Воскресенье, 07.12.2025, 06:31
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 6
Гостей: 6
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Салауатты өмір салты
« 1 2 ... 7 8 9 10 »
Техникалық прогрестің қауырт дамуы адамның денсаулығына әркезде бірдей пайдалы деуге әсте келмейді. Әсіресе балаларға қатысты бұлай деуге болмайды. Жапония білім министрлігінің балабақшалар мен мектептердегі бір миллионнан астам балалар мен жеткіншектердің арасында жүргізген зерттеулері ілгерідегідей қорытындыны тағы да растай түседі.
Мемлекеттік Эн-Эйч-Кей телекорпорациясы орта мектеп оқушыларының 60 пайызының дерлік көздерінің көруі нормадағыдан үштің бір үлесіндей кемігенін хабарлаған. Әсіресе жоғары кластар оқушыларында бұл жағдай өте-мөте анық байқалады. Олардың көру қабілеті дұрыс болып шыққандары отыз пайызға дейін де жетпейтін болған.
Жеткіншек ұрпақтың көру қабілеттері нашарлауының басты себептерінің бірі қазіргі балалардың телемониторлар экрандарының алдында тым көп уақыт өткізетіндігінен дейді министрліктің мамандары.    ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 848 | Добавил: модератор | Дата: 10.05.2010

Ол үшін өсімдік майы, асбұршақ (фасоль), майсыз сүт, картоп, қызанақ, банан, балық сияқты азық-түлікті күнделікті тамақта көп пайдалану қажет. Мұндай калориясы аз тағамдар адам өмірінің ұзаруына септігін тигізеді екен.

Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 938 | Добавил: модератор | Дата: 10.05.2010

Бас аман болса, бөрік табылады.
Қорқыт ата

Жігіттің дені сау болса, сол-дәулет.
Құтып

Жігітке дәулет те көп, байлық та көп,
Қызығы дүниенің-есен-саулық.
Төреқожа Ханқожаұлы

Жігітке мықты дәулет амандығы,
Қанағат барға етпесе надандығы.
Нұржан Наушабаев

Ауру-сырқаудан сау дене дұрыс рухтың жемісі болып табылады.
И. П. Павлов

Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты.
А. Шопенгауэр

Адам үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ.
А. А. Семашко

Мен қимыл-қозғалысты кәрілікпен күресудің ең тиімді құралы деп білемін.
В. В. Гориневский
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 13200 | Добавил: модератор | Дата: 17.04.2010

Арпа сұйығы сары қышыманы, бидай сұйығы қара қышыманы құртады. Егер арпа кебегін қазанға салып жақсылап қайнатса, бұл аяқ сүйегі әлсіз, немесе аяғымен тік тұра алмайтындарға өте пайдалы. Егер бірер адамның аяғы, не тізесінде жарақат болса, онда аяғын арпа суына салған абзал. Сонда ол түзеліп кетеді. Бидай кебегі де дәл осылай емге жарайды.
С. Мұқтарұлы
Әзірлеген М. Қалибекқызы
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 2060 | Добавил: модератор | Дата: 10.04.2010

Түсті капуста (көпжапырақ) қараймай аппақ қалпын сақтау үшін, ол қайнай бастаған кезде суға бір шағым қант салып жіберу керек.
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 1073 | Добавил: модератор | Дата: 26.03.2010

Киімге жаңа тиген сия дағын сүтпен жуса тез кетеді.
Алтын түстес бояуға боялған рама, айна, клавеш сүтпен жақсы тазаланады.
Терезе перделерін жуғанда, оларға нілге малатын суға аз ғана сүт қосса, өңі жаңарады.
Крахмалға кішкене сүт қосса үтіктеген кезде бұйымның түсі жылтырап, өңі кіреді.
Қышаны судың орнына сүтке езсе, жақсы сақталады, кеппейді.
Етік тазалайтын майға бірнеше тамшы сүт қосса, май былғарыға тез сіңеді және ол жалтырап кетеді.
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 892 | Добавил: модератор | Дата: 25.03.2010

