас үшін қос терезе арасына ертеден ылғал сіңіретін мақта не ағаш үгіндісін салатын болған. Ылғалды жақсы сіңіргіштердің қатарында құрғақ ас тұзын және одан гөрі хлорды кальцийді айтуға болады.Ал терезеңіз қазіргідей бұрандалап бекітілген екі жақтаудан тұратын болса, ілгерідегі әдістердің ешқайсысы келмейді. Мұның айырықша амалы жақтаулар арасындағы кеңістікке... сыртқы суық ауа кептелетіндей жағдай жасау. Бұл үшін сыртқы жақтауды бірнеше тұсынан жіңішке бұғымен тесу керек болады. Сырттан келген суық әрі құрғақ ауа б
...
Толығымен (Подробнее)»
|
АҚШ-тың Калифорния Университетінің мамандары ауыр жұмыс күнінің адам денсаулығының бұзылуына бірден-бір себеп екенін анықтап отыр. Олардың зерттеу нәтижелеріне қарағанда, аптасына 41-50 сағат жұмыс істейтін адамдар 40 сағатқа дейін жұмыс істейтіндермен салыстырғанда қан қысымының жоғарылығына көбірек шалдығады екен. Ал 50 сағаттан артық жұмыс істейтіндерге бұл көрсеткіш тіпті де жоғары болатыны дәлелденген.Жалпы, зауыттарда, кеңселерде кешке дейін жұмыс деп жүріп қалатындар, жұмыс кезінде тамақты ретсіз, асығыс ішетіндер гипертонияға жиі шалдығатыны анықталған. Ондайлар сонымен қатар түрлі жарақаттар алуға, жүрек талмасына ұшырауға бейім келеді екен. Ғалымдар сондай-ақ жұмыскерден жоғары интеллектуалдық ширығуды талап ететін, бірақ оған жұмыс жағдайын өзгертуге мүмкіндік беретін міндеттер оны қан қысымының жоғарылауынан сақтайтынына да көз жеткізгендер
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Бүйректегі тасты кетіру үшін жалбызды қайнатып, шай орнына ішуге болады. Жүгерінің кептірілген жібек шашағын да шай орнына ішіп жүру жақсы көмектеседі.***
Суықтап қалған жас балаларға бір апта бойы жатар кезде көк түсті пиязды аз мөлшердегі суға қайнатып, сол суды ішкізу керек.
|
Көздің астыңғы жағына жарты ай тәрізді білеуленген әжім түсуі-бүйрек, қуық, жүрек ауруларының белгілері, мұрынның қырына «+»формалы әжім түсуі жұлын немесе бүйрек бөлімінде ауру пайда болуынан хабардар етеді. Маңдайына әжім түскендердің шекесі ауырғыш келеді. Оң жақ бетіндегі әжімнің сол жақ бетіндегіден терең болуы-бауыры ауырады деген сөз. Маңдайдағы әжімдердің бір-біріне ұласпай, толқын сияқты болып тұруы-жабығу ауруына шалдығып, көңіл күйі тұрақты болмауының белгісі. Мұрыннан ерінге дейін ұзын, көлбеу әжім түссе, жүрек ауруынан хабардар етеді. Маңдайына орақ формалы әжім түсуі-аяғында ақау бар екендігінің белгісі. Ерінге ұсақ әжім түсуі асқа
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Бұл өте жиі кездесетін сырқат. Науқастың дене температурасы бір аптаға дейін 38 градустан аспай тұрады, бұл кезде вирус денені улай бастаса да ол аса қатты білінбейді. Кейін үздіксіз құрғақ жөтел пайда болады. Адам демікпемен ауыратын болса, ауруы асқынып кетеді. Бұл сырқат соңы өкпе қабынуына да соқтырады. ... Жалпы, жедел-өтпелі тыныс жолдары ауруларының қайсысына болса да немқұрайды қарауға болмайды. Сондықтан одан өз бетімен емделген дұрыс емес, міндетті түрде дәрігерге көрінген абзал. Бактериялар мен вирустар өте жұқпалы келеді. Ол науқас адамның төңірегіндегілерге тез жұғады. Әсіресе ауырудың алғашқы екі-үш аптасында қауіпті. Сондықтан дәрігер жәрдеміне жүгіну науқастың өзі үшін ғана емес, оның айналасындағыларға да аса маңызды екенін естен шығармағайсыз.
|
Ішімдікке әуес жандар қан қысымының ауруларына жиі ұшырайды әрі өкпе қабынуымен 3-4 есе артық ауырады екен.
***
Маскүнем әйелдерден туған балалардың жартысына жуығы дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларда шетінейді. Шетінеуге нәрестенің миындағы ісікті сырқаттар себепкер болады.
***
Аз да болса ішімдік ішетін әйелдердің дүниеге әкелетін сәбилерінің 100 пайызының: 89-ы әлсіз, 84-і психикалық ауытқушылықпен, 84-і көлемді баспен, 80-і тіл кемістігімен, 80-і терідегі зақыммен, 51-і қисық саусақтармен, 46-сы дене мүшелеріндегі кемістік-саңырауқұлақпен, 29-ы тумысынан жүрек ауруымен, 25-і көру қабілетінің нашарлағымен, 10-ы бүйрегі толық жасамайтын күйде туылатынын медицина
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Қадірменді Лаура, Анар! Біріншіден жоғарыда көрсетілген сауалдарыңыз Сіздердің денсаулық жайына көңіл бөліп жүргендеріңізді көрсетеді дер едік. Бұл үлкен жақсылық. Қамданған қапы қалмайды. Ал енді, екіншіден айтарымыз, мамандармен сөйлескен едік, сіздердің «мұрындарыңызды көріп, сөйлеспей ештеңе айта алмаймыз, кейбір әдістер бойынша полип тым болмаса екі сантиметрге кішірейетін болса, мұрын арқылы тыныс алуы мүмкін болады. Бірақ, өкінішке орай, көлемі кішірейгенмен, полип сол орнында қала береді. Ол, енді, полип пе, басқа бірдеңе ме көріп білуіміз, талдауымыз қажет қой. Мұңсыз не дейміз?»-десті. Мұрын мен беттің қызаруын да сол маман-дәрігерлерге қаралып ем алған өте дұрыс көрінеді. Сондықтан күнде ертеңге қалдыра бермей дәрігерлерге барыңыздар. Құрметпен модератор.
|
Денсаулық туралы ең көне ғылым-Аюрведа-сүтті ғаламдағы ең құнды өнім деп есептейді, себебі ол адамның физикалық және рухани дамуына жағдай жасайды-сүт психаканың бұзылуымен байланысты ауруларды: ашушаңдық, тынышсыздық, зорығуды емдейді, ұйқы қашудан арылтып, тыныштандырады.Ұзақ жылдар бойы сүт тағам ретінде ғана емес, ем ретінде де қолданылып келді. Академик И. П. Павлов: «Сүт-ең жеңіл тағам, әлсіз және науқас асқазанға да, бірқатар жалпы ауыр дерттерге де қолдануға келеді»,-деп жазған еді. Профессор С. П. Боткин сүт бауыр және бүйрек ауруларын емдеуге көмектеседі деп санаған. Ежелгі дәрігерлер де сүтті ем ретінде санаған: Гиппократ оны көк жөтел науқастарға берген, Авиценна сүттің әлсіз балалар үшін пайдалылығын айтқан. Аздап қант қосылған сүт-бронхитке қарсы қолданылатын тамаша құрал. Тек бір сүттің көмегімен тыныс алу жүйесін және асқорыту жүйесін емдеуге болады. Емдік шөптер мен дәмдеуіш қ
...
Толығымен (Подробнее)»
| |