Ыстық күндері май салынған ыдысты тұзды суға малынған шүберекке орап қойса, май ерімейді.
Тағам қуырған кезде, табаға кішкене тұз сепсеңіз, май шашырамайды.
Духовкаға қойған печенье күйіп кетпес үшін форма астына аздап тұз салу керек.
Балдыр иісі шыққан балықты тұзы езілген салқын суға  салып қойса, жаман иіс кетіп қалады.
Балық тазалаған кезде қолды тұзға батырып алу керек-бұл еңбекті жеңілдетеді.
Қабығы жарылған жұмыртқаны тұзды суға салып пісірсе, ақпайды.
Овощтағы (көкеніс) жәндіктерді тазарту үшін оны пісірер алдында тұзды суға батырып алу керек.
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 920 | Добавил: модератор | Дата: 25.03.2010

Ара балының құрамында адам организміне (ағза) пайдалы 60 түрлі зат бар, мысалы, глюкоза, минералдық тұздар, ферменттер, дәрумендер, радиоктивті және басқа да заттар бар.
Бал асқазан жұмыстарын тәртіптейді. Таңертең күн сайын бір стақан суға бір ас қасық бал салып ішсе өте пайдалы.
Бал бала ағзасының түрлі ауруларға қарсы күресуін арттырады, гемоглобиннің процентін көбейтеді. Балды әсіресе сүтке және жеміс-жидек тағамдарына қосып жеген пайдалы. Жатар алдында стақан суға  бір қасық бал салып ішсе адам жақсы ұйықтайды.
Халық медицинасы өкпе туберкулезін және басқа өкпе ауруларды балды сүтке немесе май          ға қосып емдейді.
Бал адамның бетіне нәр беру үшін емдеу косметикасында пайдаланылады. Ол беттің өңін кіргізеді. Бір ж ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 1762 | Добавил: модератор | Дата: 25.03.2010

Сельдерейдің  шатырша гүлдер тұқымдас, сабағы бұтақты өсімдік. Тамыры ақ түсті болады. Жапырақтары әр түрлі. Гүлдері ақ, ұсақ, шоқталып өседі. Жемісі-қосарлы дән. Биіктігі 30-70 сантиметр.
Маусым-шілде айларында гүлдейді. Көкөніс ретінде барлық жерлерде өсіріледі.
Химиялық құрамы толық зерттелмеген. Өсімдіктің құрамында көп мөлшерде калий мен натрий тұздары, эфир майы мен дәрумендер (витаминдер) бар.
Қолданылуы. Емдік мақсатқа тамырын, жапырағы мен дәндерін пайдаланады. Жапырағын маусым-шілде, дәндерін тамыз-қыркүйек айларында, ал тамырын күзде жинайды.
Сельдерейдің дәрілік қасиеті өте ертеде белгілі болған. Тамыры, жапырағы мен сабағы тәбет ашады, іштегі ауаны шығарады, нерв жүйесін нығайтады, несептің бөлінуі мен етеккірдің келуін күшейтеді. Сондай-ақ, сельдерейде аздап іш жүргізетін, ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 1534 | Добавил: модератор | Дата: 16.03.2010

Қабығын аршыған шикі картопты ет тартқыштан өткізіп, салқын суға салып жуып, қолма-қол дәкеге сүзіп, суын тұндырып қойса, крахмалы ыдыстың түбіне шөгеді. Осы кезде суын төгіп тастап, крахмалын кептіріп, шыны ыдысқа салып сақтап қою керек. Соның 100 грамын жарты килограмм балға араластырып, күніне ас ішердің алдында жарты сағат бұрын бір шай қасықтан 3 рет жесе асқазан, ұлтабар жарасын емдеуге таптырмайтын ем.
100 грамм крахмалды 100 құмшекерге араластырып келіге түйіп, күніне бір шай қасықтан 3 рет ішіп жүрсе, асқазан, ұлтабар және ішектегі жараларды жазады.
Ал асқазан қышқылы көбейгенде бір шай қасық крахмалды қайнатып, суытылған бір стақан суға салып араластырып, күніне 50 грамнан үш мезгіл ішіп жүрсе, асқазан қышқылын қалыпты жағдайға келтіреді.
Әрине, дәріг ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 1181 | Добавил: модератор | Дата: 24.02.2010

Егер сізге ұйықтағанда қорылдайтыныңыз туралы ескертулер жасалса, одан құтылудың жолы оңай. Ең қарапайым тәсілі-бірнеше жастық қойып, басыңызды жоғарылатып жату. Бас неғұрлым жоғары болса, тыныс алу жолдары ашылып, еркін дем аласыз.
Қырыққабаттың да (капуста) қорылдан құтқаратын қасиеті бар. Күнде ұйықтар алдында қырыққабаттың шырынына 1 ас қасық бал араластырып ішіңіз. Осылайша бал қосылған қырыққабат шырынын 1 ай бойы үзбей ішіңіз.
Қорылдан құтылудың тағы бір жолы-күніне 3 рет тамақ алдында пісірілген сәбіз жеу.
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 1710 | Добавил: модератор | Дата: 24.02.2010

Сұрақ (17 қаңтарда түскен): Жаңғақтың пайдалы түрі, аты қандай?
Жауап: Грек жаңғағы (орех грецкий) Халық медицинасында одан жасалған препараттарды ішкі жараларға, мешелге, сары ауруларға, ішек құртына, қанның азаюына, қарын мен ішек қабынуына және іш өтуге қарсы пайдаланады. Сонымен қатар ол зат алмасуының бұзылуы салдарынан пайда болатын созылмалы буын ісігіне, теміреткі сияқты кейбір тері ауруларына, витамин жетімсіздігіне таптырмайтын ем. Ол ішек құртының түсуін де тездетеді.
Грек жаңғағының жапырақтарынан туберкулездің түрлі формулаларын емдейтін карион препараты жасалады.
Сондай-ақ оның қайнатындысымен сары ауруды, етеккірдің мезгілінде келуінің бұзылуын, мешелді емдеуге болады.
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 1355 | Добавил: модератор | Дата: 24.02.2010

Сүндетке отырғызу дәстүрінің тамыры тым терең, ғасырлар қойнауына кетеді екен. Оған осыдан бес мың жыл бұрын Египет жеріндегі жартастарға салынған суреттер мен иероглифтер мысал бола алады. Сүндетке отырғызу мағнасын білдіретін Zircumzisia деген латын сөзінен шыққан сүндеттеу алғашқы кездері арабтарда діни наным-сенім ретінде жүзеге асырылған. Уақыт өте келе сүндет ислам дінін қабылдау үшін жасалатын дәстүрлі салттың біріне айналады. Сүндетке отырғызылған ұлдар нағыз мұсылман, әрі нағыз жігіт деп саналған. Ғалымдар сүндеттеу салтының мұсылман әлемінде, египеттерде исламның дін ретінде қалыптасуынан әлдеқайда бұрын болғандығын ежелгі нақты құжаттар арқылы дәлелдеген.
Кейінгі кездері бұл мұсылмандық салтына дәрігерлер көңіл аударып, сүндетке отырғызудың пайдалы екендігіне көз жеткізеді. Сүндеттелген ұлдарға өз жыныс мүшелерінің тазалығын қадағалау, оның күтімі әлдеқайда жеңіл де қолайлы болады. Оның үстіне инфекцияның пайда болуы бір ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 1706 | Добавил: модератор | Дата: 23.02.2010

Күніне үш жаңғақ шағып жейтіндер басқаларға қарағанда орта есеппен жеті жыл ұзақ жасайды. Американ ғылымы Гарри Фразер жуырда осындай қорытындыға келді. Мұның себебін ол жаңғақ дәнінде жүрек пен қан тамырларын холестериннің зиянды әсерінен қорғайтын  қышқылдардың болуынан деп түсіндіреді.
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 1132 | Добавил: модератор | Дата: 06.02.2010

Адонис весенний-көктем жұпаргүлі
Аир болотный-айыр (андыз тамыр айыр)
Алтей лекарственный-дәрілік жалбызтікен
Бадан толстолистный-отжапырақ бадан
Белене черная-қара меңдуана
Береза повислая-қотыр қайың
Василистник вонючий-сасық маралоты
Гармала обыкновенная-кәдімгі адыраспан
Горец змеиный-шаянмойын таран
Горец печечуйный-аяланшөп тараны
Горец перечный-бұрыш тараны
Горец птичий-қызыл таспа таран
Девясил лекарственный-дәрілік түйежоңышқа
Дуб черешчатый-кәдімгі емен
Дурман обыкновенный-кәдімгі сасық меңдуана
Дурнишник обыкновенный-кәдімгі сарысояу
Душица обыкновенная-кәдімгі жұпаргүл немесе киікоты
Живкость спутанная-күмән тегеурінгүл
Жостер слабительный-ішдәрі қаражеміс
Зверобой продырявленный-шілтер жапырақ шаңқурай
Зизифора-киікоты
Иван чай узколистый-жіңішке жапырақты иваншәйі
Калина обыкновенная-кәдімгі шәңкіш
Кендарь ланцетолистны ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 5523 | Добавил: модератор | Дата: 06.02.2010

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz